Ғажайып Алтын күз! ертеңгілік.

Ғажайып Алтын күз! ертеңгілік.

Дауыс: Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен толқып, билеп күз де жетті. Күздің келуін бәріміз де асыға күттік. Ал, күз бізге мол өнімдерін сыйға тартуда.

Әуен ойналады. «Жапырақтар» биін билеп балалар келеді. Би аяқталған соң өз орындықтарының қасына барып тұрады.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Біздің шағын орталықта «Ғажайып Алтын күз!» »мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!

Бүгін мейрам, бүгін той

Қуаныш күн, біліп қой

Күзгі бақта сыңғырлап

Алақанды ұрып қой.

Тақпақтар:

Нұрсая

Берекесін сыйлауға,Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға,Шақырады біздерді

Батырхан

Астық жеміс жиылды,Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс!Алдық өнім сыйыңды.

Мирас

Күзде жауын,бұлт,тұман,Сары жапырақ жауады

Сары құйын ұйытқып,Сапырады даланы..

Мансур

Наступила осень,Пожелтел наш сад

Листья на березе,Золотом горят

Не слыхать веселых Песен соловья

Улетели птицы,В дальние края.

Алинур

Қарсы алайық бәріміз,жасымыз бен кәріміз

Қырдан кепті қыдырып,Алтын күзге нұр төгіп.

Арсен

Жемісі мол теретін,күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін,жомарт екен күз деген…….

 

Ән: Алтын күз

Музыка әуенімен Күз ханшайымы кіреді

Сәлеметсіңдер ме,балалар! Береке бақ дарыған,

жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

 

Балалар:-Жоқ

Жүргізуші:-Армысыз Күз ханшайымы!Алтын күзге арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіз,біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.

Балалар қазір бізде күз мерекесі, күз мезгілінің неше айы бар екен?Күз айларын кім атап шығады?Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

 

Би «Листопад»

Бағбаншы кіреді.

Жүргізуші:  Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?

Бағбаншы: Бақша, бақты күтетін бағбаншымын. Балаларды мейрамымен  құттықтауға келдім.Күз ханшайымы сәлематсызба,

Жүргізуші:-Сәлеметсіз бе,бағбаншы,қош келдіңіз,сізде біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.

Көкөністер мен жемістер туралы тақпақтар

Жанерке:

Асханадан шықпаймын,Атым пияз,бұқпаймын

Көзден жасты шығарам,Тұмаудан бірақ сақтаймын

Нұрдәулет

Картоп біздің атымыз,Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған,Ағайынбыз бәріміз

Айша

Тал шыбығым бұралып,Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ,Күнге қарап ұялып.

Жан

Өсіретін бойыңды,Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықпыз,Сәбіздерміз жазықсыз.

Мырзабай

Пісіп тұрған алмамын,Тамсандырар бал дәмім

Жерге сілкіп түсірме,Ісіп кетер маңдайым.

Бағбаншы:-Ой,жарайсыңдар,қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын  ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.Ойын «Кім жылдам»  

Жүргізуші:-Құрметті қонақтар,күз ханшайымы,бағбаншы біздің топтың балалары күзгі сыйдан (жеміс,көкөністерден )жасаған көрмелері бар еді,соны көрсетуге рұқсат етіңіздер

Бағбаншы ризашылығын білдіріп,қош айтысады.

Тақпақтар:

Саян

Тапталады табанға,Судыр-судыр жапырақ

Өрттей сары бояуға,Малынғангдай атырап.

Кемран

Заглянула осень в сад,птицы улетели

За окном с утра шуршат,желтые метели

Под ногами первый лед,крошется ломается

Воробей в саду вздохнет,а запеть стесняеться.

Темірлан

Ходит осень в нашем парке,Дарит осень всем подарки

Фартук розовый осинке,бусы красные рябинке

Зонтик желтый тополям,фрукты осень дарит нам.

Амина

Утром небо было хмурым,и казалось все понурым

Осень очень любит плакать,дождиком на землю капать

Любит листьями шуршать,и с деревьев срывать.

Ән: «Кап,кап»

Би: «Солнышко»

Күз ханшайымымен Ойын: «Тауық пен әтеш»

Екі баладан ортаға шығып, музыка әуені аяқталғанша тауық – қызыл бұршақ, ал әтеш –ақ бұршақ дәнін жинау керек. Қайсысы көп жинаса соның жеңіске жеткені болады.

Балалар, күз ханшаймының сиқырлы орамалы бар, солмен ойын ойнағысы келеді, ойнағыларың келеме?

Ойын: «Сиқырлы орамал»

.Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды. Ал балалар енді бұрылып қарайық.

Күз: Орамалды ашайық,Астында не, қарайық?Бұл не?Себет қой!Себеттің (бетін жапырақтар жауып тұрады).

Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.

Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер Ендеше мені басқа балалар тосып отыр ,Сау болыңдарбалалар!,Келгенше жыл айналып.

(Күз кетеді)

Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.

Жүргізуші: Осымен «Құлыншақ» тобының «Ғажайып Алтын күз» атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын!Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *