Жомарттық пен сараңдық
Сабақ: Ы.Алтынсарин «Атымтай Жомарт»
Жомарттық пен сараңдық |
Мектеп: Р. Смаилов атындағы орта мектеп | ||||||||||||
Күні:6.12.2019 жыл. | Мұғалімнің аты-жөні: Қарақұлова Б | ||||||||||||
Сынып:5 «Ә» | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 5.2.4.1.Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат,өлең жазу | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: Көркем шығармадан алған әсерін сипаттай алады | ||||||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: авторға хат жаза алады | |||||||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады:өз ойын көркем тілмен жеткізе алады. | |||||||||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: | ||||||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: | |||||||||||||
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: | |||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: Автор осы шығарма арқылы бізге не айтқысы келді деп ойлайсыңдар? | |||||||||||||
Не себепті деп ойлайсыз? | |||||||||||||
Ишара: | |||||||||||||
Алдыңғы оқу: | «Атымтай жомарт» | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланған кезеңдер, уақыттар | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||||||
І.Сабақтың басы
5 минут |
Қызығушылығын ояту
Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі. Оқушылардан суретте не болып жатқанын және түсіндіріп берулері сұралады. Білім алушының назарын шоғырландыру үшін қосымша жетекші сұрақтар қойылады:
– Суреттен не байқадыңдар? – Бұл қандай адам? Оның бойында қандай жақсы қасиет бар деп ойлайсыз? – Бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайлы? Болжаңыз.
Үлестірме қағаздар арқылы сынып оқушыларын топқа бөлемін. І топ. Жомарт ІІ топ. Мейірім ІІІ топ. Еңбек
Дескриптор: 1 «Жомарттық» сөзінің мағынасын ашады. 2. «Сараңдық» сөзінің мағынасын ашады. 3. «Еңбек.» сөзінің мағынасын ашады
Оқушыларды сабақтың оқу мақсаты мен табыс критерийлерімен таныстыру. Оқу мақсаты: 5.2.4.1. Көркем шығармадан алан әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу. Критерийлер: ü шығармадағы автор бейнесін анықтай алады; ü автор бейнесін анықтайтын үзінділерді таба алады; ü шығармадағы автор бейнесіне өзіндік баға бере алады. |
Суреттер
Қима қағаз слайд |
|||||||||||
ІІ.Сабақтың ортасы
15 минут
15 минут
|
ü Оқушылар кестенің 1-бағанына өздеріне шығарманың әсер еткен тұсын теріп жазады да, келесі бағанға үзіндіні таңдаудағы себебін баяндап жазады.
ü Кіші топ ішінде өз жұмыстарын ортақ талқыға салады. ü Топ мүшелерінің таңдауы бойынша әр топтан 2-3 үзінді оқылып, оқушының өз тұжырымы таныстырылады. 1. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі ü Оқушыларға кесте біріледі.
Дескриптор -оқушылар өздеріне ерекше әсер еткен 1-3 үзіндіні теріп жазып, келесі бағанға таңдаудағы себебін түсіндіреді; -оқушының өз пікірін жазуда сөйлемдер жинақы құрылу керек; -мүмкіндігінше көркем сөйлеу тілі қолданылуы керек. ҚБ түрі: оқушының өзін-өзі бағалауы, өзара бағалау. 2. «РАФТ» әдісі ü Оқушылар жеке отырып, әңгімеден алған әсерлерін сипаттап авторға хат немесе өлең жазады. ü Өз жұмыстарын алдымен топ мүшелеріне, қаласа ыстық орындыққа отырып, бүкіл сыныпқа оқып береді. Р – оқырман А – автор (Ы.Алтынсарин) Ф – хат Т – шығармадан алған әсер Дескриптор: -хатта әңгімеден алған әсері сипатталған жинақы, түсінікті сөйлемдерден болу керек; -мәтін 5-10 сөйлемнен болуы керек. 4. ҚБ түрі:оқушының өзін-өзі бағалауы, өзара бағалау, мұғалімнің кері байланысы. |
Кесте |
|||||||||||
ІІІ.Сабақтың соңы
5 минут |
Кері байланыс
«Төрт сөйлем» әдісі Бүгінгі сабақ қалай өтті? Пікір: Әңгіме кейіпкері туралы өзіндік пікіріңді жаз Дәлел: Пікіріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер Мысал: Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір Қорытынды:Әңгіме кейіпкері туралы пікіріңді дәлелде.
|
||||||||||||
ҮІ. Үйге тапсырма: | Авторға арнап өлең жазу | ||||||||||||
Қосымша ақпарат:
|
|||||||||||||