Менің атым Қожа
Сабақ: қазақ тілі | Мектеп: Б.Момышұлы атындағы орта мектеп | ||||
ҚМЖ | Мұғалімнің аты-жөні: Нұрлыбаева Айнұр Абдраманқызы | ||||
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар: 0 | ||||
Сабақтың тақырыбы | Менің атым Қожа | ||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.3.11 Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.
5.2.4.1. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диологке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру. |
||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады:
Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Диологке даярлықсыз қатысып, қарсы пікір айта алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Жағдаятқа сай пікірі мен көзқарасын, пікірін білдіріп, дәлелмен жеткізеді. |
||||
Бағалау критерийлері | – Суреттермен жұмыс жасай отырып, тақырыпты болжайды.
– Диалогта қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданады. – Берілген қыстырма, қаратпа, одағай сөздерге жауап беру арқылы диалогке дайындықсыз қатысып, өз пікірін білдіре алады. -Жағдаяттан шыға алады. -Қарсы пікір білдіре алады |
||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады:
Дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диологке даярлықсыз қатысады, Өз пікірін білдіреді. Пән лексикасы және терминология: Эмоционалды сөздер, дауыс ырғағы, қыстырма, қаратпа, одағай сөздер. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; Паһ, шіркін, менің ойымша, тамаша,керемет, жарайсың т.б. Талқылауға арналған сұрақтар: Қазақ халқының ат қоюда қандай ырымдарға сүйенеді? Лақап ат пен мазақ атқа сенің көзқарасың қалай? Қазақ халқында лақап атпен танылған кімдерді білесіңдер? Адамға берілген есімді құрметтеу дегенді қалай түсінесің? Қазақ халқының ат қоюдағы ырымдар Не себепті ………….. деп ойлайсың? |
||||
Пән аралық байланыс | Өзін –өзі тану ( 2 тоқсан «Мен есіміме лайықтымын ба?» ), әдебиет (3 тоқсан, «Адамгершілік асыл қасиет» бөлімінде) | ||||
Құндылықтары | Қазақ халқының ат қоюдағы ырымдар | ||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Мәтінді түсініп, ақпарат анықтап, тірек сөздер, жетекші сұрақтармен ойды анықтап, өз ойын білдіріп, одағай, қаратпа, қыстырма сөздерді қолдана отырып, диалог құрастыра алады . | ||||
Жоспарлана-тын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дерек-көздер | |||
Сабақтың басы Ұйымдас-тыру
3 мин
Білу деңгейі: 5 мин Б.К:Суреттер арқылы тақырыпты, болжайды. тірек сөздер тауып жазады. Дес:Суреттер мен тірек сөздер мағынасын дұрыс қолданады; Түсінігіне сай болжам жасайды. Түсіну деңгейі: 7 мин Б.К: Бейнебаянды көріп, сұрақ туғызады, жауап айтады. Дес: Сұрақ құрастырады, күтпеген сұрақтарға тез жауап береді. |
Сәлемдесу. Психологиялық дайындық.
“Шаттық шеңбер” әдісімен шеңбер құрып , қандаймын? деген сұраққа жауап бере отырып өзін сипаттайды. М: Мен ақжарқынмын, мен сабырлымын……..Түрлі -түсті қима қағаздарды құрастыру арқылы топқа бөлу, менің есімім…………, менің ныспым…….., менің атым…….. деп айта отырып, тобын таныстырады. Осы бойынша 3 топқа бөлінеді ( топ басшыларын сайлап,топ ішінде тәртіп ережелері талданып ,сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады) Т/А1 Болжау Тыңдалым алдындағы тапсырма:
1.Тапсырма Ж: Суретке қарап, тақырыпқа болжам жасаңыз. Суретте берілген кейіпкерлер туралы өз ойыңызды айту үшін «Түртіп ал» әдісі бойынша тірек сөздер тауып жазыңыз. Саралау: Қажеттілігі барларға ұсынылатын сөздер: сотқар, қу, алдамшы, үздік, үлгілі, өтірікші, кино, ұшқалақ, сабырлы, мақтаншақ , ұрлықшы т.б. Қ.Б:Мадақтау, қолпаштау Тыңдалым тапсырмасы. Ж.Ж: 1.Бейнебаян көрсету – Қожадан қандай эмоция байқадыңдар? Қожаның дауыс ырғақтарында қандай сөздер қолданды? «Ойлан –жұптас –бөліс» әдісі бойынша 2 ашық сұрақ құрастырыңыз. Сұрақ мазмұнында қыстырма, қаратпа, диолаг сөздерді қолданыңыз Жұбыңыздың сұрақтарына өз пікіріңізді білдіре отырып, жауап беріңіз. Саралау: Қажеттілігі барларға ұсынылатын сөздер: біріншіден, екіншіден, алдымен, ақырында бақытына қарай, амал қанша, өкінішке орай сөз жоқ, әлбетте, шынында, бәсе меніңше, оның айтуынша сірә, мүмкін, бәлкім Қ.Б: «Бас бармақ» |
Түрлі түсті қима қағаздар, «Алтын ереже» тақтаға ілінеді
Қима қағаздар
АКТ Қима қағаздар |
|||
Сабақ ортасы
Қолдану деңгейі : 10 мин Б.К: Мәтінді тыңдап, көтерілген мәселеге өз пікірін білдіреді. Дескриптор: Жағдаятқа сай өз көзқарасын білдіреді. Басқаның пікірін тыңдап, бағалайды.
Талдау деңгейі 10 мин К.Б:эмоционал-ды сөздерді қолданып, жетекші сұр-тар бойынша өз пікірін білдіріп диалог құрады. Дескриптор: Сұраққа тез жауап береді.Сұрақ қояды.
Жинақтау деңгейі 7 мин К.Б: Себебін дәлелмен айтады. Дескриптор: Қорытынды шығарады.
|
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Т.Ж: 2. «Адамның есімі оның өміріне әсер ете ме? «Бұрыш» стратегиясы арқыл ақынмен «келісетінін» , «келіспейтінін»,«екі ойлы» екенін айтып, өз ойын дәлелдейді. (Оқушылар көтерілген мәселе бойынша өз көзқарасын білдіретін сөздердің бірін таңдайды. Артынша топпен ақылдаса отырып, әр топтан бір өкіл шығады және өз көзқарасын дәлелдейді. Менің атым Қожа Менің атым… Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақытпа деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса қалса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең, қолдан келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едің. Бірақ амалың нешік, сен жөргекте жатқанда, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. Міне, сол күннен, сол мезеттен бастап, әлгі ат сенімен бірге туғандай сақталып қалған. Енді одан көзің тіріде қашып құтыла алмайсың. Ұнатсаң да, ұнатпасаң да, мойныңа іліп жүре бересің. ….Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Туу куәлігінің өзінде солай деп жазылған. Бірақ , бертін келе «Қожабергеннің» «бергені» үзіліп түсіп қалыпты. Сонымен мен өзім ес білгелі Қожамын. Ауыл-аймақтың бәрі солай атайды. Біз бір сыныпта екі Қожа бармыз. Сүттібайдың баласының аты да Қожа. Оқушылар екеуімізді шатастырып алмас үшін өңімізге қарап, мені Қара Қожа, оны Сары Қожа деп атайды. Әуел баста мен бұған да шамданып қалатын едім. Бірақ жүре-бара құлағым үйреніп, дағдыланып кеттім. «Қара Қожа» дегендерге «әу» деп, жалт қарайтын болдым. Жантас тәрізді қужақтар дұрыс айтпайды, әдейі бұзып, келемеждеп, «Қара Көже» дейді. Мен байқамай қалып «әу!» деймін. Бірақ бұл қылығы үшін, бейшараның обалы нешік, тиісті сыбағасын менен талай рет алды… Фамилиям Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрдім. Бірақ жұрттың бәрі «ов» болып жатқанда менің олардан алабөтен жырылып шыққаным жарамас дедім де, «Қадыровқа» қайтып келдім. Қ.Б: «2 жұлдыз, 1 тілек» топтар бір- бірін бағалайды. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Т.Ж: Эмоционалды сөздерді қолдана отырып, берілген жетек сұрақтарға өз пікіріңді білдіріп диалог құру « Өрмекші тор» әдісі Жетек сұрақтар: 1 топ: Қазақ халқында лақап атпен танылған кімдерді білесіңдер? 2 топ: Адамға берілген есімді құрметтеу дегенді қалай түсінесің? 3 топ: Лақап ат пен мазақ атқа сенің көзқарасың қалай? Саралауға арналған қосымшалар: Менің ойымша……………… әрине, керемет, Паһ, шіркін………..масқара, өкінішті, Абай лақап ат па? Азан шақырған ат па? Лақап атпен Абай (Ибраһим), Қаныш (Абдулғани), Қайрош (Қайрғали), Мағжан (Әбілмағжан) т.б Қ.Б: Топтар өзара бір –бірін түрлі – түстегі шарлармен бағалайды . Жасыл-өте жақсы Көк – жақсы Қызыл -қанағат
Тапсырмасы «ПОПС» формуласы бойынша өз есіміңнің мағынасын баяндап айтып береді. 1. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, … » 2. Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » 3. Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » 4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім …» Саралауға арналған : 1. Бірінші сөйлем «Менің ойымша менің атымды ………………… қойған. » 2. Екінші сөйлем «Себебі, мені батыр, ержүрек, мықты ( әдемі, сұлу) болсын деп … ………… » 3. Үшінші сөйлем « мен өзімнің атыма сай (сұлумын, өнерлімін, қайраттымын, өжетпін, мейірімдімін т.б) екенімді …………….. дәлелдей аламын … » 4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен адамдардың атын…………………………… қорытынды шешімге келдім …» Қ.Б: Мадақтау, қолдау көрсету |
Стикер
Мәтін жазыл ған парақ, «Келісем», «Келіспейім», «Екі ойлымын» жазыл ған плакат
Қима қағаз
|
|||
Сабақтың соңы
Бағалау деңгейі 3 мин |
Бүгін сабақ ұнады ма?
Бұл сабақта мен үшін не қиын болды? …………………………………………………….. Бұл мен үшін неге қиын болды? …………………………………………………….. Бұл қиындықтарды ненің көмегімен еңсердім/ еңсере аламын
|
||||
Қосымша ақпарат |
|||||
Мен оқушыларға көбірек қолдау көрсету мақсатында тапсырмаларды саралап ұсынамын. Ерекше қабілеттілігі бар оқушыларға тірек сөздер мен қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді ……… бөлімінде қима қағаз ретінде беремін.
Қабілеті жоғары оқушыларға жағдаяттан шығу және өз көзқарасын білдіретін сұрақтар беріп, диалог құрғызуды көздедім. |
Бағалау – «Мадақтау, қолпаштау»,
«бас бармақ», «2 жұлдыз 1 тілек», «Түрлі түсті шарлар» |
Пәнаралық байланыс:
Өзін –өзі тану ( 2 тоқсан «Мен есіміме лайықтымын ба?» ), әдебиет (3 тоқсан, «Адамгершілік асыл қасиет» бөлімінде) Қауіпсіздік ережелері: АКТ қолданғанда ережелерді еске түсіру АКТ-мен байланыс: Бейнебаян (Қожа туралы) Қазақ халқының ат қоюдағы ырымдар. Адам атын құрметтеу – адамды құрметтеу. |
|||
Тірек сөздерді, суреттерді, саралауға және орындауға арналған тапсырмаларды бөлінген уақытымен, тиісті әдіс тәсілдермен бағалау критериилерімен дескрипторларды орындалса, оқу мақсатына жетеді.
. |
Әр бір бөлімде оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін «Түртіп алу», «Ойлан –жұптас –бөліс», «Бұрыш стратегиясы», «Өрмекші торы», «ПОПС» формуласы әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. | Сабақ жоспарын құру үшін маған өзге пән мұғалімдерінің көмегі пән аралық байланыс бөлімін толтыруда керек.
Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндірмейді. Себебі техникалық қауіпсіздк ережесімен сақтаса. Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта алады. Бейнебаян көру, ақпарат іздеу т.б. Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға мүмкіндік бар. |
|||
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? |
|||||
Оқу мақсаты жүзеге асты.
Бүгін оқушылар суретті болжап тақырыпқа шығуды үйренді. Сыныптағы оқу атмосферасы өте қызықты, көңілді, жылдам болды. Оқу мақсатына жету үшін жасалған тапсырмалар ұтымды болды. Мен жоспарланған уақытта орындап үйрендім. |
|||||
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Жағдаятқа енуге арналған тапсырма өте тартысты, қызықты өтті. 2:Жинақтау бөліміндегі «ПОПС формуласымен өткізген «Өз есіміңнің қойылу себебін түсіндір» тапсырмасы оқушы қызығушылығын туғызды.
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Сабақтың оқу мақсатына жетуді негізге ала отырып, Б.К мен тапсырмаларды дұрыс жүйелі дайындау 2: Оқушының мақсатқа жетуіне тиімді әдіс –тәсілдерді ұтымды қолдану
Осы сабақ барысында мен сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін деген екі ақпараты алдым? · Уақытты тиімді пайдалануды үнемі қадағалау; · Қажеттілігі бар оқушыларға берілетін тапсырмаларды өсу ретімен беру; |
|||||