Қысқы серуен
«Құлыншақ» балабақшасы
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Тәрбиеші: А.С.Жауышева
2018-2019 жыл
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Күні:01.10.2019 жыл
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: «Қысқы серуен»
Мақсаты:
а) Сурет бойынша әңгімелетуді жалғастыру.
ә) Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету,сөздік қорларын дамыту.Сөз тіркестерін дұрыс айта білуге жаттықтыру.
б) Табиғатты аялауға,әсемдікті көре білуге,сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қыс мезгілінің суреттері ,қысқы серуендегі балалардың суреттері (аққала,шырша суреттері).
Сөздік жұмыс:аққала,шана,қар.
Билингвальды компонет:аққала-снеовик,шана-сани,қар-снег.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Достарды біз қолдаймыз
Қиын шақта қорғаймыз Біздің топта ұл қыздар
Тату тәтті ойнаймыз
Бірге өлең сөздерін қайталайды.
Ұйымдастыру-лық -ізденістік
Балалар,бүгін біз не туралы әңгімелейтінімізді жұмбақ шешу арқылы білетін боламыз.
Жұмбақ:
Шанамен зырлап желетін
Шаңғы,коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Есік қағылып ішке торғай келеді, аузына хат қыстырып алған.
Тәрбиеші: Балалар бізге кім келді?
Тәрбиеші: Балалар торғайдың аузындағы хатын алып қарайықшы, бұл хат жәй хат емес екен балалар, торғай бізді өзімен бірге орманға серуендеуге шақырып келіпті
Балалар торғаймен бірге серуендеуге барамыз ба?
Балалар орманға барғанша жолда әртүрлі кедергілер кездесуі мүмкін, сол кедергілерден жайлап жүріп өтейік.Балалар мына жердің бәрі қалың қар екен осы қарға құлап қалмай мына көпірден ақырындап өтейік.
Сурет пен жұмыс.
-Балалар,жылдың қай мезгілі суреттелген?
-Далада не жауып тұр?
-Балалардың киімдері қандай?
Балалар өз ойларын айтуға мүмкіндік береді.
Қыста балалар немен сырғанайды?
-Суретте Сәбит Айгүлді шанамен сырғанатып жүр.Айгүл көңілді ме?
-Не үшін көңілді?
–
Арман мен Асхат не істеп жатыр?
-Аққала қандай?Аққала-қардан соғылған домалақ қыс кейіпкері.
-Иә,балалар қысқы серуенді өте көңілді өткізіп жатыр.
Сергіту сәті:
Енді балалар кішкене көңілімізді көтеріп сергіту жаттығуын жасап жіберейік.
Бір,екі,үш,
Қане қанат қағамыз.
Бір,екі,үш,
Қарлығаш боп ұшамыз.
Бір,екі,үш,
Жинап алжық күш.
Тәрбиеші: Балалар міне орманға да келіп жеттік. Орманның ауасы қандай таза? Ауамен аздап демалайықшы . Таза ауада демалған қандай жақсы .Балалар қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?Қоянның аузында хаты бар екен, алып оқимыз ба?Қоянға көмек керек шығар , мұңайып отырған сияқты.
№1үлестірмелі материалмен жұмыс.
Қыс мезгіліне сай суреттерді жабыстыру.
Жеке жұмысты қажет ететін балаларға тәрбиеші көмек беріп тұрады
«Қыста не болады?» дидактикалық ойыны.
Шеңбер құрып тұрады.Допты бір-біріне лақтырып бере отырып,қыс мезгілінің
ерекшеліктерін айтады.
Қызығушылық танытады.
Мұқият тыңдап,шешуін
табады.
-Қыс мезгілі.
Балалар: Қыс мезгілі
Балалар: Қар жауады, боран болады, аяз соғады, күн мұздай болады, күн суытады, қыста аққала жасаймыз, шанамен сырғанаймыз,
Балалар: Торғай
Балалар торғаймен серуенге баруға келіседі.
Балалардың жауабы:
-Қыс мезгілі.
-Қар жауып тұр.
–
Жылы киінген.
-Шанамен сырғанайды.
-Көңілді.
-Оны ағасы шанамен сүйреп
жүр.
-Аққала соғып жатыр?
-Аққала үлкен,аппақ,домалақ
Тәрбиешімен бірге қимылдарды қайталайды
– Балалар: Қоян
Балалар: иә
Қыс мезгілінің суреттерін жабыстырады.
Допты бір-біріне лақтырып бере отырып,қыс мезгілінің
ерекшеліктерін айтады
Рефлексия лық – түзетушілік -Балалар,мына суретте не бейнеленген екен?
-Жылдың қай мезгілі екен?
-Балалар немен ойнап жүр?
-Жұмбақ не туралы?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:сурет бойынша әңгімелеуге берілген тапсырманы;
Нені игереді:қыс мезгілінің ерекшеліктерін білдіретін сөздерді қолданып,сиппатау мәтінін қалай құрастыру керектігін;
Нені біледі:сұрақтарға толық жауап бере білу іскерліктерін.
Тексерілді:
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718