Жомарттық пен сараңдық

Сабақ: Ы.Алтынсарин «Атымтай Жомарт»

Жомарттық пен сараңдық

Мектеп: Р. Смаилов атындағы орта мектеп
Күні:6.12.2019 жыл. Мұғалімнің аты-жөні: Қарақұлова Б
Сынып:5 «Ә» Қатысқандар: Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары 5.2.4.1.Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат,өлең жазу
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Көркем шығармадан алған әсерін сипаттай алады
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: авторға хат жаза алады
Кейбір оқушылар орындай алады:өз ойын көркем тілмен жеткізе алады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Талқылауға арналған сұрақтар: Автор осы шығарма арқылы бізге не айтқысы келді деп ойлайсыңдар?
Не себепті деп ойлайсыз?
Ишара:
Алдыңғы оқу: «Атымтай жомарт»
Жоспар
Жоспарланған кезеңдер, уақыттар Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
І.Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылығын ояту

Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі. Оқушылардан суретте не болып жатқанын және түсіндіріп берулері сұралады.

Білім алушының назарын шоғырландыру үшін қосымша жетекші сұрақтар қойылады:

 

– Суреттен не байқадыңдар?

– Бұл қандай адам? Оның бойында қандай жақсы қасиет бар деп ойлайсыз?

– Бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайлы? Болжаңыз.

 

Сөз Мағынасы
Жомарттық
Сараңдық
Еңбек

Үлестірме қағаздар арқылы сынып оқушыларын топқа бөлемін.

І топ. Жомарт

ІІ топ. Мейірім

ІІІ топ. Еңбек

 

Дескриптор:

1 «Жомарттық» сөзінің мағынасын ашады.

2. «Сараңдық» сөзінің мағынасын ашады.

3. «Еңбек.» сөзінің мағынасын ашады

 

Оқушыларды сабақтың оқу мақсаты мен табыс критерийлерімен таныстыру.

Оқу мақсаты:

5.2.4.1. Көркем шығармадан алан әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.

Критерийлер:

ü  шығармадағы автор бейнесін анықтай алады;

ü  автор бейнесін анықтайтын үзінділерді таба алады;

ü  шығармадағы автор бейнесіне өзіндік баға бере алады.

Суреттер

Қима қағаз

слайд

ІІ.Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 минут

 

ü  Оқушылар кестенің 1-бағанына өздеріне шығарманың әсер еткен тұсын теріп жазады да, келесі бағанға үзіндіні таңдаудағы себебін баяндап жазады.

ü  Кіші топ ішінде өз жұмыстарын ортақ талқыға салады.

ü  Топ мүшелерінің таңдауы бойынша әр топтан 2-3 үзінді оқылып, оқушының өз тұжырымы таныстырылады.

1. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі

ü  Оқушыларға кесте біріледі.

Мен әсер алған үзінді Маған үзінді несімен ұнады?
– Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi.  

Дескриптор

-оқушылар өздеріне ерекше әсер еткен 1-3 үзіндіні теріп жазып, келесі бағанға таңдаудағы себебін түсіндіреді;

-оқушының өз пікірін жазуда сөйлемдер жинақы құрылу керек;

-мүмкіндігінше көркем сөйлеу тілі қолданылуы керек.

 ҚБ түрі: оқушының өзін-өзі бағалауы, өзара бағалау.

2. «РАФТ» әдісі

ü  Оқушылар жеке отырып, әңгімеден алған әсерлерін сипаттап авторға хат немесе өлең жазады.

ü  Өз жұмыстарын алдымен топ мүшелеріне, қаласа ыстық орындыққа отырып, бүкіл сыныпқа оқып береді.

Р – оқырман

А – автор (Ы.Алтынсарин)

Ф – хат

Т – шығармадан алған әсер

Дескриптор:

-хатта әңгімеден алған әсері сипатталған жинақы, түсінікті сөйлемдерден болу керек;

-мәтін 5-10 сөйлемнен болуы керек.

4. ҚБ түрі:оқушының өзін-өзі бағалауы, өзара бағалау, мұғалімнің кері байланысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте

ІІІ.Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

«Төрт сөйлем» әдісі

Бүгінгі сабақ қалай өтті?

Пікір: Әңгіме кейіпкері туралы өзіндік пікіріңді жаз

Дәлел: Пікіріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер

Мысал: Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір

Қорытынды:Әңгіме кейіпкері туралы пікіріңді дәлелде.

 

 
ҮІ. Үйге тапсырма: Авторға арнап өлең жазу  
Қосымша ақпарат:

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *