Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы» Өткізген тәрбиеші: Исаева Д.

Білім беру саласы:   Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы!»

Мақсаты:

А)Балаларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрыннан беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру;

Б) Балаларды әр түрлі мамандықтарға сыни тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту;

В) Балаларға мамандықтар жайлы айта отырып, олардың адам мүддесі, қоғам мен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, оларды құрметтеу, ардақтау және мақтаныш ете  білу сезімін тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд, мамандар суреті, киім үлгілері, ойынға қажетті заттар.

Әдіс – тәсілдер: слайд көрсету, түсіндіру, жұмбақтар шешу, сұрақ-жауап, ойын, тақпақ айту.

Оқу қыз

мет кезеңдері

 

                                 Тәрбиешінің  қызметі

 

 Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғау-шылық

 

                              Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы күн, балалар!

Қайырлы күн, апайлар!

 

 

Балалар шеңберге тұрады..

Ұйымдастырушылық-ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар, сендер ата-аналарыңның қайда және кім болып жұмыс жасайтынын білесіңдер ме?

– Балалар, бүгін біз мамандық түрлерімен танысамыз.

Слайд тамашалау.

«Мамандықтар әлемі»

Тәрбиеші балаларға мамандық туралы сұрақтар қоя отырып, жауаптарын толықтырып, мәлімет береді.

-Балалар, сендер танысқан мамандықтан басқа қандай мамандықтарды білесіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар!  Мамандықтың түрлері өте көп. Атап айтсақ, дәрігер, мұғалім, тәрбиеші, сатушы, құрылысшы, жүргізуші, аспаз, шаштараз,т.б. біз бұл мамандықтармен күнделікті көп кездесеміз.  ал, соңғы кездері мамандық атауларының түрі күннен-күнге жаңарып, өзгеріп келеді. Балалар, мамандықтың жаманы

болмайды, тек оны адам өз қабілетіне қарай дұрыс таңдай ала білуі

қажет. Балалар, біз өзіміз қалаған мамандықтың иесі болуымыз үшін

еңбексүйгіштік пен білімділік, үлкен өнер мен зор шеберлікті қажет

қажет етеді.     

Тосын сәт. Топқа  аспаз, дәрігер, сатушы, шаштараз кіреді. балалармен амандасады.

Слайд көрсету. «Кім қандай қызмет жасап жатыр?»

Шаштараздың атқаратын қызметі-адамдардың шашын қиып, сәндеп,

бояп береді.

Дәрігердің қызметі-ауырған науқасты емдеп, ем-домын жасайды.

 

 

 

Слайдты тамашалайды.

 

Балалардың жауаптары.

 

 

Мамандық иелерінің қызметтері туралы айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аспазшы-дәмді тағамдарды пісіреді.

Жүргізуші- адамдарды баратын жеріне тез жеткізіп тастайды.

Құрылысшы-зәулім ғимараттар мен қабат-қабат үйлерді тұрғызады. Міне, балалар, әр мамандық иесінің өзіндік ерекшелігі, атқаратын өзіндік қызметтерімен ерекшеленеді. Бұл мамандықтардың да барлығы да халыққа қызмет етеді. Балалар, сендердің, ата-аналарың қандай мамандық иесі екенін білесіңдер ме?

-Ендеше, балалар, мамандық туралы тақпақ білеміз бе?

Тақпақтар.

Жарайсыңдар, балалар! Енді балалар сергіп алайық.

Сергіту сәті.

Комбайыншы ағамдай,

Астықты мен орамын.

Бағбаншы күшті атамдай,

Бақ өсіріп аламын.

Құрылысшы әкемдей,

Кірпіштен үй саламын.

Балаларды пішіндер арқылы «Аспазшы», «Сатушы», «Шаштараз», «Дүкенші» орталықтарына бөледі.

Орталықтарға бөлінген балаларға келген қонақтар өздерінің қызметі туралы айтып, ойын арқылы көрсетеді.

-Балалар, кәне, кім айтады, қандай мамандықпен таныстыңдар?

-Олардың атқаратын қызметтері қандай?

-Оларға қандай құрал қажет екен?

Ойын: «Кімге қандай құрал қажет?»

шарты: Балалар суретте көрсетілген мамандыққа қажетті құралдарын тауып, орналастырады.

 

 

 

 

Балалардың жауаптары.

 

Тақпақтар.

 

 

 

Ойынды қызығушы

лықпен ойнайды.

 

 

Қимылмен қайталайды.

 

Балалар өз рөлдерін сомдап шығады.

Рефлексиялық – түзетушілік

 

Қорытынды.

-Жарайсыңдар, балалар! Біз бүгін оқу қызметімізде қандай мамандықтармен таныстық?

-Олар қандай қызмет атқарады?

-Балалар, сендер өскенде қандай мамандықты таңдағыларың келеді?

Сабақты қорытындылау, бағалау, мадақтау.

 

 

 

Балалардың жауаптары.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: мамандықтар туралы толық түсінік алуы, мамандықтың атауларын, атқаратын қызметтерін;

 

Игереді: әр мамандықтың қызметтік атауларын;

 

Меңгереді: әр мамандық иелерінің әректтерін және құрал-жабдықтар атауларын.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *