Отан-менің жүрегім! Оқу қызметі

Тәрбиеші: Абдрахманова Карлыгаш
Білім беру саласы: Коммуникация ,Шығармашылық.
Бөлім: Cөйлеуді дамыту, Аппликация
Тақырыбы: «Отан – менің жүрегім!»
Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.Еліне, жеріне,Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Еліміздің Астанасымен таныстыру, ондағы сұлу орындар туралы айтып беру.
Сөзді анық айтуға,есте сақтау қабілетерін дамыту.
Бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу,ой-өрісін дамыту.
Көрнекілігі: Қазақстаның көрнекті жерлері туралы суреттер.
Сөздік жұмыс: Менің Отаным
Билингвистикалық компоненттер: Менің Отаным-моя Родина
Іс-әрекеттер
кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін,
Ұл қолында Ту жүрсін!
Қыз қолында гүл жүрсін!

Балалар шаттық шеңберін тәрбиешімен бірге орындады.

Ізденіс– ұймдастырушы Ғажайып сәт:
Секіріп ойнап жүрген қуыршақ Айсұлуды кезіктіріп қаламыз.
-Мен ойнап жүріп қай жерге тап болдым?
Амандасады, қал-жағдайларын сұрайды.
-Мен ойнап жүріп, үйімнен адасып кеттім, мені үйіме жеткізіп тастаңызшы?
-Айсұлу, сен бүгін біздің балаларымыздың ашық оқу қызметіне қатысып, біздің балаларымыздың ақылды, білімпаз екенін көріп тыңдап,
қайтшы.

Сенің анаң сені жоғалып кетті деп уайымдамас үшін мен сенің анаңа телефон шалып қоямын.
Бүгінгі ашық оқу қызметімізді
ерекше, қызықты тақырыбы:
«Отан менің жүрегім»
– «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Дұрыс, балалар.
Біздің Отанымыз – Қазақстан!
Қазақстанымыздың табиғаты алуан түрлі.
Қазақстанда тұратын әрбір азамат өз Отаны туралы білуі керек. Халықтың ортақ үйі – Отан. Біздің бас қаламыз – Нұрсұлтан. Онда түрлі әсем ғимараттары бой көтерген. «Бәйтерек», «Ханшатыр» – Нұрсұлтанның символы.
Әркімнің туып-өскен жері – Отан деп аталады. Отан отбасынан басталады. Біз Қазақстанда туып, өстік. Ол біздің Отанымыз!
Отан туралы кім тақпақ, мақал-мәтел біледі?
Балалар Айсұлу қызға біз шығармашылық

ортаға барып балабақшамызды рәзіңке арқылы құрастырып бейнелейік және мөр басу арқылы губканы бояуға малып күнді, бұлтты, талды , шыршаны бейнелейік.

Сергіту сәті:
Қане, қане тұрайық,
Киіз үй біз құрайық.
Оң қолыды көтердім,
Сол қолымды көтердім.
Киіз үйді тұрғыздық,
Жұмысты біз тындырдық.

Дидактикалық ойын:
«Менің сүйікті отбасым»

-Балалар жасаған жұмыстарыңды Айсұлуға сыйға тартайық.
Айсұлу қуанып, рахметін айтып қоштасып кетеді.

Айсұлу қуыршаққа таңырқап қарайды.
-Балабақшаға

Қонақпен амандасады.
Қал-жағдайлары жақсы екенін айтады.

– Әр адамның өз Отаны болады.
– Отан – ол біздің туған жеріміз, тұратын жеріміз, отбасымыз.
– Отан – біздің атамекеніміз.
– Отан біздің табиғатымыз, айналамызды қоршаған орта.
– Біздің еліміз өте бай, өте әдемі.
– Біздің Отанымыз – Қазақстан!

Отан туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер айтып бареді.
Балалар өнер орталығына барып,дәстұрден тыс жұмыс жасайды.

Сергіту сәтін орындайды,іс-қимыл жасап қолдарын көтеріп киіз үйді бейнелейді.

Ойынды қызығушылықпен ойнайды

Балалар жасаған жұмыстарын Айсұлуға сыйға тартып, қоштасты.

Рефлексивтік түзеу Сұрақ- жауап арқылы оқу қызметін аяқтаймын.
-Балалар, жарайсыңдар !
-Сендерге бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?
Бүгінгі оқу қызметімізді
күннің шуағына жақсы тілектер айтып, суреттерді орналастырайық.
Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды.

-Иә, ұнады.

-Күніміз жарық болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
-Отбасымыз аман болсын!
-Достарымыз аман болсын!

Күтілген нәтиже:
Нені білу керек: Қазақстан Республикасының бас қаласы – Нұрсұлтан екенін.
Нені игереді: Өз туған жерін сүюды.

Нені білді: Көргені туралы әңгімелеуді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *