Ускенова Камиля Мельдехановна

Ускенова Камиля Мельдехановна

Балалық шақ-баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің сатысы,демек адамгершілік ақыл-ой және басқада қасиеттерінің қалыптасуының ең маңызды кезеңі.Мектеп жасына дйінгі баланы дамытатын,өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс әрекет-ойын.

Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың қарым-қатынастарымен танысады.Белгілі  педагог А.С.Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі туралы «Үлкендер үшін жұмыстың,қызметтің  маңызы қандай болса  балалар үшін ойынның маңызы сондай болады»дейді.

Біз балалардың ойнап жүріп бір-бірімен қандай қарым-қатынаста жүргендерін байқамаймыз.Сонымен қатар  ойыншықтарды өзара қалай бөлісіндері,бір-біріне сұрақ қоя отырып жауап ала алатындары,сөздік қорларын көбейгенін байқатады.Болмашы сұрақтардың өзін олар әсте  алаңсыз болмайды,қайта өмірлік маңызы бар проблемалармен  шұғылданып жатады және мұндай әрекеттер оларды есеюге жетелейді.

Егер тәрбиешінің тарапынан баланың ойнына көңіл бөлінсе, дұрыс бағыт берілсе,ойынның бала дамуына тигізер әсері көп.Ойын арқылы  баланың болашаққа көзқарасы қалыптасады. Кішіге қамқорлық көрсету,әлсізді қорғау, ренжітпеу,жолдастарымен бірлесе шешім қабылдау, үлкендерді сыйлау,басқа адамның еңбегін бағалай білу дегенді  ойын негізінде сезінеді.

Ойын ой-өрісін дамытады,сөздік қорын молайтады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады,қиялдау,ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді.

Тәрбиеші балалардың ойлау қабілеттерін арттыру бағытында оларға бірнеше ойын түрлерін ұсынып,онымен бірге ойнау керек.

Сондай-ақ тәрбиешінің немесе ата-ананың ойынға қатысуы балалар үшін үлкен қуаныш.Мұндай бірлесіп ойланған ойынның тәрбиелік мәніде ерекше болмақ.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын  арттыру аса маңызды  мәселе,ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.

Біріншіден,білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы  ортаны жабдықтау қажет.

Екіншіден,тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар жүйелі көңіл бөліп,шығармашылық бағдарын айқындап,оны жүзеге асыру үшін белсенділік қажет.Сондай-ақ отбасының сұранысымен талап-тілектерін  қанағаттандыру  және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі  бірлескен ынтымақты негізгі жұмыс істеуге өте маңызды.

Үшіншіден,балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып,тәрбиелеумен білім берудің технологияларының сауатты меңгеріп жаңа педагогикалық әдіс тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп,оны тәжірбиедеде  пайдалануға шығарма шылықпен  үлес қосып отыру керек.

Баланы тәрбиелеу,дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымы бірлескен,өзара тығыз байланыста болу өте маңызды.

Қазіргі таңда жаңа технологиялар өте көп.Біздің балабақшаны мысалға келтіріп айтар болсам «Гүльжан» балабақшасының оқу базалық жоспарымен жаңа инавциялық «Step by step»технологиясы бойынша алты топ жұмыс жасайды.Топтар технологияға сәйкес орталықтандырылған.Әр орталық көрнекілігімен толық жабдықталған.

Мысалы:

Тіл дамыту,сауат ашу,есеп,өнер,құрастыру,желілі-рөлді ойындар орталығы,аспаздық орталығы бар.

Бұл технологияны қолдану балалар үшін өте тиімді.Себебі әр оқу қызметінде өзіндік қызықтыралық логикалық ойындар қолданады. Осы орталықтарға қатысу барысында дүниені таниды өз күш жігерін жұмсап,сезімін білдіруге мүмкіндік алады адамдармен араласуға үйренеді.

Ал педагогтар әр баламен жеке жұмыс жасау барысында тәжірбиелерін шыңдайды.

«Педагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кеңес беру орталығы директоры Ногайбекова   Бахытгуль Саматовна   14-15 қаңтар аралығында «Жаңа формация педагогы» атты ІІ Республикалық байқау өткізді.

Байқаудың мақсаты:мектепке дейінгі ұйым педагогтарының мәртебесін көтеру, өз ісінің шебері екендігін дәлелдеу, ғылыми қабілеттілігін танытып, шыңдау болатын.

Осы байқауда әдіскер Арыстанова Гүлзаттың ұйымдастыруымен камандамен жұмыс жасап, ашық ұйымдастырылға оқу қызметі қорғалды.

Педагогтардың еңбегі ескеріліп «Алхыс» хатпен мараппатталды. Олар:А.Байтенова, Ж.Бейсекова,Г.Ибрайымова болатын.

Қортындыға келуге болады: «Ой ойынмен жалғасады», «Ойнайық та ойланайық» т.б

Логика заңдылықтарын пайдалана отырып бүгінгі күн талабы мектепке дейінгі баланың қабілетін жетілдіруге ықпал жасау

Менің ойымша балабақшада жұмыс істейтін әр бір тәрбиешіде тәжірбие қорында бала тұлғасын дамытуға бағытталған көптеген әдіс, тәсілдер бар.Осы орайда көптеген шығармашыл педагагторды шыңдап, биік шыңған жетеленген«Педагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кеңес беру орталығы директоры Ногайбекова   Бахытгуль Саматовна   айтар алғысымыз шексіз.

Ойын іс-әреккеттегі әдептілікке үйрену мектебі болып табылады.
Ендеше ойын арқылы ой-өрісі тереңдей түскен бүлдіршіндеріміз көбейіп, педагогтардың ісіне нұр жаусын демекпін!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *