«Теңіз техникасының электрорадиомонтажшысы» мамандығы бойынша “Өндірістік тәжібибе” есебінен: Практика – таным негізі
Практика – таным негізі
Қазіргі таңда бізідң, оқытушылардың басты міндеті жаңа заманға сай, жан-жақты, білімді де білікті жас маман даярлау. Бүгінгі жас маман – ертеңгі елдің тірегі. Бүгін алдымызда отырған студент – ертең еліміздің іргесін қалайтын білікті азамат. Ал, сол студенттің өзінің таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттырып, өз мамандығына деген сүйспеншілігін қалыптастыру үшін, өз ісінің қаншалықты қоғамға қажет және қоғам алдында жауапкершілігін түсіну үшін, жай теория аз. Теорияны практикамен ұштастыру, сабақ барысында алған білімін, тәжірибе барысында көзбен көргені, қолмен жасағаны айтарлықтай нәтиже беретіні сөзсіз.
ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі ЭРМТ-16 тобы «Теңіз техникасының электрорадиомонтажшысы» мамандығының 19 студенті «Кеменің электромеханигі» біліктілігі бойынша оқу жоспарына сәйкес 21.10.2019ж.-27.12.2019ж. жыл уақыт аралығында аталған мамандықтың «Технологиялық» тәжірибесінен өтті. Тәжірибе АҚ «Ақтаулық халықаралық сауда порты»,Құрық порты, Maritime aid Kazakhstan,ЖШС «Уральский судоремонтный завод» мекемелерінде өткізілді, оған барлығы 360 сағат бөлінді.
Тәжірибе барысында студенттеріміз кеме құрылғыларының жөңдеуді тереңірек практикалық түрде үйреніп ,жұмыс орнында келенсіз жағдай орын алғанда алғашқы көмек көрсетуді меңгерді. Сонымен қатар жоғарыда аталған мекеме мамандарынының көмегімен студенттер кеменің құрылғысын жөңдеуді және кеме құрылғыларының жөңдеуде монтаж жұмысында қолданатын басты материялдарды қалай қолдану керектігі туралы көптеген пайдалы ақпарат алып, іс жүзінде де көрді. Бұл тәжірибе студенттерге өздерінің мамандығы бойынша ауқымды ой қалыптастыруына және нақты өзінің қандай маман болатынын анықтауға көп ықпалын тигізді.
Колледжіміздің «Су көлігін пайдалану» мамандығының ЭВТ-17 тобының 24 студенті 21.10.2019ж.-22.12.2019ж. жыл уақыт аралығында «Матрос» біліктілігі бойынша АҚ «Ақтаулық халықаралық сауда порты», ЖШС «Батыс Мұнай Транс» мекемелерінде өндірістік оқыту тәжірибесінен өтті, оған барлығы 180 сағат бөлінді.
Бір жүйелі, мақсаты айқын іс-әрекеттің қашанда мол нәтиже беретіні белгілі. Мақсаты мен міндеті айқын нақтыланған бұл тәжірибе студенттеріміз үшін үлкен жетістік. Айтып өтетін болсақ, кемеде вахтаның не екенін біліп, оның қалай жүзеге асатынын тереңірек білу, кемені швартовкалауға қатысу, жұмыс орнында оқыс оқиға орын алғанда алғашқы көмек көрсете білу. Студенттер тәжірибе барысында теңізшілердің қандай жағдайларда жұмыс жасайтынын өз көздерімен көріп, өндірістік жағдайында нақты тапсырмаларды шешуге белсене атсалысу қабілеттерін дамыта алды.
Тәжірибе болашақ мамандардың таңдаған мамандығы туралы алған білімін одан әрі жетілдіруіне оң ықпал етеді. Олар бұл тәжірибеде алға қойған мақсаттарына жетті деп толық айта аламын. Студенттеріміз өздерінің теориялық білімін көрсетіп, мекеме мамандарына жақсы қырларынан көріне білді. Оған мекеме басшыларының берген мінездемелері мен қойған бағалары дәлел бола алады.
Студенттерімнің сұранысқа ие, білікті маман болуы – менің негізгі міндетім. Қызығы мен қуанышы көп ұстаздық жолды таңдап, Абай атамыз айтқандай, еліміздің бір кірпішін қалайтын азамат тәрбиелей алсам, бұл менің өмірде дұрыс таңдау жасап, дұрыс жолмен келе жатқанымды білдіреді.
.