“Ұ әріпі”

Тақырыбы:  Ұ әріпі

Мақсаты:  Балаларға  Ұ әрпін түсіндіру.  Дауыты, дауыссызын ажырату.   Жазып үйрету.  Баланың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Барысы:  Балармен сәлемдесу,   назарын  ұйымдатырылған оқу қызметіне аудару.  Сабақ басталар басталмас  есік тарс-тарс  қағылады.  Балалардың  назары есікке ауады.  Осы сәтте сырттан  Ұлжан есімді қыз келіп, балалрға бұртыя, жыламсырап қарап тұрады.

Мұғалім: -Сен кімсің?

Қыз: -Мен ұлжанмын.

Мұғалім:  -Ұлжан сен мында неге жүрсің?

Қыз:  -Мен балаларға келдім.  Мен мүлде кішкентайымда балабақшаға бармағанмын.  Енді мектепке жасым жеткенде барсам мені мектеп қабылдамады:

Мұғалім: Неліктен сені мектеп қабылдамады?

Қыз: Себебі мен ешқандай әріпті танымаймын. Керек десеңіз өз есімімнің бас әріпін де білмеймін.

Мұғалім: -Ұлжан жан сен мұңайма, біз балалармен саған көмектесейік. Солай ма балалар?

Балалар иә көмектесеміз!

Мұғалім: «Сара жол»  ойыны.   Олай болса ең алдымен сара жолдан өткізейік.  Келеғой ортаға.  Балалар екі бетке бірін-біріне қарама қарсы ұзын дәліз жасап тұрады.  Ұлжан жәймендеп балалардың арасынан өтеді. Әр бала бір ауыз жақсы сөзден айтып өтеді. (Сен ұқыптысың, сен алғырсың, сен жақсысың, сен әдемісің  т.б.с)  Ұлжан көптеген мақтау сөз естіп көңілі көтеріліп балаларға рақымет айтады. (балалар орнына жайғасады)

Мұғалім: Ал енді Ұлжан жан біздің оқу қызметімізге қатысып,   өз атыңның бас әріпін танып алағой.

Қыз: А,  есіме түсті. Менің сөмкемде мұғалімнің берген  хаты бар. Мұғалім осы жұмбақты шешсең  сенің есіміңнің бас әріпі шығады деген.  Балалар өтініш көмектесіңдерші.

Балалар: Жәрәйді!

Қыз: Рақмет!  (артқы орынға жайғасады)

Жұмбақ  шешейік.
Ұя, ұлу, ұшақтың
Басын бастап беремін.
Құс, жұмыртқа, бұтақтың,
Ортасында келемін.    (Ұя)

Құрықта бар,
Сырықта жоқ.
Құдықта бар,
Қырықта жоқ   (Ұ)

 

Тақтада ұя мен Ұ әріпі көрсетіледі.

-Сонымен балалар,  бас әріпі қандай екен?  (Ұ)

 

Артикуляциялық жаттығу:  айнаға қарап   ерінді алдыға шығарып, тілді артқа тртып  Ұ әріпін айтқызу.

 

Ұ ұ

Балалар   u  әріпі төл сөздің басында жазылады: utymdy, ustaz. Кірме, шеттілдік сөздердің екінші, үшінші буынында да жазылады: bulbul, maǵlumat, samuryq.

 

Сөздерді  суреттерімен  сәйкестендір.  Жеке тапсырмалар таратылады балалар алдындағы қаламдарымен сәйкестендіреді.

 

Буынға бөл.  Балалар алақанмен шапалақтап буындарға бөледі және де алдындағы жеке жұмыспен  дауысты мен дауыссызды ажырату мақсатында,  қызылмен көкті  қалташаларға салады.

 

Сергіту сәті: Ұ  әріпін дене мүшелерімен салу.

 

Саусақ жаттығуы:  «Өзім жуамын»

 

Ұ  әрпін ауаға жазу.

 

Ұ  әріпін  жұмыс дәптерге түсіру.

 

Қорытынды сұрақтар:

-Балалар бүгін қандай әріпті білдіңдер?

-Ұ дауысты ма дауыссыз ба?

-Дауыссыз бен дауыстының түстері қандай?

-Ұ әріпі төл сөздерде қай жерінде кездеседі (басында, ортасында, аяғында)

Жәрәйсіңдар балалар!  Ал енді,  Ұлжан көрдің бе сенің есімің қай әріптен басталады екен?

Қыз: Иә білдім. Менің есімім Ұ әріпінен басталады екен.   Рақмет сендерге балалар!  Мен хатымды алып мұғаліміме  апарайын. Осы білгенімді айтып берсем, мүмкін мені мектепке алатын шығар.  Сау болыңдар, балалар!

Мұғалім: Балалар сендер бүгін жақсылық жасадыңдар. Ұлжанға жәрдемдестіңдер.  Білмейтінін көрсетіңдер. Жәрәйсіңдар!

 

 

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Ұ дыбысы бар сөздерді.

Түсінеді:  Кейбір сөздердің мағынасын.

Қолданады:  Ұ дыбысы бар сөздерді өз әңгімелерінде қолданады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *