Халық өлшемдері

Пәні: Логикалық математика Сыныбы:2«ә»

Күні:06.12.2019ж

Тақырыбы: Халық өлшемдері
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:  
Тілдік мақсат Халық өлшемдері туралы біледі, халық өлшемдері туралы логикалық тапсырмалар орындайды, қызығушылығы артады.
Оқушының сабаққа қамтылуы Барлық оқушылар:Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді;Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын  түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі:Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады,тапсырмаларды түсінеді.
Кейбір оқушылар:Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады; еркін сөйлейді.
Күтілетін нәтиже Көркем  жаза алады, сыни ойлай алады,топпен жұмыс жасайды.
Алдыңғы тақырып

/үй тапсырмасы/

Сиқырлы шаршы
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы

/Миға шабуыл/

Қызығушылықты ояту

5 мин

Сәлемдесу, журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушының жұмыс дәптері
Ортасы

Мағынаны тану

25 мин

№1. Жасырын сөзді тап.

 

№2.

Қашықтық өлшемдері жердің қашықтығын (ауылдың ара қашықтығына) қолданылатын өлшем екені белгілі. Бұл өлшем түрлері былайша аталады: адым (қадам, 1 м), таяқ тастам

 

(10 – 15 м), әй дейтін жер (100 м), дауыс жететін жер (250 – 300 м), шақырым (1 км), иек астында, бір төбе астында (4 – 5 км), қозы көш жер (5 – 6 км), тай шаптырым (4 – 5 км), ат шаптырым (25 – 30 км). Бұл межелер ауыл ішінде бұл күндері де жиі айтылады.

 

 

№3.             1   2   3   4   5   6   7   8   9

1) Үшінші сан мен бесінші санды көбейтіп, шыққан саннан тоғызыншы санды азайт. Жауабы: (3•5)-9

2) Алтыншы сан мен төртінші санды қосып, шыққан санға үшінші санды көбейт. Жауабы: (6+4)•3

3) Сегізінші сан мен екінші санды қосып, шыққан санды бірінші санға бөл.

Жауабы: (8+2):1

4) Жетінші сан мен бесінші санды көбейтіп, шыққан санға бесінші санға бөл.

Жауабы: (7•5):5

5) Тоғызыншы санды бірінші санға көбейтіп, шыққан санға сегізінші санды қос.

Жауабы: (9•1)+8

 

№4. Есепті шығар.

1. Термометр аяз болғасын – 3 градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы:-3 градусты көрсетеді.

2. Сыныптағы 25 оқушының 17 – сі ағылшын тілін кейбіреуі француз тілінде үйреніп жүр, ал 15 оқушы француз тілін үйреніп жүр. Екі тілді де үйренушілер саны қанша? Жауабы: 7 оқушы.
3. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: Үшеу

№5.Боя және 8 айырмашылықты тап

 

Соңы

/Ой қозғау/

“Кім жылдам?”

10 мин

Кері байланыс

3мин

Сабақ соңында кері байланыс жазып қалдыру

“Екі жұлдыз, бір тілек”

Бағалау

2 мин

Смайликпен бағалау
Қосымша ақпарат Ғаламтордан, газет-журналдардан таңдаған тақырыптары бойынша мәліметтер жинау
Саралау
Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

 
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

 

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *