«Айы күні жетіп туылған нәрестенің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және күтімі»

Дайындаған: Кулбатирова Н.Е.

         Тақырыбы:  «Айы күні жетіп туылған нәрестенің анатомиялық физиологиялық ерекшеліктері  және  күтімі»

         Мамандығы: «Мейіргер ісі»

         Тобы: 367 «МІ»

         Сабақтың  түрі: клиникаға дейінгі тәжірибелік сабақ.

         Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы элементтері: («Онлайн эмодзи», «Шашу», «Сканер», «Кейс – стади», «Кинометафора», «Бақытты нәресте шеңбері», «Рефлексия: Бес саусақ»)

         Сабақтың өтетін орны: 310 кабинет

         Студент саны: 7 оқушы

         Сабақтың ұзақтығы: 45 минут

         Пәнішілік байланыс: «Баланың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері»

         Пән аралық байланыс:

1.«Акушерия және гинекология» – «Қалыпты босану»

2.«Қалыпты анатомия» – «Адамның өсіп-дамуы»

         Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, проектор, қуыршақтар, үлестірме карточкалар,  стационарлық құжат, баланың даму картасы (112/у-форма).

         Сабақтың білімділік мақсаты:

         Студенттердің жеке тәжірибесінің жоқтығын ескере отырып, оқытушы іс-әрекеттерді түсіндіріп  үйрету.

         Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

         Студенттерді  өз мамандығына деген сүйіспеншілікке, мейрімділікке, жауапкершілікке және жұмыс жасаған кезде медициналық этика және деонтологияны сақтауға үйрету.

         Сабақтың дамытушылық мақсаты: 

         Практикалық білім бере отырып, жеке тұлғаны, тәжірибелік қабілетін,еркін ойлауын дамыту, танымдық мәселелерді шешу жолдарын үйрену. Студенттерді  іс-әрекеттерді жасау арқылы машықтануға, ізденуге, өз бетімен жұмыс жасауға, өз жауапкершілігін сезінуге, ойын толық жеткізе алуға, өзінің пікірін қорғай білуге және бірін-бірі тыңдай білуге үйрету, ойлау қабілетін  қалыптастыру. Іс-әрекеттерді  терең меңгеріп, шапшаң ойлауға, ұтымды жауап беруге баулу,  сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін ұштау.

Сабақтың хронокартасы:

І. Ұйымдастыру кезеңі – 2 минут

ІІ. Практикалық  іс-әрекеттерді түсіндіру – 15 минут

ІІІ. Студенттердің өз бетімен жұмысы – 5 минут

ІҮ. Студенттердің  білімдерін, практикалық іс – әрекеттерді меңгеруін 

      тексеру –20 минут 

Ү. Студенттердің білімін бағалау-2 минут

ҮІ. Үйге тапсырма-1 минут

 

 

                                              Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.

Амандасу, студенттердің сабаққа қатысуын тексеру, тақырыпқа байланысты көрнекілік құралдарды дайындау. Негізгі ұйымдастыру сәті:  «Онлайн эмодзи» әдісімен оқытушы чат құру арқылы смайлик хабарламалар жібереді, смайлик хабарламаларды студенттер қарай отырып бүгінгі тақырыптың атауын табады. Манипуляциялық  дәптерге практикалық іс-әрекеттер тізімі жазылады.

ІІ. Сабақты түсіндіру. «Шашу әдісін» қолдана отырып оқытушы тақырып бойынша іс – әрекеттерді  слайдқа шығарып, тәжірибе жүзінде қуыршақтарды,  құрал-жабдықтарды қолдану арқылы іс-әрекеттерді жасап көрсетеді.

Көрсетілген іс-әрекеттер тізімі (мемлекеттік стандарт бойынша):

1. Апгар шкаласы бойынша нәресте жағдайын бағалау;

2. Бой ұзындығын өлшеу іс-әрекеті;

3. Дене салмағын өлшеу іс-әрекеті;

4. Бас аумағын өлшеу іс-әрекеті;

5.Кеуде аумағын өлшеу іс-әрекеті;

6. БЦЖ вакцинасын салу іс-әрекеті;

7. ВГВ вакцинасын салу іс-әрекеті.

ІІІ. Өз бетімен жұмыс «Сканер әдісі».

Оқытушы: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» деп қытай мақалында айтылғандай енді «Шашу» әдісінде түсіндірген іс-әрекеттерді өз бетімізбен жасап жаттығамыз.

Студенттерге үлестірмелі материалдар таратылады, өз бетімен жасап жаттығады, оларды қуыршақтарда  көрсетіп, имитация жасайды, нақты уақыт беріледі. Сол уақыт ішінде іс – әрекеттерді  жасап үйреніп өз бетінше дайындалу барысында бір – біріңіздің жіберген қателіктеріңізді түзеп, түсінбеген іс-әрекеттер бойынша оқытушыға сұрақ қоюға болады.

ІV. Практикалық іс-әрекеттерді меңгеруін тексеру.

Әр студенттің практикалық  іс-әрекеттерді меңгеруін тексеру. Студенттердің білімі келесі әдістер бойынша бағаланады:

І-әдіс «Кейс – стади» әдісі арқылы студенттер іс-әрекеттерді таңдау арқылы  орындайды және жинақтайды   (10 минут). 

ІІ-әдіс «Кинометафора әдісі» бұл әдісте студентке видеоролик арқылы іс – әрекет көрсетіледі, жасырылған іс – әрекеттің атауын студент тауып,  жасалу техникасын қуыршақта жасап көрсетеді. – ( 5минут)

ІІІ-әдіс  «Бақытты нәрестелер  шеңбері» Бұл кезеңде бақытты нәрестелер суреттері шеңбері столда жинақталған. Топшадағы студенттер бақытты нәресте шеңберінен бір нәрестенің суретін таңдайды.  Суретте берілген  сұраққа жылдам, тез жауап береді. – (5минут).

         V.  Оқушылардың білімдерін пысықтау

         Рефлексия « Бес саусақ»

          Студенттер бүгінгі тақырыптан алған әсерлерін және ойларын бес саусаққа бөліп жазып, сабаққа қатысты  өз пікірлерін білдірді.

ҮІ. Қорытынды. Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау кезінде топ студенттерінің сабаққа дайындығы бағаланады. Сабаққа белсене қатысқан студенттердің жетістіктерін айтып, мадақтайды. Барлық қолданылған интерактивті әдістер (іс-әрекеттерді меңгеруі және суреттер)  бойынша студенттердің жауаптарының дұрыстығын айтады немесе жіберілген қателіктерді түзеп, толықтырады, бағалайды. Студенттер бүгінгі сабақтан алған әсерлерін алдарында тұрған смайликтер арқылы көрсетеді.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *