«Тәуелсіздік таңы»

Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік таңы атты!
Бұл біз үшін мереке!
Еркін елміз, өз тілі бар, өз туы мен
Әнұраны, елтаңбасы, жері бар!
Ашық жарқын, ақ пейілді ҚАЗАҚ деген елі бар!

Қаншама ел еңіреп жүр, етегіне қан толып,
Бір күн тыныш ұйқы тілеп, тыныштыққа зар болып?!
Соны білсек, қадірлейік Тәуелсіздік таңдарын,
Күндері мен апталарын, айлары мен жылдарын.

Тәуелсіздік таңы атты!
Бұл біз үшін қуаныш!
Асымыз бар алдымызда, жайбарақат жанымыз.
Бұл күндерге дән ризамыз жасымыз бен кәріміз.
Тәуелсіздік таңы атты! Мәз-мейрамбыз бәріміз!

Тәуелсіздік таңы атты!
Бұл біз үшін жетістік!
Қайырлы таң баршамызға, арайлы таң ел үшін.
Тәуелсіздік құтты болсын, күндеріңіз шат болсын!
ҚАЗАҚ деген Мәңгі Елге мәңгі-бақи бақ болсын!!!

Гүлмира Әлиханнан
16.12.2019

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *