Білім күні

Күні: 01.09.2019ж.

Тәрбиеші: Набиева.Р.М.

Тақырыбы: «Білімді ел – мәңгілік ел!»
Мақсаты: Бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән – мағынасын ұғындыру.
Білімділік: Сахналық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: Адамгершілік құндылықтары мен адами құнды қасиеттер туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Қолданылатын құралдар: суреттер, түрлі – түсті қарындаштар.
Алдын-ала орындалатын жұмыс: әңгімелесу, таныстыру, көрсету.
Шаттық шеңбер:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!
Балалар тәрбиешімен бірге қайталап шаттық шеңберді жасады.
-Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар, балалар, барша қонақтар!
Бүгін – 1 қыркүйек – Білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Биіктерге бастайтын асқаралы,
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні.
Мерекеде бәріміз бір дауыспен,
Шырқайық бақшамыздың әнұранын!
-Білім бастауы – балабақшада. Ендеше бүгінгі мерекеде тағы бірнеше тақпақтарымызды балабақшамызға арнайық.
-Жарайсыңдар. Өнерлерің өрге жүзсін! Бүлдіршіндеріміздің өнер, білім үйреткен, сүйікті балаларға арналған кезекті бір ғажайып сәт.
Сергіту сәті.
Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау – менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Дәптермен жұмыс.
-Жаңа оқу жылын қоңыраудың сыңғырымен бастау – жылдар бойы жалғасын тауып келе жатқан қалыптасқан дәстүр. Ендеше биылғы 2016-2017 оқу жылының қоңырауын қағуды кішкентай бүлдіршіндерге ұсынамыз!
Алғашқы қоңырау соғу салтанаты.
Сабақтың қотындысы:
Шырылдаған тыным алмай,
Қоңыраудың үні қандай.
Мақсатына жете ме адам,
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы,
Талымдық та асқаралы.
Бар білімнің нұр бастауы-
Балабақшадан басталады.
Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен тамам. Ден қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет! Баршаңызды балаларымыздың білім бағына шақырамыз.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар көптеген толық мәліметтер білді.
Игереді: өз ойларымен бөлісе алу, қорытындылай алу.
Меңгереді: адамдарды сыйлау, адал болу, өтірік айтпау, қамқор болуға меңгереді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *