«Қиын баламен» жұмыс барысында оқушыларды А. Құнанбаевтың шығармаларын қолдана отырып тәрбиелеу.

        «Қиын бала» – әр түрлі себептерге байланысты кемістік, ақыл-ойының дамуынан ауытқу байқалатын адам, олардың әрқайсысының басқа балаларға ұқсамайтын, тек бір өзіне ғана тән ерекшелігі, себептері, өзіндік мінез- құлқы нормадан ауытқу, тәрбиесінің өзіндік жолдары болады – деген педагог

В.А. Сухомолинский.

         Жалпы,денсаулығы нашар, оқу процесі жетілмеген, әлеуметтік қорғалмаған, мінез-құлқында ауытқушылығы бар бала «қиын» бала болып табылады.

         Осы «қиын» баланың пайда болуына әсер ететін әртүрлі факторлар болады:

         әлеуметтік- экономикалық;

         дәрігерлік- санитарлық;

         әлеуметтік- демографиялық;

         әлеуметтік- психологиялық;

         криминалдық.

Негізінде, адам өмірінде  баланың бас ұстазы- ата-анасы. Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі ерекше. Көпшілік жағдайда баланы тәрбиелеу кезінде ата-аналар тарапынан мына төмендегідей қателіктер жасалып жатады.

1.     Әлеуметтік жағдай- бұл кезде баланың бақылаусыз қалуы, баланың назардан тыс қалуы, ата- ананың бос уақытының болмауы, отбасының толық болмауы.

2.     Психологиялық жағдай- балалардың жас кезінде тәрбиемен жете қамтылмауы, балаға  балдщырған кезінде қатал болып, жеткіншек кезінде айтқанын орындата алмауы, балаға жасынан толық еркіндік беру.

        Ата-аналардың отбасындағы келіспеушіліктері, өз жауапкершіліктерін терең сезінбеуі, бала қабілетімен санаспауы,сенім білдірмеуі, мінез- құлық ерекшілігін ескермеу, ұлттық тәрбиенің болмауы, мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс әлсіздігі, сынып жетекшілерінің жеке оқушылардың ерекшеліктеріне қарай қатынас жасай білмеуі де «қиын» баланың пайда болуы себебі бола алады.

            Сондықтан да, осындай «қиын» балаларды Абай атамыздың керемет мағыналы,терең ойлы шығармаларымен тәрбиелеуге болады деп ойлаймын.                   

             Жалпы, А.Құнанбаевтың шығармаларының қайсысын алып қарасаңыз да, адам бойындағы қасиеттерді дәріптеп, құндылықтарды бағалауға шақырады. Адамның мінез- құлқын да түзеп жөнге салатын, терең ойлы қара сөздері де адамды ойландырмай қоймайды. Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты – адам тәрбиесі.  Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, қара сөздерімен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық түрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат – «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған. Бала тәрбиесіндегі әкенің, ананың рөліне де үлкен мән береді.

           Мысалы, Абай Құнанбаев Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады. Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Ашулы адамның сөзі аз болса – ыза қуаты артында болғаны. Өзімшілдік – адамды бұзатын пиғыл. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар – надандық еріншектік, залымдық. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі содан шығады. Адам баласының ең жаманы – талапсыз. Қайратсыз, қорқақ кісі – мақтаншақ келеді. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның білсеңіз. Кекшіл болма – көпшіл бол. Құмарлық – нәпсі құлы. Қулық та – бір дерт дей  отыра, адам баласын  алдын ала жаман қасиеттерден жирентіп, жақсыға ұмтылуға шақыратыны бар. Осындай А. Құнанбаевтың мағыналы сөздерін, адам мінезі жайлы ойларын «қиын» баламен жұмыс жасау барысында үнемі санасына құйып, шығармаларын бірге талдап түйсігіне жеткізе білу арқылы тырнақшадағы «қиын» деген сөзді біржола жоюға болатынына кәміл сенемін, осындай әдісті өз тәжірибемде оқушылармен жұмыс жасауда қолданамын.

             «Қиын» балалармен жұмыс жасау үлкендер тарапынан уақытты, күшті, табандылық пен шыдамдылықты талап етеді. Оқушылардың мектепте болған алғашқы күнінен бастап тәрбие жұмысын дұрыс жүргізіп, отбасының жағымсыз әсерін залалсыздандырғанда ғана «қиын» балаларды дұрыс жолға бағыттау ісі сәтті болып шығары сөзсіз.

 

 

 

                         Қостанай облысы, Қостанай ауданы «Білім бөлімі»

                       әкімдігінің Нұржан Наушабаев атындағы  мектеп-

                                 гимназиясы ММ, әлеуметтік педагогы

Ахметова Назгүл Едресқызы.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *