Сақтар туралы тарихи мәліметтер

                   

 

5.2 В Сақтар Мектеп:  Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп
Күні: 04.12.19ж Мұғалімнің аты-жөні: Т.Қ.Берденова
Сынып: 5 «Б» Қатысқандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Сақтар туралы тарихи мәліметтер

Зерттеу сұрағы: Қандай тарихи дереккөздер сақтар туралы мәлімет береді?

    Сабақ

негізделген

 оқу  мақсаты

(мақсаттары)

5.3.1.1 картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;
5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру

 

Сабақ мақсаттары  Барлық оқушылар: Сақтардың орналасқан жерлерін біледі. Сақтар туралы жазған тарихшыларды біледі.
  Оқушылардың басым бөлігі: Сақтардың атауларын ажыратады, дереккөздерге сүйеніп дәлелдейді.
Кейбір оқушылар: Сақтардың орналасқан жерлерін кескін картаға түсіреді, оларды сипаттайды, дереккөздерге сүйеніп, сақтардың айырмашылықтарын ажыратады
Ойлау деңгейі Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийі –        Сақтардың атауларын есіне сақтайды.

–         Сақтар туралы деректер қалдырған тұлғаларды атайды;

–        Сақтар туралы мәлімет беретін дереккөздерге сүйеніп, Қазақстан жерінде өмір сүргендігін, тарихи маңызын дәлелдейді;

–        Сақтардың орналасуын картадан көрсетеді;

Тілдік мақсат Оқылым:- Сақтардың орналасуы, ондағы тарихи деректерді оқулық мәтінінен оқи отырып сақтардың әр деректердегі атауларын ажыратады.

Тыңдалым: — Сақтар туралы бейнематериалдарды тыңдай отырып, олар туралы келтірілген дерек көздеріне сүйене отырып түсінеді және бір-бірінің пікірлерін тыңдайды.

Айтылым:—  Оқулық пен бейнероликті деректерді немесе карталарды қолдана отырып сақтардың орналасуын ауызша сипаттайды.

Жазылым: — Сақтардың орналасқан аумағы бойынша сәйкестендіріп және сақтардың орналасуын кескін карталарда көрсету арқылы жазбаша сипаттайды.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Сақтар, тиграхауда, хаумаварга, парадарайа, скиф, массагет, исседон, аргипейлер, ариймаспылар.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Тиграхауда, парадарайа, хаумаварга ұғымдары нені білдіреді

Сақтардың әр деректердегі атауларының мағынасы….

Тарихшылар келтірген деректерден нені байқауға болады

Талқылауға арналған тақырыптар:

Деректерге сүйеніп, сақтарға сипаттама бере алады.

Сақтардың орналасқан жерлерін картадан көрсету арқылы түсіндіреді.

Жазу үшін ойға салу:

Сақтар туралы зерттеген тарихшылардың деректерін сәйкестендіру.

Картаға сақтардың орналасуын көрсету.

Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын қалыптастыру: топтық, жұптық, жеке жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың бойында бір-біріне құрмет көрсету, ынтымақтастықта жұмыс жасау қабілеттерін тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс География, Дүниежүзі тарихы
Тақырып бойынша алдыңғы білім: 5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау  тақырыбындағы алдыңғы білімдерін тиянақтай отырып, «Қарлы кесек» әдісі арқылы ашық және жабық сұрақтарды жеңілінен күрделіге қарай қоямын.

1. Көшпелілердің қандай салт – дәстүрлері бүгінгі күнге дейін жеткен?

2.Неліктен көшпелілер от пен күнге табынған?

3.Көшпелілер ата- баба рухын қалай дәріптеген?

4.Көкпар ойынының ережелері, тәртібі жайлы не білесіңдер?

5. Саятшылық туралы айтып бер.

6. «Самарқанның көк тасы жібіген күн» деген сөз тіркесін қалай түсінесің?

Қалыптастырушы бағалау: ауызша бағалау  «Жақсы!» , «Керемет!», «Жарайсың!» Осындай уәжін көтеру мақсатында бағалау.

 

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері: Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері: Ресурстар:
Сабақтың басы

5 минут

   Білім алушылармен  сәлемдесу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Сабақ мақсатын білім алушылармен анықтау және сабақ кезеңдерімен  таныстыру.  «Алтын ережені» еске түсіру.

Топтарға бөлу.

Қоржыннан конфет алу. Оқушыларға қоржыннан конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3            топқа бөлініп отырады.

  1-топ «Сары кәмпиттер»

  2-топ «Көк кәмпиттер»

  3-топ «Қызыл  кәмпиттер»   

                                                                           Оқушыларды тақырыпқа байланысты сөздермен 3 топқа топтастыру.

1. Тиграхауда      2. Парадарайа          3.Хаумаварга

  «Стоп – кадр» әдісі (тыңдалым) Ерден ата әңгімелері «Сақтар»

    Оқушылар  бейнематериалды тамашалайды

Ой түрткі сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты болжайды

1.Бейне материалдан нені тамашаладыңыздар?

2.Онда кімдер туралы айтылады?

3.Сақтар дегеніміз кімдер?

4.Сақтар туралы  жазған грек тарихшылары кімдер?

5.Грек тарихшышы Геродот өз жазбаларында сақтарды қалай атаған?

6.Сақтар қандай халық болған?

7.Сақтар неше  топқа бөлінген?

ҚБ  «Мадақтау »   арқылы

 

 

Сабақтың ортасы

25- минут

 

 

 

 

 

Топпен жұмыс

Оқылым тапсырмасы.

1-тапсырма «Ойлан, жұптас, бірік » әдісі

Мәтін 3 топқа бөлініп беріледі. Оқушылар мәтінді оқып,  талқылайды, топпен постерге түсіреді.

         1-топ: Сақтар туралы мәліметтер

Дескриптор:

Сақтар туралы жазған грек авторларын атайды

Сақ тайпасына мінездеме береді

Жазба деректердегі сақ сөзінің мағынасын ажыратады

      2-топ: Сақтардың қоныстануы

Дескриптор:

Сақ топтарының атын атайды

Әр топтың орналасу аймағын анықтайды

    3-топ:Сақ қоғамы  

Дескриптор:

Сақ қоғамының 3 топтан тұратындығын біледі

Топтарды  бір-бірінен ажырата алады

М.Тапсырманы орындау барысында оқушылардың назарын төменде көрсетілген критерийлерге аударады:

Бағалау критерийі:

– Постердің эстетикалық талғамға сай болуы;

– Нақты дәлелдемелердің болуы;

– Тақырыптың ашылуы;

– Уақытты тиімді пайдалану;

Әр топ өзіне берілген тақырыпшаларды қорғайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз бір тілек»

 

Жазылым тапсырма
2 – тапсырма «Жылжымалы карта»

 Кескін картаға сақ-массагеттер, сақ-исседондар,

сақ-аргиппейлер және сақ-аримаспы тайпаларының

Қазақстан территориясында географиялық орналасуын түсіріңіз.

Әр топтағы оқушылардың барлығы қатысу керек.

Дескриптор:

Сақ тайпаларының атауларын атайды

Кескін картаға орналасу аймағын жазады

Қалыптастырушы бағалау:  «Бағдаршам» әдісі

А3, маркер

1-қосымшы таратпа материалдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Карта

Кескін карта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Айтылым, жазылым тапсырмасы. Жұптық тапсырма

3-тапсырма Кестемен жұмыс  «Менің мекенім»

Р/с Сақ топтарының аты Мекені
1 Теңіздің арғы жағындағы  сақтар (парадарайа)  
2 Шошақ бөрік киетін сақтар (тиграхауда)  
3 Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаумаварга)  

Дескриптор:

Теңіздің арғы жағындағы  сақтардың мекенін табады

Шошақ бөрік киетін сақтардың мекендеген аймағын жазады

Хаома сусынын дайындайтын сақтардың мекенін жазады

Қалыптастырушы бағалау: Бас бармақ

 

4-тапсырма    «Карточкалар иеархиясы» әдісі

Жеке тапсырма 

 

А)  Cыңарын тап

Р/с Cақ сөзі   Жазбаларда
1 Құдіретті еркектер   Иран жазбаларында
2 Жүйрік атты турлар   Грек авторлары
3 Азиялық скифтер   Парсы жазбаларында

Дескриптор:

Сақ сөзінің жазба деректердегі атауларын сәйкестендіре алады

 

 Ә) Тұлғаны танып біл!

 

Дескриптор:

Тұлғаны танып біледі

Еңбегі туралы айта алады

    

Б) Сәйкестендіру

1 Грек тарихшылары   Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады.
2  Рим тарихшысы Помпей Трог   Сақтар жақсы шабандоздар болған. «Садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген»
3 Грек авторы Ктесий   Сақтар «дұшпанға –қатал, досқа адал болған»
4 Ежелгі грек географы Страбон   Томирис “əйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ”

 

Дескриптор:

Грек, рим авторларының сақтарға берген мінездемесін сәйкестендіре алады

Қалыптастырушы бағалау «Жетондар »

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интерактивті тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың      соңы

10 мин

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Сабақты қорытындылау. «Ақиқат,жалған»

Сұрақтар Ақиқат Жалған
Сақтар б.з.б.І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа    
Иран жазбаларында «азиялық скифтер деп аталады»    
Страбон сақтарды массагет деп атаған    
Жауынгерлерді үнді –иран тілінде «ратайштар деп атаған»    
Сақ қоғамында абыздар қызыл түсті киім киді

 

   
Сақ парадарайа Мургаб аңғарында өмір сүрді    

 

Қалыптастырушы бағалау: Басбармақ

 

Кері байланыс: «Білім кемесі»

– Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді жасыл түске боя;

– Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя;

– Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып,мұғалімнің көмегі қажет болса,желкенді қызыл түске боя;

– Егер қаласаң кемені де бояуыңа болады;

 

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат
Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларғ қандай тапсырма бересіз? Бағалау- Сіз оқушылардың білімін қалай тексересіз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Барлық оқушылар:

 «Стоп – кадр» әдісі (тыңдалым) Ерден ата әңгімелері «Сақтар» бейнематериалын  көре отырып,

 ой түрткі сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты болжады;

Топпен жұмыс (оқылым )

«Ойлан, жұптас, бірік » әдісі бойынша мәтін 3 топқа бөлініп берілді,оқушылар мәтінді оқып,  талқылады, топпен постерге түсірді;

Басым бөлігі:

«Жылжымалы карта» (жазылым)

 Кескін картаға сақ-массагеттер, сақ-исседондар, сақ-аргиппейлер және сақ аримаспы тайпаларының

Қазақстан территориясында географиялық орналасуын түсірді;

Кестемен жұмыс

«Менің мекенім»
Сақ таптарының атауының қасына мекендерін тауып жазды;

Кейбір оқушылар:

Жеке тапсырма

«Карточкалар иеархиясы» ,

«Тұлғаны танып  біл» әдісі,сәйкестендіру тапсырмаларын орындады;

Тaпсырмaлaр оқушылaрдың деңгейіне қaрaй, қызығушылығына қарай, қабілетіне қарай  сaрaлaнaды.

Оқу мақсаттарына  сәйкестендіріліп құрылған тапсырмалардың   соңында  берілген дескрипторлар арқылы    топтар өзара  бір-бірін бағалайды, оқушылар өзін-өзі бағалайды,

Cабақ барысында қолданылған бағалау түрлері:  ауызша бағалау  «Жақсы!» , «Керемет!», «Жарайсың!», «Мадақтау», «Басбармақ»,«Бағдаршам»,

«Жетондар »

«Екі жұлдыз,бір тілек»

әдісі бойынша және  «Білім кемесі» тиімді кері байланыс жүргізілді;

Жұмыс  барысындағы  техникалық  қауіпсіздік ержелері әрдайым сақталады.

-Тоқ көзін мұғалімнің рұқсатынсыз қосуға болмайды

 

-Сыныптағы санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау.

 

-АКТ (интерактивті тақта) жұмыстарының пайдалану ережесі.

 

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Топтық  жұмыс  барысында  оқушылардың   нақты  критерийлерге  сүйене жұмыс  жасауға дағдыландырады;

2.Сабақ соңындағы  рефлексия арқылы сабақтан алған білім-білік дағдыларына анализ жасайды.

 

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.Оқушыларға   бейнематериалдар болса олардың жаңа білімді жақсы меңгерулеріне ықпал жасар еді деп есептеймін.

2. Барлық оқушыларға  тақырыптың  мәтінін  оқуларына  жағдай  жасау және сол оқылым дағдыларын  бағалау үшін оқулықтың оқушыларға толыққанды жетуін қамтамасыз ету.

 

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Топтық,  жұптық   жұмыстар   жүргізгенде  өзіндік  «мені»  қалыптаспаған  оқушылардың,  көшбасшылардың  көлеңкесінде қалмас үшін жеке жұмыстар  жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *