Шаңырақ астында

АШЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Шаңырақ астында»
Мақсаты: Отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;Үлкендерді сыйлауға, кішілерді құрметтеуге, қамқорлыққа, бір-бірімізге жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Міңдеттері: күш салмай ән айту, сөздер мен дыбыстарды таза және анық айту, музыканың биге тән сипатын қабылдау; жеңіл қозғалу, ырғақты қозғалу. Балаларды бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: таныс музыканың көңіл күйін бере отырып, қимылдарды жасайды; әндерді орындайды.
Түсінеді: әнді бірге бастап, бірге аяқтауды;
Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қимылдарды музыкалық шығарманың түріне орындайды

Қолданылатын көрнекі құралдар: отбасы мүшелерінің,ағаштың суреттері, ноталардың суреті,
Билингвальді компонент: отбасы-семья-family
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар музыка залына «Марш» (Е. Андосов) әуенімен аяқты нық басып кіріп, шеңбер бойымен жүреді.
Шаттық шеңбер
Отбасының гүліміз
Көңілді өтер күніміз.
«Қайырлы таң!» деп айтамыз
Бір болып кешке қайтамыз.
Балаларды орындарына отырғызу.

-Балалар,біздер өткен оқу қызметімізде отбасы,жанұя туралы сөйлескенбіз.Отбасы,жанұя дегенді қалай түсіндіңдер?Кімдер олар?
-Ата-әжеміз
-Әкеміз
-Анамыз,-деп ойларын айтады.
2.Негізгі бөлім
-Дұрыс айтасыңдар.Қазақ халқы бұрынғы заманда отбасы мүшелерін үлкен,алып ағашпен байланыстырған.Қазір біз ойын сабақ барысында ол ағаштың қалай аталғанын білетін боламыз.Біздер отбасы,жанұя деп айтып жатырмыз,отбасы деген сөз орыс тілінде қалай айтылады,ал ағылшын тілінде ше?
-Орыс тілінде –семья
-ағылшын тілінде – family
Көрнекіліктегі ағашты түсіндіру.
-Мына ағаш қандай?Үлкен бе?
-Осындай ең бірінші ағаш үлкеееен болып өсу үшін не керек?Барлығымыз осы ағаштың мықты болып өсу үшін қажетті факторларды анықтап алайық.Ол үшін жұптаса отыра алдымыздағы конвертті ашып,бірге ағаштың өсуіне маңызды факторлардың пирамидасын құрастырайық.
(балалар құрастырады)
-Болсақ осы пирамидамызды тақтаға құрастырайық.
Балаларға сұрақтар қою арқылы,олардан толық жауап алып,пирамиданы құрастырады.
-Күннен өсімдік не алады?
-жылу,жарық
(Алдарын жинау)
-Сендер алып ағаштың дұрыс өсу үшін қажет факторларды атап бердіңдер.
-Алып ағаштың мына бөлігі қалай аталады?
-Біздің аталарымызды,әжелерімізді ағаштың діңіне теңеген.
-Діңі арқылы ағаш не алады?
-Бұтақ.Әкебіз бен анамызды осы бұтаққа теңеген.
-Бұтақтан жапырақтар өседі.Бұл жапырақтар сендерсіңдер,Жапырақтарды балаларға теңеген.
-Ата-әжелеріміз балаларына әкелерімізге,аналарымызға ақыл береді,тәрбие береді.Сол ақылды әкелерің мен аналарың сендерге береді.
Сергіті сәті:

Ән үйрену:
Біз тәртіпті баламыз
1.Әрқашан да тыңдаймыз
Әке менен ананы
Еңбек етіп,шыңдаймыз
Білім менен сананы.
Қайырмасы
Біз тәртіпті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Аман болсын әке мен анамыз

2.Мейірім мен шапағат,
Анашымнан тарайды.
Әділдік пен парасат,
Әкешімнен арайлы.
Қайырмасы

3.Рефлексия
Ағашпен тәжірибе жасау
Бір бұтақты майыстырады,сындырады.
Адам жалғыз болса қиындыққа шыдай ала ма?Жоқ
Сондықтан біз отбасымызда да,балабақшада да бір-бірімізды тыңдауымыз керек,бірге жүріп,бірге ойнауыңыз керек.Тату болсаңыз, сендерге ешкім де жамандық жасай алмайды.
-Ата-анамыз мықты болу үшін сендер не істеуіңіз керек?
-Сендердің отбасыларыңыз қандай?Сипаттап беріңші.
(Шаңыраққа отбасыларын сипаттап,
-еңбекқор
-тәртіпті
-көңілді деп уықты жапсырады)
Үйренген әнді қайталау
Балаларды мадақтап,қонақтармен қоштасу.
Көңілді әнмен балаларды залдан шығарып салу.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *