Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Пән: Сауат ашу Мектеп: №34
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Мұғалімнің аты-жөні:Теміралы Мөлдір Нұрқожақызы
Күні: Қатысқандар саны:
Сынып: 1 Қатыспағандар саны:
|
|||||||
Сабақтың тақырыбы: | Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.9.1 Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру 1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратып сөйлем құрастыру. |
||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушы: Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді.
Көптеген оқушы: Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қояды және сұраққа жауап береді. Кейбір оқушы: Көп мағыналы сөздерге басқа да мысалдар келтіріп, сөйлем құрайды. |
||||||
Бағалау критерийлері | 1.Әріпті танып дыбысты ажыратып, сөздерді буындап, дыбыстық талдау жасайды.
2.Мәтін иллюстарциясы бойынша сұрақ қояды.Сұрақтарға толық жауап береді. 3.Көп мағыналы сөздерді ажыратып, сол сөздерге сөйлем құрастырады. |
||||||
Құндылықтарды дарыту | білім алушыларды бір-біріне құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика-сергіту сәті кезінде | ||||||
Бастапқы білім | Дыбыс пен әріпті тану және ажыратады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар | |||||
Сабақтың басы
5 минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Кел достарым, келіңдер, Қолдарыңды беріңдер. Шаттық толы шеңберге, Қуанышпен еніңдер. Шақырамын сендерді, Жолдастарым кел бері Толтырайық шаттыққа Дөңгеленген шеңберді.
Оқушыларды суреттер арқылы 4 топқа бөлу. 1-топ «Жүрек» 2-топ «Жұлдыз» 3-топ «Жапырақ» 4-топ «Жүзім» Не себепті бұл суреттерді таңдағанын сұрау |
Суреттер Топ ережесі
|
|||||
ҰЖ. «Миға шабуыл» әдісі бойынша өткен сабаққа шолу жасау
–Әріп деген не? -Дыбыс деген не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? – Мағынасы қарама-қарсы сөздерге мысал айтыңдар. – Құрамында «Ж» дыбысы бар сөз айт? |
Сұрақтар |
||||||
Сабақтың ортасы
30 минут
|
(БК-1.)Әріпті танып дыбысты ажыратып, сөздерді буындап, дыбыстық талдау жасайды.
ТЖ. «Сөзді тап» әдісі. Ж дыбысы мен әрпі бар сөздерді тауып оларды атап, дыбыстық, буындық талдау жасап, сөйлемдер құраңыз.
Жіп, жапырақ, жолбарыс, жылан, жұмыртқа, жаңбыр, жүзім, жол, жел, жарқанат, жастық, жәшік. Дискриптор: 1.Берілген суреттегі Ж ж дыбысына қатысты сөздерді табады. 2.Ж ж дыбысы мен әрпіне байланысты сөздерді атап, дыбыстық, буындық талдау жасайды. 3.Табылған сөздерге сөйлемдер құрастырады. Саралау тапсырма бойынша жүргізілді.
Топтар бір-бірін от шашу әдісі арқылы бағалайды
ҰЖ.Сөз құрамында М дыбысының орнын анықтау. «М» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.Таңбасын үйрету.
ҰЖ.«Орындап көр әдісі». Оқулықпен жұмыс. Оқы.Сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасаңыз,әр сөздің мағынасын ашып, сөйлем құрастырыңыз.. Жаға Жасау Жақсы Жауын Жаса Жасыл Жаман Жарыс Жалау Жайлау Жылтыр Жарас Дискриптор: 1.Сөздерге дыбыстық,буындық талдау жасайды. 2.Әр сөздің мағынасын ашады. 3.Сөйлем құрастырады. Смайлик арқылы бағаланады.
(БК-2.)Мәтін бойынша сұрақ қояды.Сұрақтарға толық жауап береді. ЖЖ.«Ойлы болсаң озып көр» әдісі. Жарыс Жарыс, жарыс. Жайлауда ат жарысы өтуде. Жанаттың аты желден де жүйрік. Жарастың жорғасы мықты. Кім жарыс мәресіне тез жетеді? Енді осы оқыған «Жарыс» мәтіні бойынша жұптық жұмыс жасап бірнеше сұраққа құрастырайық. Сұрақтар: Жарыс қай жерде өтуде? Жарысқа кімдер қатысты? Кім жарыс мәресіне тез жетеді? Мәтінде жиі қайталанып тұрған қандай дыбыс бар? Ж ж дыбысы бар сөздерге буындық талдау жаса?
Дискриптор: 1.Жарыс қай жерде, кімдер қатысқанын айтады. 2.Мәтінде жиі қайталанып тұрған дыбысты айтады. 3.Ж дыбысы бар сөздерге буындық талдау жасайды.
Оқушылар бір-бірін үш шапалақ арқылы бағалайды.
«Сиқырлы қалам» әдісі. Дәптермен жұмыс: Ж ж дыбысы мен әрпінің элементтерін ауада, дәптерге жазу.Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз. Дискриптор: 1.Жазу жолының сызықтары мен жоларалық кеңістікті сақтайды.Көркем жазады.
ҚБ: Жарайсыңдар!
Сергіту сәті: Бір үйде біз нешеуміз? Кел санайық, екеуміз. Бас бармағым – әкем, Балаң үйрек – апам. Ортан терек – ағам Шылдыр шүмек – мен Титтей бөбек – сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.
«Үштік әдіс». (ЖЖ.) Берілген буындар бойынша жаңбыр тамшыларынан сөз құрап, сол сөздің буынын, дауысты, дауыссыз дыбыстарын тауып, сызбасын сыз.
лау жал жыл жа жол ға сыл рық жу тыр а жү зім
Дескриптор: 1. Жаңбыр тамшыларынан сөз құрай алады. 2. Құраған сөздерін жазады 3. Дауысты дыбыстарды ажыратады 4. Дауыссыз дыбыстарды ажыратады
Оқушылар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды.
(БК-3.) Көп мағыналы сөздерді ажыратып, сол сөздерге сөйлем құрастырады. ЖЖ. «Ойлан әдісі».Қарамен берілген сөздердің мағынасын ажыратып, мәнін ажыратқан сөздерге анықтама беріп, мысал келтіріп сөйлем құрау. Тұрма жай, Қамыр жай. Суға жуа-жуа, Тазаланды жуа. Көп мағыналы сөздер: Сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Мысалы: бас – адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі.Таудың, бұлақтың басы. Бір нәрсені бас қимыл-іс-әрекет. Дискриптор: 1.Қарамен берілген сөздердің мағынасын ажыратады. 2.Сөздерге анықтама береді. 3.Мысал келтіріп, сөйлем құрайды. Саралау тапсырма бойынша жүргізілді.
Бағдаршам көздері арқылы бағалау. |
Сурет Ж ж дыбысына арналған
Ж ж дыбысы мен әрпінің баспа, жазбаша түрі
Оқулық
Сурет
Жұмыс дәптер
Ақ түсті парақтар
Көп мағыналы сөздер, мысалдар
|
|||||
Сабақтың соңы
5 минут |
«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс. | Кері байланыс | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
1-тапсырма. Сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасау, әр сөздің мағынасын ашу. Сөйлем құрастыру. 5-тапсырма: Қарамен берілген көп мағыналы сөздерді ажыратып, сол мәнін ажыратқан сөздерге анықтама беріп, мысал келтіріп сөйлем құрау.
1.Білім деңгейіне сай тапсырмалар беремін. Оқушыларға ашық сұрақтар және көрнекіліктерді пайдалану арқылы дәптермен жұмыс жасауын қадағалап отыруды жоспарлаймын. 2.Дереккөздер.Кейбір оқушыларға басқа сыныптастарына қарағанда күрделі тапсырма қарастырамын. 3.Қарқын.Негізгі тапсырманы түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыға біршама уақыт беремін.Әр тапсырманың соңында мадақтау әдісін қолданамын. 4.Диалог және қолдау көрсету. «Үштік» әдісі бойынша тапсырманы орындау барысында сөзбен қолдау көрсетемін және ынталандырамын. 5.Қорытынды.Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да нәтижелері әртүрлі болды. «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» әдісі арқылы кері байланыс жасай отырып қолдау көрсетемін. |
Бағалау. Смайлик,от шашу, бас бармақ, үш шапалақ, жарайсың!
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс.
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сергіту сәті Дәптермен жұмыс кезінде
Жазу барысында қаламсап дұрыс жұмыс жасау ережесін сақтау. Бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, өз пікірін ашық білдіру. |
|||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
Сабақ сәтті өтті. Сабақ мақсатым мен оқу мақсаты қолжетімді болды.Себебі, сөзді тап» әдісі арқылы тапсырма сабақ мақсаты әр оқушы тарапынан айқындалды.Оқушылар үшін бұл тапсырма қызық болғаны олардың асқан жауапкершілікпен тапсырманы орындағанынан байқалды.
Ұсынысым алдағы уақытта қалыптастырушы бағалау жасағанда мақтау лексиконын кеңейтіп, «Жарайсың!», «Керемет!», «Тамаша!» сөздерінен басқа тілек айтқан орынды болар еді.Мысалы: біреудің басынан сипап,екіншісінің арқасынан қағып, үшінші оқушыға бас бармақты көрсетіп, төртіншіге қол соғып,бесіншіге күлімдеп.Оқушылар бүгінгі сабақтан Ж дыбысын оны қалай ажырататынын білді.Жоспарланған саралау жұмыстары жүргізілді.Жоспарланған уақытта сабақ өтті.Уақыт тапшылығы болған жоқ. |
||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:Жаңбыр тамшыларынан сөз құрап,дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажыратқаны 2:Көп мағыналы сөздерге мысал келтіріп, сөйлем құрағаны Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылар топта бір-бірін тыңдап,әділ бағаласа 2:Жұпта жұмыс жасау тиімді себебі, оқушы-оқушыны жақсы түсінеді. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Топта оқушылар топ ережесіне бағынып, бір-бірін әділ бағалауды үйрету |