Үй жануарлары.
Ермахан Ақмөлдір
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас»
Білім бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Үй жануарлары.
Мақсаты: Үй жануарларының мекен ету ортасы, қоректенуі туралы түсінік беру. көрнекіліктер пайдалана отырып, төлдерінің аттарын атай және ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына сүйіспеншілікпен қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, тапсырма беру, ойын.
Тәрбиеші: Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеге қарасақ, ең алдымен біз нені көреміз?
Балалар: Күнді.
Тәрбиеші: Дұрыс, күнді көреміз.
– Күн бізге не береді?
Балалар: Жылу береді, нұр береді.
Тәрбиеші: Олай болса бір-біріміздің қолымыздан ұстап бүгін бізге келген қонақ-апайлармызға жылы лебізімізді білдірейік.
Шаттық шеңбері:
Балалар: Армысың алтын күн!
Армысың жер ана.
Армысың достарым,
Сендерді көрсем қуанам.
Тәрбиеші: Ал, балалар бүгінгі оқу іс-әркетіміз ерекеше болмақ. Себебі, -Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз «Үй жануарлары» туралы болмақ.
Мына суретке қарайықшы бұл не?
Балалар: Сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы.
Тәрбиеші: Бұл жануарлар орманда өмір сүре ме, әлде үйде ме?
Балалар: Үйде өмір сүреді.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
-Балалар, қараңдаршы үй жануарлары үйде мекен етеді екен.
Үй жануарларының тұратын жерін не деп атаймыз?
Балалар: Қора.
Тәрбиеші: Үй жануарлары немен қоректенеді екен?
Балалар: Жем, шөп жейді.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Балалар сиырдың баласын біз бұзау деп, ешкінің баласын лақ деп, қойдың баласын қозы деп, жылқының баласын құлын деп, түйенің баласын бота деп атайды екенбіз.
-Мынау- сиыр, ол бізге не береді?
Балалар: сүт, май, қаймақ, айран, ірімшік береді.
Тәрбиеші: Ал, мынау жылқы, халқымыз жылқы малын керемет бағалаған.
-Жылқының бізге қандай пайдасы бар, бізге не береді? .
Тәрбиеші: Мінсе-көлік болады,қымыз береді, етін жейміз.
-Мынау- қой, ол бізге не береді?
Балалар: Етін жейміз, жүнінен киімдер тоқимыз.
Тәрбиеші: Мынау- түйе, оның дене құрылысы ерекше, ол бізге не береді?
Балалар: Қымыран ішеміз, жүні өте пайдалы.
Тәрбиеші: Ал, мынау –ешкі, ол бізге не береді?
–Сүтін ішеміз, етін жейміз.
-Жарайсыңдар! Үй жауарлары адамдарға пайдасы өте көп екен.
Тәрбиеші: Төлін тап.
Серкіту сәті:
Балалар: Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады
Бойын жазып керіліп
Беті-қолын жуады.
Ойын: Жануардың суретін құрастыр.
Қортынды: балалар бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?
Балалар: Үй жануарлары.
Дұрыс айтасыңдар. Балалар біздің ұйымдастырылған оқу сағаты аяқталды. Сендер бүгін ұйымдастырлған оқу сағаттарына өте белсенді, жақсы қатыстыңдар жарайсыңдар деп, сендерге күлімсіреп тұрған смайлик берем!