Доппен қозғалмалы ойындар

Тақырып

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Доппен қозғалмалы ойындар

2.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі білімді нығайтады

Білім алушы

Өзіндік және топтық жұмыс кезінде қимыл-қозғалыс мақсаттарына қол жеткізуге қатысты ережелерді атайды және ұстанады

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі

Тапсырма

Жеке жұмыс
Биік конустың төбесіне қойылған үлкен теннис добын алақаныңмен және ұрғышпен (бита) соғып, доптың ұшу қашықтықтарын өлше. Айырмашылығын анықта. Ұрғышпен соққандағыдай қашықтыққа жету үшін алақанмен соғуды қалай жаттықтыру керектігі туралы ойыңды айт.

Топтық жұмыс
Эстафеталық ойынға қатыс. Өз командаңның жеңу немесе жеңілу себептерін анықта. Қимыл-қозғалыс мақсаттарына қол жеткізу үшін не істеу керектігі туралы ой бөліс.

Дескриптор Білім алушы
− қолын артқа қарай серпіп, допты алақанымен ұрады; − ұрғышты нық ұстап, допты бағытына қарай ұрады;
− допты қолмен және ұрғышпен соққан кездегі айырмашылықты (алысқа ұшуы) анықтайды;
− өз мақсатына қол жеткізудің жолдарын сипаттайды; − топтық әрекетке қатысады;
−жарыс ережесін сақтап, ойнайды;
−қимыл-қозғалыс мақсаттарына қол жеткізудің жолдарын ұсынады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *