Ы,Алтынсарин Атымтай жомарт

Сабақ жоспары

Сабақ: Әдебиет Мектеп: №140
Күні:10.12.2019 Мұғалімнің аты-жөні: Абдуллақызы
Сынып: 5 Б, Г Қатысқандар: Қатыспағандар:
Cабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин. Жомарттық- қайырымдылық тамшысы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С3 Шығармадағы кейіпкерлерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:
Шығарманың сюжеттік құрылымын ажыратады
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығарманың сюжеттік дамуына қарай сипаттай алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Шығарманың фабуласы мен сюжеттік даму ерекшеліктерін біледі.
Бағалау критерийі: 1.Тақырып бойынша ой-түйін жасайды. 2.Шығарманың көркемдік ерекшелігін анықтайды. 3. Тақырыптың сюжеттік дамуын сипаттайды.
Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады:
Әңгіменің фабуласы мен сюжеттік дамуына қарай сипаттай алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Фабула,сюжет,проза,жанр.
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Жомарттық пен сараңдық
Талқылауға арналған сұрақтар:
Әңгіменің ерекшелігі неде?
Жомарт пен сараңдықтың айырмашылығы неде?
Жомарт пен сараңдық туралы біз басқа не білеміз?
Жомарт не себепті кедейдің киімін киіп жүрді деп ойлайсыз?
ишара:

Алдыңғы оқу: Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесі
Жоспар:

Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар

Басы

3 минут

10 минут

Сәлемдесемін. Оқушыларды түгелдеймін. Сыныпта психологиялық ахуал орналастырамын.
1- топ: «Талап» 2- топ: «Еңбек» 3- топ: «Терең ой» 4- топ: «Қанағат» Бағалау кестесін әр топқа беремін.
«Сюжетті суреттерді ашу» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
1- топ: «Талап»
1. Ы. Алтынсарин кім?
2. Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің кейіпкерлерін атаңдар.
3. Қыпшақ Сейтқұл кім?
4. Ы.Алтынсариннің өлеңдерін атаңдар.
2- топ: «Еңбек»
1. Ы.Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?
2. Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінде Антонның қайыр тілеу себебі неде?
3. Ы.Алтынсариннің «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесінде Сейтқұл қандай әрекет жасайды?
4. Ыбырай әңгімелерінің басты тақырыбы?
3- топ: «Терең ой»
1. Ыбырайдың атасы?
2. Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінде қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?
3. Ы.Алтынсариннің «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесінің тақырыбы қандай?
4. Ыбырай неліктен көп ізденіп, білімін толықтырып отырған?
4- топ: «Қанағат»
1. Ыбырайдың ең алғашқы қызметі?
2. Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің идеясы қандай?
3. Сейтқұлдың елі жақсы өмірге қалай қол жеткізді?
4. Еңбек туралы мақал- мәтел айтыңдар.
ҚБ: «Басбармақ» әдісі Асықтар мен қоржын

Суреттер,үлестірмелер
Ортасы:

10 минут

2 минут

10 минут Оқулықпен жұмыс: «Бірлескен оқу» әдісі бойынша оқушылар шығармамен таныстырамын.
«Пікірлесу» әдісі бойынша топтық талқылау жүргіздіремін. ТЖ
1- тапсырма
1. Шығарманың фабуласын анықтайды.
2. Сөздер тұжырымдамалық картасы» әдісі арқылы «Жомарт» сөзінің мағынасын ашады.
3. Атымтайға мінездеме береді.
4. Атымтай жомарт туралы эссе жазады.

2-тапсырма
Шығарманың композициясын төмендегі жүйеге сай сипаттаңыз:
•Оқиғаның басталуы –
•Оқиғаның дамуы –
•Оқиғаның шиеленісуі –
•Оқиғаның шарықтау шегі –
•Оқиғаның аяқталуы –
Дескриптор:
Білім алушы
– шығарманың композициясын анықтайды;
– шығарманың сюжеттік дамуын сипаттайды.
Жұптық тексеру. Бірін-бірі бағалау.

Оқулық,қағаз,
стикер,маркер,
смайликтер

Соңы:

5 минут Кері байланыс. Кері байланыс парақшаларын үлестіру
ҚҚҚ

Үй тапсырмасын беремін.
Ы.Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесін оқу. Атымтай Жомарт туралы мәлімет жинау.

Дескриптор – Шығарманың сюжеттік желісі мазмұнын айтады;
– Атымтай Жомарт туралы мәлімет жинайды. Кері байланыс парақшасы
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма ?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарларға саралау жақсы іске асты ма?
(тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? «Лабиринт » әдісі

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *