құстар біздің досымыз

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Экология негіздері

Сабақтың тақырыбы: Құстар біздің досымыз

Сабақтың мақсаты: Табиғат байлығын қорғау, құстардың тұрмыс – тіршілігімен танысу, көркем сөздермен сөздік қорын молайту. 1. Білімділік: Балаларға жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсіндіру; 2. Дамытушылық: Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой – өрісін дамыту; 3. Тәрбиелілік: Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ – жауап, ойын, түсіндіру, көрнекілік әдістер, теледидардан құстар жайлы диафильм .
Сабақтың көрнекілігі: : Дала, үй құстары, қыстайтын құстар, құстардың дыбысы жазылған таспа, «Табиғат» туралы сызба.
Сөздік жұмыс: көгершін – бейбітшілік құсы

Полилингвалды компонент:құстар-птицы-birds, қарлығаш – ласточка-swallow, қараторғай – скворец-starling, т. б.

Сабақ кезеңдері Жоспарланған әрекет Ресурстар
Мотивациялық-қозғаушылық Психологиялық сәт.
Сұрақ – жауап.

● Табиғат дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?
● Өлі табиғатқа нелер жатады?
● Тірі табиғатқа нелер жатады?
● Табиғат құбылыстарына нелер жатады?
«Табиғат» атты сызбамен жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал енді өсімдіктер мен жануарлар туралы қаншалықты білетінімізді «Кім жылдам?» ойынымен байқап көрейік. /Топқа бөлу. Жауап берген балаларды жұлдызшамен бағалау/.
Сайыс түрлері
1. Жеміс ағаштарын ата
2. Көкөністерді ата
3. Үй жануарларын ата
4. Жемістерді ата

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Бізді қоршаған орта:

жан-жануарлар мен өсімдіктер,

Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Өлі және тірі табиғат

Өлі табиғат

Жер, су, топырақ, ауа, күн, жұлдыз
Тірі табиғат
ТАБИҒАТ

адамдар
Өсімдік ——– Ағаштар,
——————- Бұталар,
——————- Шөптер

жануар ——– Сүтқоректілер,
——————- Құстар,
——————- Бунақденелілер,
——————- Жәндіктер
ойын ойнайды. Сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастыру-іздестіру – Балалар, енді мынау тақтадағы сөзжұмбақтар шешіп көрейік. Егер дұрыс шешсек, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.
Қ
Ұ
С
Т
А
Р
1) Түгі қара мамықтай, төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды, көктен жұлдыз аққандай(қарлығаш)
2) Тал басында, түндіксіз отау(ұя)
3) Өзі сақ, өзі ұсақ, шықылдап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала, Бұл қандай құс?(сауысқан)
4) Орманда жоғары, ағашқа қонады.
Тұмсығын балға қып, тоқ – тоқ соғады.(тоқылдақ)
5) Ақ сарайды талқандап, шықты біреу талтандап(балапан)
6) Биікке салған ағаш үй, сол ғой оның мекені.
Жаздай сайран салып – ақ, қыста алысқа кетеді(қараторғай)
Сөзжұмбақтың шешуі: «Құстар»
– Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда біз құстар туралы көп нәрселерді білетін боламыз.

Теледидардан құстар жайлы диафильм көрсетіледі.

Балалар,сендер теледидардан не көрдіңдер? Құстардың атын атаңдаршы

Құстар туралы түсіндіру.
Тірі табиғатта жататын жануарлардың ең көп маңызды тобы құстар туралы болып есептеледі. Құстардың түрі өте көп. Оларды біз үлкен екі топқа бөлеміз. 1) Жабайы құстар, 2) Үй құсары.
Жабайы құстар табиғатта өз алдында тіршілік етеді. Құстардың пайдасы өте көп. Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады. Құстар бір орында тұрмайды. Олар бір жерден екінші бір жерге ұшып – қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет – олар ұшады, қанаттары, мамықтары, бәрінің тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығына келсе, құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір – біріне ұқсамайды. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады.
Д/Ойын: «Қай құстың дыбысы?» /Дыбыс таспасына жазылған құсардың дыбысын табу/.

Сұрақтарға жауап алу:
а) Құстар немен қоректенеді?
ә) Біздің жақта қандай құстар қыстап қалады?

Сергіту сәті:

Қарлығаш боп ұшайық.
Торғай болып  қонайық.
Сауысқан боп секіріп
Тоқылдақ боп шоқиық
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып – ұшып алайық
Орнымызға қонайық.

 

«Құстар – біздің досымыз» атты бұрышпен таныстыру (бұрышта құстарға байланысты альбомдар,қанатты сөздер қойылған,құстардың бейнесі).
Қазақ халқы ежелден – ақ құстарға әуес болған, оларға деген шексіз сүйіспеншілігін дәріптеп, жақсы көретін адамды құстарға теңеу арқылы ықыласын білдірген. Мысалы: халық ішінен шыққан саңлақ ұлдарын – сұңқарға, әдемі ән айтқан әншілерді – бұлбұлға, сұлу қыздарын – аққуға теңеген.
Д/о: «Не артық?»
Стуациялық сұрақтар:
– Балалар, бүгінгі құстар сабағымызды естіп ормандағы құстар ақ көгершін арқылы хат жіберіпті. Кәне, оқып көрейік.
1 – ситуациялық сұрақ. Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің?
2 – ситуациялық сұрақ. Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе, сен қалай істер едің?

Балалар жұмбақтың жауабын шешуге тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(қарға,сауысқан,торғай,

қарлығаш,тыр-

на,қараторғай,аққу).

Мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын ойнайды.

Балалардың жауаптары:

(Жем, бидай, дән, зиянды жәндіктер)

Қарға, сауысқан, торғай, суық торғай, сары шымшық

 

Сергіту сәтін жасайды, іс-қимыл көрстеу арқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқият тыңдап,танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Д/о: ойнайды

 

Ситуациялық сұрақтарға жауап береді.

 

 

Балалардың жауабы

Рефлексивті-түзетушілік 1) Тыйым сөздер: Аққуды атуға болмайды. Құстың ұясын бұзуға болмайды.
2) Сұрақ – жауап әдісімен:
а) Құстардың қандай пайдасы бар?
ә) Құстар туралы тақпақтар білесің бе?
3) Құстар туралы мақал – мәтелдер:
а) Бұрап қойған сағаттай, айқайлайды таң атпай.
ә) Ерді талап ұшырар, құсты қанат ұшырар.

Қорытындылау: балаларды жұлдызшалармен мадақтау

Тыйым сөзді қайталайды.

 

 

Балалар қорытынды Сұрақ-жауап әдісін орындайды.

 

 

 

Балалар жұлдызшаларға қуанады.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жыл құстарын және олардың атауларын.

Игерді: Құстарға қамқор жасау, табиғатты қорғау керектігін игереді.

Меңгереді: Құстардың пайдасы зор екендігін меңгереді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *