Бәйшешек

Білім беру саласы «Шығармашылық»
ҰОҚ «Аппликация»
Тақырыбы «Бәйшешек»
Бөлім 1. Аппликация бағыты
Бөлімше 1.1 Заттық аппликация
Оқу мақсаты 0.1.1.1 жырту, қиып алу әдістерімен түрлі бейнелер жасай отырып, қарапайым заттарды жапсыру.
ҰОҚ мақсаты Түрлі тақырыптарға жапсыруды құрауды үйренеді, қиып алудың негізгі түрлерін игереді,түрлі тәсілдерін қолданады.
Күтілетін нәтиже: Түрлі тақырыптарға жапсыруды құрай алды,қиып алудың негізгі түрлерін игеріп, түрлі тәсілдерді қолдануды үйренді.
ҰОҚ жоспарлау
ҰОҚ жоспарын жүзеге асыру кезеңдері/уақыты
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар

Басы: 3-5 минут

Негізгі бөлім: 15-20 минут

Психологиялық ахуал:
Гүлдер, гүлдер., көп гүлдер
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Өсе берші нұрланып,
Өсе берші ырғалып.

Ой қозғау:
Өзі нәзік,су құйсаң кетеді алақанын жазып. Бұл не? /Гүл/

-Бәйшешек-Наурызгүл
(әңгімелеу арқылы тақырыпты ашу)

Видео ролик
Кері байланыс: «Талқылау» әдісі
Бейнероликте бейнеленген гүлді ата.

Топқа бөлу
Түрлі- түсті гүлдер арқылы топқа бөлу
1. Ақ
2.Қызыл

1.Тапсырма:

Бір топ шаблон арқылы, қайшымен қиып жапсырады.

Екінші топ үлгіге қарай отырып жұлмалап қию әдісімен жапсырады.

Сергіту сәті:
Бәйшешектей ырғалып,
Дөңгелене билейміз
Желмен бірге тербеліп,
Күнмен өсіп толамыз.

2.«Аяқта» тапсырмасы.
Ұжымдық жұмыс: табиғат аясындағы берілген суретті бәйшешек гүлдерімен толықтыру.

Кері байланыс:
«Сұрақ-жауап» әдісі:
– Бүгінгі сабақта қандай гүлмен таныстық?
– Ол гүлдің ерекшелігі неде?
– Жапсыру барысында қиындықтар кездесті ме?

https/youtu.be/qsZp4Mif5nq

бәйшешек гүлінің суреті және шаблоны

Табиғат суреттері, дайын бәйшешек гүлдерін жапсыру

Рефлексия:
5 минут «Түсті гүлдер»
Қызыл-түсінген жоқпын
Сары-орташа түсіндім
Жасыл-түсіндім
Гүлді шаблон

Игликова Арай Жаксыбаевна
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі,
Медеу орта мектебі КММ
ШҚО, Абай ауданы, Медеу ауылы
ул.Есенғали Әділбаев көшесі, 11 үй

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *