Оқу қызметі “Құлыншақ”

Тобы: «Балбөбек»  ортаңғы   тобы

Білім беру саласы:  Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Құлыншақ

Мақсаты:

білімділік: өлең  жолының туынды  мағынасын түсінуге,  кейіпкерлер іс-әрекетін бағалауға үйрету.

дамытушылық: балаларды көркем әдебиеттегі адамгершілік әлемімен таныстыру,  үй  жануарлары  жайлы өз ойларын     айтуда сөздік қорларын дамыту.

тәрбиелік: адамгершілік қасиетке, жақсы қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:  «Құлыншағым» тақпағымен таныстыру.

Қолданылған технологиялар түрі: жобалы іс-шығармашылық технологиясы (қатысушылар санына  қарай топпен), ақпараттық қатынастық технология (жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу). дамыта оқыту технологиясы (ассоциация, салыстыру)

Әдіс-тәсілдері: құлыншақ әні, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

Көрнекіліктер: үй жануарлары суреттері,

Билингвальды компонент: үй жануарлары- домашние животные-pets, құлыншақ- жеребёнок-foal

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
 

Себепті

қызығушылығын

ояту кезеңі

 

Кіріспе  бөлім

Шаттық шеңбері:

Қолымызды созайық,

Кеудемізді керейік.

Жарқыраған күнге біз

Иіліп  сәлем берейік.

 

Всем всем добрый день,

Здраствуй солнце золотое,

Здраствуй небо голубое,

Здраствуй матушка земля

Вот и мы твой друзья.

 

Goodmoning, goodmoning

Goodmoning to you.

Goodmoning, goodmoning

I,m glad to see you.

 

Қолымызды созайық,

Кеудемізді керейік.

Жарқыраған күнге біз

Иіліп  сәлем берейік.

 

Всем всем добрый день,

Здраствуй солнце золотое,

Здраствуй небо голубое,

Здраствуй матушка земля

Вот и мы твой друзья.

 

Goodmoning, goodmoning

Goodmoning to you.

Goodmoning, goodmoning

I,m glad to see you.

 

Ұйымдастырушылық – ізденіс кезеңі

 

 

Негізгі  бөлім

Балалар бүгін «Коммуникация» саласы бойынша «Сөйлеуді дамыту» ұйымдастырылған оқу қызметімізде «Құлыншақ» тақырыбымен танысамыз.

 «Құлыншақ» әні қойылады.

Ғажайып сәт: Қуыршақ  театры (Құлыншақ)

Сәлеметсіңдерме,балалар. Мен-Құлыншақпын.

Сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер мен туралы не білесіңдер?

Дұрыс балалар, мен жылқының төлімін. Жылқының иесі – Қамбар ата.  Бұрынғы кезде батырлардың ең жақын серігі-жылқы болған.  Ерте кезде машиналар болмағандықтан адамдар үй жануарларын көлік ретінде пайдаланған.

Видео көрсету.(бейнебаян)

 

Жарайсыңдар,балалар, мені таниды екенсіңдер, ал енді менің достарыммен таныссыңдарма?

 

Жобалы іс-шығармашылық технологиясы:

Екі топқа әр балаға кезекпен-кезек сұрақ қоямын.

Балалар тақтадан қандай суреттерді көріп тұрсыңдар, бұлар қандай жануарлар?

Неге  үй жануарлары деп атаймыз?

-Ляззат тұра қойшы, мынау ненің суреті?

-Әділет түйенің төлін қалай атаймыз?

-Бекзат бұл қандай жануар?

-Нұрдәулет  сиырдың төлін қалай атаймыз?

-Мерхат  бұл қандай жануар?

-Нұрай  қойдың  баласын қалай атаймыз?

-Бекұлан  мынау қандай жануар?

-Алинұр  ешкінің төлін  қалай атаймыз?

Ляззат  Бекзатқа  көмектесіп жіберші

-Ал, енді мынау қандай жануар?

-Жылқының төлін қалай атаймыз?

 

Балалар сендердің үйлеріңде құлыншақ барма?

Құлыншақты үй жағдайында қалай асыраймыз?

Құлыншақты сипаттап айтайықшы?

«Малды теппе» нақыл сөз.

 

 

Қане балалар, құлыншақты қалай жуындыру керек екенін қарайық. (бейнебаян тамашалау)

 

Билингвальды компонент: үй жануарлары- домашние животные-pets, құлыншақ- жеребёнок-foal

 

Балалар мына үй жануарларына байланысты үйлеріңде ата-аналарың қалай еркелетеді?

 

Кубизм стратегиясы: Балаларға кубик беру арқылы үй жануары туралы қандай тақпақ білетінін сұрау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Құлыншақ» тақпағын қайталату.

Құлыншағым құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

Сөздік жұмыс: құндызым, құлдырайды, жылтылдаған, құстай қанат қағады.

 

Әуенді сергіту сәті: «Қаражорға»

 

Ақпараттық  технология-пазлы

Мақсаты: ақпараттық технологияны балаға меңгерту, құлыншақты  ноутбукпен құрастыра отырып, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

 

Дидактикалық ойын: «Құлыншақты анасына жеткіз!»

Мақсаты: балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құлыншақ үй жануары, жылқының баласы

 

 

 

 

 

Бейнебаянға  назар  аударады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй жануарларын

Себебі үйде  бағып асыраймыз.

Ляззат  бұл-түйенің суреті.

-Түйенің төлін бота дейміз.

Бұл-сиыр

-Сиырдың төлін бұзау дейміз.

-Бұл жануар қой

-Қошақан деп атаймыз.

-Бұл жануар ешкі.

 

-Ешкінің баласын лақ дейміз,

-Бұл жылқы

-құлыншақ дейміз.

 

Менің үйімде құлыншақ бар, біздер құлыншаққа жем,су, шөп береміз.

Құлыншақтың көзі, мойыны, кеудесі, төрт аяғы, ұзын құйрығы болады.

 

 

 

 

 

Үй жануарлары- домашние животные-pets, құлыншақ- жеребёнок-foal

 

Қошақаным, ботақаным, құлыным,

 

Мерхат:Ақ бұзауым ұнайды,

Мө-мө деп сүт сұрайды.

Келеді өсіп күн сайын,

Тұмсығын созып қарайды.

 

Алихан:

Кіп-кішкентай момақан,

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам қозым деп,

Қошақаным қозым деп.

 

   Алинұр:Айналайын ботам,

Қандай күлте жотаң.

Табандарың жалпақ,

Теріп жейсің жантақ.

 

Зере:   Шөре-шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секектеме деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

 

Құлыншағым құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

Өлеңнен не түсінгендерін айтады.

 

Қимылмен орындайды.

 

Ноутбуктен құлыншақты құрастырады.

 

 

Ойынға барлығы қатысады.

Іс-әрекетті

бақылау кезеңі

Қорытынды

 Балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметімізде нені көрдік, не туралы айттық?

Құлыншақты және басқада үй жануарларына қалай қарауымыз керек?

Балаларды мадақтау.

 

Құлыншақты көрдік, құлыншақ туралы айттық.

Дұрыс күтіп, асырауымыз керек. Малды ұрып-соғуға болмайды.

 

   Күтілетін нәтиже:

Біледі: құлыншақ үй жануарына жататындығын, жылқының төлі екендігін.

Игереді: өлең жолының туынды мағынасын түсініп, кейіпкерлер іс-әрекетін ажыратуды

Меңгереді:  малды тебуге, соғуға болмайтындығы және дұрыс күтіп баптау керектігін.

 

 

Тәрбиеші:   Қайреденова.Л.А

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *