Білім алушыларды ұлттық рухани мәдениеттіліке тәрбиелеу
Білім алушыларды ұлттық рухани мәдениеттіліке тәрбиелеу
Ахметов Серик Турсынович
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі
«Сәндік қолданбалы өнер» ПЦК оқытушысы
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Қазақтың ұлттық нақыштағы өнер туындыларын орындауды меңгеру – ұлттық рухани құндылықтан басталады. Ұлттық сәндік қолданбалы өнері – жас ұрпақтың эстетикалық талғамын дамытумен бірге шығармашылық қабілеті мен ұлттық қолөнерге деген ынтасын шыңдай түседі. Жастар өздігінен іздену арқылы – өз білімін кәсіби оқу орындарында жалғастырып, дамытады.
Ұлттық рухани байлықтың негізі – жас ұрпаққа берген ұлттық, патриоттық тәрбиемен ұштасады, қол өнеріне баулу – ұстаздың өз еліне деген жақсы көзқарасын қажет етеді. Оқу орындарында ұлттық нақышта сәндік қолданбалы өнерін үйретудің маңызы зор.
Қолөнердің түрлі әдіс-тәсілдерін үйрете отырып, білімалушылардың қабілеті мен талантын шыңдау – көп ізденісті қажет етеді. Сәндік өнеріне баулу – аудиториялық тақырыптар негізінде іске асырылып, практикалық сабақтар арқылы шыңдала түседі.Білімгерлерді ұлттық өнер туындыларына баулу арқылы олардың қабілетін шыңдай түседі. Шығармашылықпен айналысу барысында білімгерлерге ұлттық өнердің құпия сырлары таныстырылады. Ұлттық нақыштағы қолөнерге үйретуде – шығармашылық үйірмелер мен көрмелер ұйымдастырудың маңызы зор. Шығармашылық көрмелер ұйымдастыру – білімгерлер мен үйренушілер шеберлік қабілетін шыңдап, ұлттық қолөнерді дамытуға көмектеседі.
Шығармашылық салада ұлттық нақыштағы көрмелерді ұйымдастырудың білімгерлер үшін маңызы зор. Көрме арқылы көпшіліктің назарын аудара отырып, автордың таланты мен қабілетін, дарынын таныта түседі. Ұлттық көрмелік іс-шара – жас таланттың шеберлігін шыңдай түсетін аса маңызды шара.
Ұлттық нақыштағы туындылардан құралған көрмелік іс-шара – ұлттық мәдениетіміздің басты тірегі. Осы мақсатта көрме ұйымдастыру көп нәтиже береді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемнің білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – қазіргі қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дүниеге көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарын жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттілігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында елімізде білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана сүзгісінен терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін ұтымды дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыру екендігі ерекше атап көрсетілген.
Қазіргі таңда еліміздің білім беру мазмұнына бұрынғыдан өзгеше көзқарас қалыптасуда, ұлттық менталитет дамуда. Педагогика ғылымы мен оқу тәрбие үрдісінде елеулі өзгерістер енгізілуде. [1]
Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан-жақты және білікті маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологиялар адамгершілік, рухани, азаматтық және көптеген адами қабілеттердің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бүгінгі күнде ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа технологияларды меңгермейінше, оны ұлттық менталитетпен үйлесімді етіп ұйымдастыра білмейінше, болашақ үшін кәсіби құзырлы, шебер маман даярлау да мүмкін емес. [2]
Қазақ халқының мәдениеті мен өнері, қазақ жерінде тұратын өзге халықтар өнері мен мәдениетінің бірлігі ұлтық өзіндік сананың дұрыс қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Сонымен қатар, ол өзіне ең жақсысын, әлемдік көркем мәдениеттің озығын, өскелең ұрпақтың оқуы мен тәрбиесіндегі әлемдік тәжірибесіндегі оң жетістіктерін алуы тиіс.
Әдебиеттер:
1) ТарМПИ Хабаршысы ғылыми педагогикалық журнал №8 2011
2) Г.Ділдәбекова. «Коллаж» Тараз 2004