Мінез

Мінез

 

Адамды мінезге қарап та бағалайды. Мінезді адам-бақытты адам. Ашық мінез, тұйық мінез, ауыр мінез, мінезсіз адамдар болып бөлінеді. Ерке мінез де болады. Сен осының қайсысына жатасың ? Ашық мінез-көп сыр жасырмайды, ортада тез тіл табысқыш. Тым ашылып сырыңды жая беруге де болмайды. Кейде адам оныңды ақымақтыққа жоруы мүмкін. Кейбір саналылары ақылын айтып немесе “ бейшара ” деп жәй мүсіркеп, сол жерде үнсіз жаба салуы да мүмкін.

Тұйық мінез. Олардың ойында не болып жатқанын білмейміз. Көзбен көріп, санамен сынап бір-бір ауыз сөзбен тұжырым жасай біледі. Ауыр мінезді адамдардан алыс жүр. Мінезссіз адамды ешкім ұната бермейді. Ерке мінез-сирек кездеседі. Олар еркелей де алады. Оларға көңілдегідей жасай саласың, саған да солай іс қылуы мүмкін. Бой күту-сұлулыққа апаратын бірден бір жол. Тазалық әсемділіктің белгісі. Өзіңді-өзің күтіп ұстауың керек. Таза болсаң-әдемі боласың. Ал әдемі қыздың қасында жүру үлкен дәреже. Тазалық тек әдемі киім киіп алып қыдыру емес, арыңдыда таза ұстауың керек. Иманды болу керек. Имансыздық арсыздыққа рпарады. Арсыз болсаң бақытсыз болғаның. Әрқашанда таза жүр. Арлы бол. Иманды бол жаным !

Қыз қылығымен тәтті. Қылықты болам деп өтірік қылымсудың қажеті жоқ. Жаның да жүрегің де әдемі болсын. Қылықтың сыйқырлы күші өз қолыңда. Жақсы қылық дегеніміз-әдемі сөйлеу, әдемі отырып тұру,әдемі күлу, әдемі көзқарасың.Әдемі жылай да білу керек.Осының бәрі қолыңнан келсе, сен ең қылықты қызсың, өте сұлу болып көрінесің.

 

 

БҚО Казталов ауданы Жалпақтал ауылы

Жалпақтал балалар өнер мектебінің

Оқытушысы Умбетова Айгерим Абайевна

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *