Гоеметрия сабағы. 7 сынып. “Геометрияның негізгі ұғымдары..”

Геометия 7-сыныпқа арналған қысқа мерзім жоспары

Аптасына  2 сағат, барлығы 68  сағат

 

Тақырыбы:

Сабақ 

Геометрияның негізгі ұғымдары..

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні:  Жаймуханова Улжан Шокановна

7 сыып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.1.1

планиметрияның  негізгі фигураларын білу: нүкте, түзу;

7.1.1.5

кесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыш, жарты жазықтық анықтамаларын білу;

7.1.1.2

нүктелер  мен түзулердің тиістілік  аксиомаларын  білу және қолдану;

7.1.1.3

аксиоманың  теоремадан айырмашылығын түсіну: теореманың шарты мен қорытындысын ажырату;

7.1.2.1

нүктелердің түзу мен  жазықтықта орналасу аксиомаларын білу және қолдану (реттік аксиомасы);

7.1.1.6

кесінділер мен бұрыштарды өлшеу аксиомаларын білу және қолдану;

7.1.1.8

кесінділер мен бұрыштарды  салу аксиомаларын білу және қолдану;

7.1.1.11

берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы аксиомасын білу;

7.1.2.2

түзулердің параллельдік  аксиомасын білу;;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Геометрияның негізгі ұғымдарымен.танысады, ойын жеткізе отырып, негізгі ұғымдарды түсіне тырып фигуралар туралы түсіктерді  ұғынады

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыптың мазмұнын талдайды,пікірлерін дәлелдейді, тапсырмаларды орындайды.

Қатынас туралы біледі, есептер шығаруда  қатесіз пайдаланады біледі

;

Кейбір оқушылар:

Геометриялық  негізгі  ұғымдарға анықтама  береді, өмірден , қоршаған

 ортадан геометриялық фигураларды таба біледі.

 Геометриялық  ұғымдар мен терминдер арқылы жауап береді,

яғни математикалық сауатты  болады.

 

                                                                      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(2-5 минут)

 Ұйымдастыру кезеңі:

Кім жылдам

Интерактивті тақтаға «Қайталау–оқу айнасы»   әр түрлі  деңгейдегі сұрақтар беріледі,

Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.

Үй тапсырмасын тексеру:

Бір бірімен дәптер алмасу арқылы

 

 

Сабақтың ортасы (6-40 минут)

Геометрия грек тілінен аударғанда «жер өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Геометрия екі бөлімнен тұрады. Планиметрия және стереметрия. Планиметрия жазықтықтағы фигуралардыГеометрия (гр. geometrіa, ge — Жер және metrio — өлшеймін) — математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы. Фигуралар кеңістіктік пішіндер болып есептеледі. Геометрия тұрғысынан сызық — “сым” емес, шар — “домалақ дене” емес, олардың барлығы да — кеңістіктік пішіндер. Ал кеңістіктік қатынастар — фигуралардың мөлш. мен орналасуын анықтайды. Мысалы,центрлері ортақ, радиустары 3 см және 5 см шеңберлер қиылыспайды, “біріншісі екіншісінің ішінде жатады” дегенде — шеңберлердің мөлш. мен орналасуы жөнінде айтылып тұр. Мұнда бірінші шеңбер — кішісі, екіншісі — үлкені, біріншісі екіншісінің ішінде орналасқан. Осыған орай кеңістіктік қатынастар “үлкен”, “кіші”, “ішінде”, “сыртында” сөздері арқылы анықталған. “Тең”, “параллель”, тағыда басқа сөздер де кеңістіктік қатынастарды сипаттайды.[1]

“Геометрия” атауы дәл аударғанда “жер өлшеу” болады. Бұл ғылымның алғашқы нұсқалары Ежелгі Мысыр (Египет) елінде шыққан. “Жер учаскелерін өлшеу нәтижесінде — деп жазған біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда өмір сүрген грек математигі Евдем, — мысырлықтар Геометрия ғылымын шығарды”. Жер өлшеу өнерін мысырлықтардан үйренген ежелгі гректер оны алғашқы кезде өз тілінде “Геометрия” деп атаған. Осы сөз кейін көптеген халықтардың тіліне еніп, ғыл. термин болып кеткен. Геометрия заңдылықтарын жер учаскелерін өлшеуде қолдануға әбден болады, бірақ Геометрияның негізгі арнасы ол емес. Геометрияда қолданылатын мәселелер сан алуан. Сондықтан Геометрия ерте заманның өзінде-ақ кеңістіктік пішіндер мен қатынастар жөніндегі ғылым ретінде қалыптасқан. Жер өлшеу ғылымын, соңғы мағынадағы Геометриядан айырып айту үшін, Аристотель геодезия деп атаған. Геометрияны тек жер өлшеу жұмыстары ғана тудырған жоқ. Бұл бағытта ғылыми-практикалық деректердің молайып, қорлануына үй, көпір, пирамида, әскери бекіністер, тағыда басқа құрылыстар салу, арналар қазу, ыдыстардың сыйымдылығын өлшеу, құрылыстарға қажетті материалдардың шамасын алдын ала есептеу елеулі әсер етті. Геометрия ұғымдары дүниеде кездесетін заттардың дербес физикалық қасиеттерін еске алмай, абстракциялап (яғни, дерексіздендіріп), олардың тек мөлшері мен өзара орналасуын ғана қарастыру нәтижесінде пайда болған. Қалыпқа салынып соғылған кірпіштердің, құрылысқа арналып шабылған қырлы тастардың, шеберлердің кесіп, сүргілеп тегістеген бұйымдарының сыртқы тұрпаты — пішіні бірдей болады. Мұндай пішін төрт бұрышты призма деп аталады. Үш бұрышты, бес бұрышты, тағыда басқа призмалар болады. Геометрияда призманың қандай материалдан жасалғандығы есепке алынбайды, оның тек мөлшері мен орналасуы ғана зерттеледі. Цилиндр, конус, шар, Геометрия ұғымдар да осылай қалыптасқан. Сонымен геометриялық денелер — темп-расы, массасы, жасалған материалы мен жеке қасиеттері қарастырылмайтын физыкалық денелер денелер., ал стереометрия кеңістіктегі геометриялық фигураларды қарастырады. Планиметрия курсының ең негізгі элементтері болып нүкте мен түзу, кесінді болып табылады.

 

Ан-ма: Нүкте координатасымен анықталады және оның ұзындығы болмайды,  

             яғни 0-ге тең.

Ан-ма 2: Түзу -2 екі жағынан да шектелмеген  нүктелер жиыны. Ұзындығы –

                 шексіз.

Геометрияда келесі белгілеулер қолданылады: /тақтада көрсету/

1.Тиісті, тиісті емес

2. Бірігу

3.Қиылысу /Оқулықтан жазады/

1-слайд         Геометрияның негізгі ұғымдары

 

2-слайд

}  Геометрия-заттардың формасын, өлшемін және де өзара ара-қатынастарын зерттейтін ғылым саласы.

 SHAPE  \* MERGEFORMAT

 

3-слайд

}  Геометрия ғылымы ғасырлар бойы жаңа теоремалар мен формулалар ашылуы арқылы дамып, толықтырылып отырған. Ғылымның дамуында ерекше рөл атқарған ғалымдар:

 SHAPE  \* MERGEFORMAT

     Фалес                                   Пифагор                                Евклид

 

 

4-слайд                                           Геометрияның қолданысы

}  Өмірге байланысы бар есептер;

}  Қоршаған ортаны тану;

}  Логикалық ойлау қабілетін дамыту

}  Көптеген маңызды мамандықтардың негізі         

( Архитектор, құрылыс инженері, скульптор т.б.)  SHAPE  \* MERGEFORMAT

 

5-слайд                                       Геометрияның салалары

                       

6-слайд                                             Планиметрия

}  Планиметрияда  бір жазықтық бойында жататын, көлемсіз геометриялық фигуралар зерттеледі. Оларға: нүкте, кесінді, сәуле, үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер және т,б фигуралар жатады.

 SHAPE  \* MERGEFORMAT

 Шеңбер                         Төртбұрыш                              Сызық

 

7-слайд                                          Стереометрия

Стереометрияда белгілі бір   көлемі бар геометриялық фигуралар зерттеледі. Оларға: Пирамида, конус, шар, цилиндр және т. б. Фигуралар жатады.

       SHAPE  \* MERGEFORMAT

          Пирамида                                    Шар                         Цилиндр

 

 

8-слайд                                           Анықтама

}  Жаңа ұғымдардың мағынасын бұрыннан белгілі ұғымдар арқылы түсіндіретін сөйлемді анықтама деп атаймыз.

}  Төртбұрышты анықтау үшін нүкте, кесінді   секілді бұрыннан белгілі ұғымдарды   пайдаланамыз.  Себебі төртбұрыш нүкте мен кесінділерден құралады.     

 

       Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Геометрия дегеніміз не?

2. Геометрия ғылымының дамуына үлес қосқан ерте заман ғалымдарын ата.

3. Геометрия неше салаға бөлінеді және оларды ата?

4. Шар, кесінді, конус, цилиндр, сызық. Осы фигураларды геометрияның қай саласы зерттейтінін ата.

IІ деңгей тапсырмалары

5.  Кез келген екі нүктені белгіле.

6. Екі нүкте арқылы түзу сыз;

7. Екі нүктенің ара қашықтығын өлшеп дәптерге жаз.

IIІ деңгей тапсырмалары

8. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?

 

      

Оқулық

.3:

Қосымша тапсырма:1.2.

 

 

Сабақтың соңы( 41-45мин)

Топ бойынша есептер шы5ару

Әр топқа деңгейлік тапсырмаларды   беріледі.

Топтық жұмыс.

Сынып екі топқа бөлінуі керек.

I топ

   Планиметриялық фигуралар жөнінде өмірден мысалдар келтіріп, қолданылуы жайлы деректер беруі тиіс.

II  топ

   Стереометриялық фигуралар жөнінде өмірден мысалдар келтіріп, қолданылуы жайлы деректер келтіруі қажет.

 

 

                                                                Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

 

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *