«Күз ғажайыптары»
Шынболат Мөлдір Тасболатқызы
Білім беру саласы: «Коммуникация », «Шығармашылық».
ҰОҚ: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырып: «Күз ғажайыптары»
Мақсат: балалар зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, күз мезгіліндегіөзгерістер, жапырақ туралы білімдерін кеңейтеді.
Міндеттер:
Тәрбиелік: ізденімпаздық, есте сақтау қабілеттерін тәрбиеленеді. Дамытушылық: жалпы және ұсақ қол моторикасын, баланың зейінін дамытады.
Зерттеу барысында жапырақтың құлауы, оның көлемі мен пішініне байланысты болатынын түсінеді.
Білімділік: Ағаштар мен жапырақтар туралы білім алады.
Сөздік: жапырақ тақтасы, сағақ
Көрнекіліктер: күз мезгілін бейнелейтін, жапырақ құрылымы слайд, ағаш жапырақтары, үлкейткіш, ақ мата, дидактикалық материалдар, ағаш текше, екі ілмек, жасыл және басқа түсті жапырақтар, қайың мен үйеңкі ағаштарының макеті, жапырақтары.
Билингвальді компонент : үлкейткіш- лупа, жапырақ- листья, күз- осень.
Әдіс-тәсілдер:
Сұрақ-жауап, миға шабуыл, 4К моделі, сыни ойлау, Бала үні, сыни ойлау, бағалау, саралау, мақтау-мадақтау.
Ойын (Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Кім жылдам?»)
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
- Ұйымдастырушылық кезені: Ғажайып сәт.
Күз тақырыбында безендірілген залда балалар отырады.
Тәрбиеші: Салеметсіңдер ме, балалар? Айналаға қарап қазір қандай мезгіл екенін кім айтады?
Кіз мезгілінің ерекшеліктері қандай болады екен?
Ауа райында қандай өзгерістер болады?
Күз мезгілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Ажар:
Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Күз- өте әдемі жыл мезгілі, себебі ағаштар жасыл жапырақтарын түрлі түске бояйды. Ал сендер қандай ағаштардың атауларын білесіңдер? Ал жапырақтар неге жерге түседі? Ағаштарға жапырақ не үшін қажет? Жапырақтар неге күз мезгілінде жерге түседі? Сендер жапырақтар туралы көбірек білгілерің келе ме?
Слайд. Жапырақ құрылысы. Тәрбиеші түсіндіріп кетеді.
Тәрбиеші:Біз сендермен жас зерттеуші боламыз.(балалар шапка мен халаттарын киіп алады.)
- Негізгі бөлім:
1)Жапырақпен танысу
-Үстел үстінде сендерге таныс не орналасқан? Үлкейткіш және жапырақтар. Алдарыңдағы үлкейткіш құрал арқылы жапырақты зерттеп көрейік. Бірінші сағағын қарап көрейік. Ол ағаш пен жапырақты біріктіретін бөлігі. Енді жапырақтың бетін қарап көрейік- оны жапырақ тақтасы деп атайды. Жапырақ тақтасы өзіне күн сәулесін сіңіріп алады, сондықтан жапырақтың беткі қабатының түсі астыңғыға қарағанда қоюырақ болады. Оған өздерің көз жеткізе аласыздар.
Жапырақ тақтасының шеті дөңгелек немесе үшкір болады. Маған айтыңдаршы сендердікі қандай?
– Сендер жапырақтың күз мезгілінде не себепті сарғаятынын білесіңдер ме? Себебі жапырақтар құрамында жасыл сұйықтық болады, сендермен екінші зерттеуімізді жүргізіп, сол сұйықтықты көрейік.
2)«Жапырақ неге жасыл?»
Жапырақтың неге жасыл болатынын білгілерің келеді ме? Ендеше алдыларыңдағы ақ матаға жасыл жапырақты ортасына салып сыртынан ағаш текшемен қаттырақ ұру керек. Енді ақ матаны ашып көрейік. Не байқадыңдар? Жасыл сұйықты., осы сұйықтық жапыраққа жасыл түс беріп тұр.
Күз келгенде күннің көзі азаяды, осы кезде сұйықтық біртіндеп азая түскен сайын, жапырақтың түсі сарғая түседі. Күзде ағаштардағы жапырақтар тағы қандай түстерге боялады? Қызғылт сары, қоңыр, қызыл
3)Зерттеу «Жапырақтар қалай түседі?» Сергіту сәт
Ал енді маған жақындаңдар. Саябақта серуендегенде ағаштағы жапырақтар әр түрлі түсетінін байқадыңдар ма? Жапырақтар неліктен әр түрлі жерге түсетінін, қандай жапырақ барлығынан әдемі айналатынын анықтау үшін зерттеу жасап көрейік. Ол үшін қолдарыңа ұнаған жапырақты алыңдар. Қолдарыңды жоғары көтеріп жапырақты ақырын жерге түсіріңдер. Жапырақ жерге түсіп жатқанда анықтап қарап тұрыңдар, қандай жапырақ тез құлады, қайсысы баяу, айналды. Бұл зерттеуден қандай ұйғарымға келуге болады? Ұлкен жапырақ айналмайды, кіші жапыраққа қарағанда жай түседі, кішкентай жапырақтар айналады.
Тамаша балалар, зерттеулеріміз нәтижелі өтті.
Музыкамен Күз ханшасы кіреді
Күз ханшасы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар?
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе?! Сіздің келу құрметіңізге балалар ән айтып берсін.
Динамикалық үзіліс: «Күз келгенде»
Күз ханшасы: Тамаша балалар! Ендеше, бірінші алдымыздағы екі ағашты кім атап береді? Менің қолымдағы себеттен бір- бірден ұнаған жарырақ алайық. Енді қараңдар, қолдарыңдағы жапырақтар қандай ағаштың жапырағы екенін атап беріңдерші? Таңдаған ағашқа сәйкес топқа бөлініп отырайық.
Топқа бөліну: 1) Үйеңкі
2) Қарағай
Екі топтың балаларына жеке «Ретін сақта» тапсырмасы қойылады. Балалар ретін сақтай отырып соңғы жапырақты дұрыс қойып шығуы керек.
3.Қорытынды бөлімі:
Ортада шеңберге тұрады.
Тәрбиеші: Жапырақтың құрылымы қандай болады екен?
Жапырақтың түсі неліктен өгереді?
Жапырақтың құрамында қандай сұйықтық болады екен?
Бағалау: балалар өздерінің сабақ барысында алған әсерін түрлі смайликтер ішінен таңдап, бұлт немесе күнге апарып жабыстырады.