“Әке мен бала” әңгімесі

 

Білім беру саласы:    Коммуникация

 

Оқу  іс – әрекеті:        Көркем әдебиет

 

Тақырыбы:               «Әке мен бала» әңгімесі

 

Мақсаты:                  Қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы ғалым Ыбырай

Алтынсаринің өмірі шығармалары туралы қысқаша

түсінік беру.

 

Дамытушылық:       «Әке мен бала» әңгімесін тыңдап, мазмұнын қабылдап,

әңгімелей білу іскерлігін дамыту, әңгімені рольдерге

бөліп сахналай білу.

 

Әдіс – тәсіл:                Сұрақ- жауап, әңгімелеу, түсіндіру

 

Көрнекілік:               Ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсарин,  «Әке мен

бала» әңгімесінің суреттері. Сахналауға керекті пеш,.

көрік тағыда басқа заттар.

 

Сөздік жұмыс:          Таға, ұста

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іс әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әркетеі
 

 

 

 

Мотивациялық

қозғаушы

1. Шаттық шеңберінде таңғы тілектерін айту.

Аспан ашып түңлігін,

Бізге сәуле таратты.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Осы нұрды жәйменен,

Апайларға сыйлайық.

Күндеріңіз жарық болсын апайлар!

 

2. Көктем айларын сұрау?

Көктем мезгілінің ерекшелігін айтқызу.

Шаттық шеңберінде тілектерін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Наурыз, сәуір, мамыр.

Күн жылынады,ағаштар бүршік жарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздену ұйымдастыру

1. Қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы

Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығына қысқаша түсінік беру.

 

2. Бүгінгі іс – әрекетпен, тақырыбымен таныстыру.

«Әке мен бала» әңгімесін айтып беру.

 

3. Суретпен жұмыс.

«Әке мен бала» әңгімесін сурет бойынша айту.

 

4. Сұрақ жауап бөлімі.

4.1. Баланың істеген қылығы дұрыс па?

4.2. Неге дұрыс емес деп ойлайсыңдар?

4.3. Әкесі баласына қандай сөздер айтты?

4.4. Сендер әкелеріңнің тілін аласыңдар ма?

4.5. Әңгімедегі кімге ұқсағыларың келеді?

Неге?

4.6. Әкесі- еңбекқор, ақылды.

4.7. Баласы – жалқау

 

5. Жалқаулық, еңбек туралы мақал – мәтел айтқызу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. Сергіту сәті.

Әкемнің алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Анама мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң тозаңды қуамын.

Мен әдепті баламын,

Ешқашан жалқау болмаймын.

 

7. «Әке мен бала» әңгімесін сахналау.

 

8. Ой қозғау.

Жаман деген немене?

Жақсы деген немене?

Жақсы мен жаман қылықтарды ажыратып айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жанерке:

Жалқаулық жаман әдет.

Бақтияр:

Жалқау жытып ішер.

Диана:

Жалқаудың жауы жұмыс.

Еркенұр:

Ақымақ күлкіге тоймайды, жалқау ұйқыға тоймайды.

Тұрғанай:

Еңбек түбі – береке.

Жігер:

Еңбектің – наны тәтті.

Кәусар:

Еңбек қуған қазынаға жолығады.

Нұрасыл:

Еңбекқор ұйқыдан ширақ тұрады.

 

Қимыл қозғалыс жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

Әңгімені сахналайды.

 

Жақсы мен жаман қылықтарды айтады.

 

 

 

 

Рефлексивті

коррекциялаушы

1.Қорытынды.

Балалар бүгін біз қандай әңгімемен таныстық?

Әңгіме сендерге ұнады ма?

Баланың мінезі ұнады ма?

Әкесі баласына қандай сөздер айтты?

 

2. Дәйек сөз.

«Аулақ жүріп жаман қылық әдеттен,

Үйренеміз жақсы мінез әдеппен», – деп оқу іс – әрекетті қортындылау.

 

«Әке мен бала»

 

Иа ұнады

Ұнаған жоқ

Енді жалқау болма деді

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *