Ғажайып қыс

Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ересектер тобында ашық ұйымдастырылған «Сурет салу» оқу қызметі
Өткізілген уақыты: 04.12.2019ж.
Тақырыбы: Ғажайып қыс.
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай отырып, табиғаттың ерекшелігін сезінуге үйрету, көркемдік талғамын, ой-өрісін дамыту. Дәстүрлі емес әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып қыстағы жапырақсыз қар жамылған ағаштардың суретін сала білуге, бізді қоршаған табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,кляксография техникасы бойынша сурет салу.
Көрнекілігі: слайд, қыс мезгілінің суреттері, түрлі-түсті бояулар, түтікшелер қылқаламдар, т.б.
Барысы:
Балалар бізде бүгін ерекше күн, бізге көптеген апайлар қонаққа келіпті қанеки апайлармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын ,
Біз әдепті баламыз.
Қызыл- жасыл, қарасың,
Қолға кезек аласың.
Қарындашпен әртүрлі,
Алуан сурет саласың.
Қарындаштың көмегі,
Міне, қандай көп еді.
Ұштай біл де, ұстай біл,
Түрлі өнер төгеді.
Ребус шешу:
-Балалар, біз бүгінгі оқу қызметін ребус шешуден бастаймыз.
Олай болса бір сәт тақтадағы суретке назар аударайықшы.
-Суретте не бейнеленген?
-Мынау ненің суреті?
-Балалар: Қарындаш
Қарындаш деген сөзде қандай дыбыс есітіп тұрмыз? Қарындаш сөзі қандай бас әріппен басталып тұр?
Балалар: -Қ- дыбысы.
-Дұрыс. Қ –дыбысы дауысты ма? Дауыссыз ба?
Балалар: дауыссыз.
Ендеше бірінші тор көзге Қ әрпін жазамыз.
Ал мынау ненің суреті?
Балалар:- Ыдыстар.
-Ыдыстар деген сөзде бірінші қай дыбыс естіліп тұр ?
Балалар:-Ы –дыбысы.
Ендеше екінші тор көзге Ы әрпін жазамыз.
Үшінші суретке қарайық, ненің суреті бейнеленген?
-Балалар: -Сағат.
Сағат сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі?
-Балалар:-С дыбысы.
Өте дұрыс, ендіше үшінші тор көзге С әрпін жазайық.
Қандай сөз шықты?
Балалар: Қыс.
Олай болса балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы
«Ғажайып қыс»
Психологиялық сәт:
Қазір жылдың қыс мезгілі. Қыс мезгілінің табиғаты өте тамаша!
Қазір біз қиял арқылы табиғат әлемін бір тамашалап қайтайық.
Ол үшін сендер денелеріңді бос ұстап, көздеріңді жұмып еркін отырыңдар.
Ұйтқып боран соғып, қыс өзінің сықырлаған аязымен терезелерге өрнегін салып, тамаша бір көрініс тапқандай.
Жер беті мамықтай жұмсақ ақ қармен көмкерілген, жалт-жұлт еткен аппақ қарлар көздің жауын алып, қар үстінде жүре бергің келеді.
Айнала сыңғырлап шыққан күлкіге толы балалардың дауысы.
Бірі сырғанақ теуіп жүр, ал бір аққала тұрғызып жатыр.
Бір топ бала шанамен ойнап, бір-біріне қар ұрысып жатыр. Ойынға қызған балалар тоңғанын да білмей аппақ қарға малынып шанамен зырлап барады.
Енді көзімізді жаймен ашып айналаға қарайықшы!
Міне балалар қиялымыздағы қыс бейнесі өте керемет екен.
Қазір қыстың ең соңғы айы. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар.
Қыс мезгілі өзінің аппақ қарымен, сықырлаған аязымен , көк айдын мұзымен ерекше. Ақ ұлпа қар жамылған ағаштар, үйлер, таулардағы қыс көріністері көздің жауын алады. Қыс мезгілінің тағы бір ерекше көрінісі – қысқы ойындар.
Қысқы ойындар өте қызықты, сондықтан балалар қыс мезгілін асыға күтеді.
Бірі шанамен сырғанап, бірі аққала жасап, бірі қар атысып ойнаған балалардың көңілді жүздерімен дауыстары ерекше көңіл –күй сыйлайды.
Қыс мезгілін асыға күтуіміздің тағы бір себебі – ол жаңа жыл мерекесі.
Әсіресе бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады.Міне қыс мезгілі осындай екен.
Сонымен балалар қыста қандай киімдер киеміз?

Енді балалар бүгінгі тақырыбымызға байланысты дәстүрлі емес әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, кляксография техникасымен түтікшені және мақта таяқшаларын қолданып, қыстағы қар жамылған ағаштардың суретін салайық.
Сергіту сәті:
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз, үп-үшкір,
Көзі көмір қап қара.
Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұзайдынды аршуға,
Келгендей-ақ ол мұнда.
Қорытынды:
Қайсысы артық?
Мақсаты: Қысқы табиғат құбылыстарын ата.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жарық,
Сау-саламат, болайық!
Балаларды мадақтап,қонақтармен қоштасу

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *