“Әсемдікке талпыныс”
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мерзiмі:
Мектеп:
Сабақтың тақырыбы: «Әсемдікке талпыныс»
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Барлығынан жақсылық көру, қарапайымдылық, ойдың, сөздің және істің бірлігі.
Мұғалім: Масимжан Сандуғаш Қанатқызы
Сыныбы: 6 «Б» сынып
Сабақтың мақсаты: оқушылардың адамның сұлулығы, жан сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1.Білімділік: сұлулық, адамның ішкі және сыртқы сұлулығы ұғымдарының мәнін ашу, түсіндіру. 2.Дамытушылық: балалардың шын мәніндегі сұлу адам болуға ұмтылысын дамыту. 3.Тәрбиелік: оқушылардың сұлулықты, әсемдікті сезініп, бағалай білуга тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен» Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қызарған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылып, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым- жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайшы сүйетінімізді , қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналағ тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайта келіңіз. Осы жым- жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! |
|
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Ақыл мен Сезім» әңгімесін оқып келу. Сұрақтар: 1. Сұхбаттасушының «Сезім мен ақылыңды қатар ұстай білу – үлкен тәртіптілік, адамгершілік, жақсылық» деген пікірін қалай түсінесің? 2. Мінез – құлықтың ақылға, сезімге қатысы, ықпалы қандай деп ойлайсың? |
|
3. Сабақтың дәйексөзі. Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту. «Сырты сұлуға көз қызығады, Іші сұлуға жүрек қызығады.» Ғ.Мұстафин Мұстафин Ғабиден (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Сыртқы сұлулықты көзбен көруге болатын болса,ал ішкі сұлулықты жүрекпен,яғни адамның адамгершілігі ішкі сұлулығын сезіндіреді. Адам жаны әрқашан сұлулыққа, әдемілікке құштар. Ал, жаны әсем адам деп адамгершілігі жетілген адамды атаймыз. Жанның әсемдігі – адамның әдептілігінен, адамдармен қарым-қатынасынан, іс-әрекетінен оның ішкі дүниесінің сұлулығынан , яғни барлық игілікке ие мінездерінен байқауға болады. |
|
4. Әңгімелеу. (Мұғалім сыйы) «Атасы мен немересінен астарлы әңгіме» Бала өсті. Айнаға жиі қарап және ашулы болғандықтан: — Мен сұрықсызбын! Атасы бұл сөздерді естігенде , немересіне былай деді: — Сенің сұлулығың сенің мейірімділігіңде. Бала атасына сеніп, жақсылық жасауға бастады – барлығына, барлық жерде. Ол сонша жақсылық жасауға асығып, өзінің ұсқынсыз екенін ұмытып кетті. Уақыт өтті. Ол жас жігіт болды. Бір күні , ол өзіне қарап тұрған екі әдемі қыздардың әңгімесін естіді : — Қандай сүйкімді жігіт! — Оның ішкі жан сұлулығы қандай жарық ! Жас жігіт өзінің атасын еске алды. «Дана атам Сізге рахмет !», — деп ойлады. Бұл әңгімеде атасы немересіне сұлулық келбетте емес, жүректе екенін түсіндірді. Әр адамның жүрегінің жібектей, жүрегі нұрға бөлеген деп те айтып жататыны рас. Сұлулық табиғатта бар, және де адамда жан сұлулығы мен тән сұлулығы деген бар ғой, соның ішінен жан сұлулығы маңыздырақ. Сұлулық жүректе де, келбетте де болады, бірақ бірінші ішкі жүрегіне мән берген дұрыс, содан соң сыртқы сұлулығына! Сұрақтар: 1. Атасы немересіне қандай сөздер айтады? 2. Атасына сенген бала не істей бастайды? 3. Сендер қандай адамдарды «Сұлу» деп айта аласыңдар? 4. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?
|
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс: 1топ: «Табиғат ғажайыптары» тобы табиғатты бейнелеу. 2топ:«Құстар» тобы жазушы ретінде «Әсемдік» тақырыбына шығарма жазады. 3топ: «Сиқыр» тобы «Әсемдік» ұғымының жағымды жақтарын және жағымсыз жақтарын жазу. |
|
6. Топпен ән айту. Бақытты қарсы алайық Авторы: Али Окапов Қуаныш шаттығын, Сыйлайтын бүгiн сәттi күн, Аңсаған бұл ең тәттi күн. Күлiмдеп билейтiн, көңiлдердiң елжiрейтiн, Бүгiн ең бал бақытты күн. Бақытты қарсы алайық, қуана қол соғайық, Әнiме қәне бiрге, қосылайық ай-ай! – (x2) Көңiл күй ашатын, әнменен шашу шашатын, Бүгiн той, бүгiн сәттi күн. Ақ тiлек жолдайтын, Қуана күлiп ойнайтын, Бүгiн ең бал бақытты күн. Бақытты қарсы алайық, қуана қол соғайық, Әнiме қәне бiрге, қосылайық ай-ай! -(x8)
|
|
7. Үй тапсырмасы. «Бес тиын» әңгімесін оқу, сұрақтарға жауап беру. 41-43 бет. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші… Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып сақтаңдар. Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рақмет айтамын! Бүгінгі сабақта өткен тақырыбымызды,құндылықтар мен қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін! |