Сақтар туралы тарихи мәліметтер

  • Тәуелсіздік! Осы киелі ұғымды ата – бабаларымыз ғасырлар бойы, асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. Елбасымыз Н.Назарбаев «Халық кешпейтін бір – ақ нәрсе бар: ол елдің басына зарықтырып бақ болып қонған бақыт құсы – Тәуелсіздіктен айырылғанды кешпейді» деп айтуы да бекерден – бекер емес
  • кімдер? Білеміз бе? (Оқушылар пікірі тыңдалады) Олардың есімі алтын әріптермен жазылып, мәңгілік тарихта, біздің жадымызда қалмақ.                                                         Осындай ержүрек, қайраткер, батыл қолбасшылар сақ тайпаларында болған. Олар ел тәуелсіздігі үшін күрескен. Өз елінің тәуелсіздігін алу үшін елін, жерін, дұшпандарынан алып қалу үшін ерліктерін көрсете отырып, батыл да ержүрек атанған сақ көсемдері де болды.                              Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі. Олар: парсы патшаларының тастағы сына жазбалары және грек-рим авторларының шығармалары.Парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған мәтіндер мен грек және латын тіліндегі деректердің арасынан Геродот пен Страбон айтуға болады. Сақтар б.з.д. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған.
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *