«Үздік информатик»

Алмагамбетова Гүлмира Аралбайқызы.

2019-2020 оқу жылы

Күні:

Тақырыбы: «Үздік информатик»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, ой – өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін толықтыру.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс

Жабдықталуы: Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар

Кнекілігі: Слайд презентация.

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Үздік информатик» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру.

  1. Сайыс жоспарын таныстыру.

Жарыс кезеңдері:

І. “Бәйге” (Әр топқа 5 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі).

ІІ. “Адасқан әріптер” бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

ІІІ. “Логикалық ойлау” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 1 ұпай).

ІV.  Ой-толғау (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).

  1. «Кім жылдам?» (Информатикаға қатысты торкөзде сөздер жасырылған дұрыс жауапқа 5 ұпай)

V. “Көкпар”(сайыс түрі – айтыс. Жасыл және қызыл түсті карточкалар жасырылады, жасыл түсті таңдаған команда мақтайды, екінші команда даттайды ).
– дей келе Сіздермен бірге ойынға қатысатын топтармен таныс болайық.
1. ҒАЛАМТОР
2.  WI FI

Сергіту сәті /видео/
Бойымызды сергітіп ойынымызды бастайық.

Компьютер – сенің көмекшің

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де –

Ақпараттық заманың! – дей келе «Үздік информатик» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік.

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай топ қолындағы жалаушаны бірінші көтереді, сол топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

I топ.

  1. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)
  2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)
  3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы (Процессор)
  4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
  5. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа? (вирус)

II топ.

  1. Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болу керек? (60 – 70 см)
  2. Дүниежүзілік компьютер арасындағыбайланысортасы (Интернет )
  3. Бит қандай цифрлардан тұрады? (0 және 1)
  4. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)
  5. Бас әріп режимін іске қосатын перне? (CapsLockТоптардың жауап бергендеріне байланысты ұпайларын береміз.

Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,

Информатиканы құрметтеу менің есімде.

Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,

3 ұпай, шәкіртім саған несібе, – дей келе

Адасқан әріптер” атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңде информатикаға қатысты   6 сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай

1-топ  ҒАЛАМТОР

  1. Красен-
  2. Иснфертей-
  3. Россецорп-
  4. Таксиед-
  5. Камыш-
  6. Перринт-2- топ  WI FI
    1. Керпмьтою-
    2. Армапогрм-
    3. Мемдо-
    4. Дерайрв-
    5. Нытшак-
    6. Рокурс-Төртбұрышты әйнек,

      Тұнын тұрған әлек. (монитор-монитор-monitor)

      1. Ұзынтұра Жалқаубек,

      Тұрмай ылғи жатады.

      Қозғала қалса артынан,

      Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі-пробел-blank)

      1. Бұтақ орнында мың бір инесі,

      Компьютер жаны мекені. (тікенекгүл-кактус-cactus)

      1. Тетігін бассаң алаңсыз,

      Жазады қалам, қағазсыз. (пернетақта-клавиатура-keyboard)

      1. Батырмасын басасың,

      Қажетті файлды ашасың. (тышқан-мышка-mouse)

      1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

      Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш-линейка-a ruler)

      1. Батырмасын басасың,
      2. Қажетті файлды ашасың. (тышқан-мышь-mouse)
        1. Жақтаулар арқылы шектеледі,

        Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеледі. (терезе-окно-windows)

         

        Қойылған сұрақ есепке,

        Ойланып жауап іздейік.

        Уақытты текке өткізбей,

        Қатесін анықтап берейік, -дей келе “Логикалық ойлау” атты ІІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде логикалық есептер, сұрақтар беріледі дұрыс жауапқа 1 ұпай.

        Логикалық сұрақтар:

        1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? – 4
        2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.
          неше стакан қалды? – 3 стакан
        3. Қараңғы бөлмеде май шам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? – шырпы
        4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? – жоғары
        5. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15км/сағ)
        6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? – 8.

        Жарысайық сайыста,

        Кімнің ойымықты екен?!

        Кімнің күші аздау боп,

        Кім озып алға шықты екен деп,

        ІІІ кезең бойынша топтордың ұпайын санаймыз.

        «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?

        М К А К О М П
        О Н К С Т Н Ь
        В И Т У Ы А Ю
        И Т О Р Ш Қ Т
        Р П С К А Р Е
        У Е Е Т Н Е Р
        С Р Н А Қ Т А

         

         

         

         

         

         

        \

        Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)

        Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.

        1. Жарысымыздың келесі кезеңі «Көкпар» кезеңі. Сайыс түрі – айтыс. Компьютердің зияны мен пайдасы туралы айтысады. Жасыл және қызыл түсті карточкалар жасырылады, жасыл түсті таңдаған команда мақтайды, екінші команда даттайды.

         

        Компьютердің зияны мен пайдасы.
        1- топ. Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады.
        2- топ. Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа, жүйелі ойламауға итермелейді.
        1- топ. Баланың ойлау қабілетін күшейтеді.
        2- топ. Компьютерге ұзақ отыруға әдеттендіреді, ультракүлгін сәулелерді көп тұтады.
        1- топ. Компьютермен қорықпай жұмыс істеуге үйретеді.
        2- топ. Көз көру қабілеті нашарлайды.
        1- топ. Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.
        2- топ. Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір пернелерді басуға үйретеді.
        1-топ. Білімді құштарлығын оятады.
        2-топ. Робот тәрізді жұмыстарға баулиды
        1-топ. Жасынасай әрекет жасауға бейімдейді.
        2-топ. Электр энергиясын үнемдеуге ұмтылдырады.

         Бүгінгі көріп тамашалаған «» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

         

        Бағалау парағы

        Сайыс

        түрлері

         

         

        командалар

        Бәйге

        (1 ұпай)

        Тіл-өнер

        (1,2,3 ұпай)

        Логикалық ойлау

        (1 ұпай)

        Адасқан әріптер

        (5 ұпай)

        Кім жылдам

        (5 ұпай)

        Көкпар  
         
                       

        «Бағдаршам»

        Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:

        Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.

        Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.

        Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.

        Сонымен, әділқазылар шешімі дайын болса, тыңдайық. Жеңілген командаға алғыс хат беріледі.Жеңген команда дипломмен марапатталады. Осымен сайысымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен алғысымызды айтамыз.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *