Әділет,шапқат кімде бар,сол жарасар туғанға
“Әділдік жоқ жерде пара белең алады”, “Дүние-байлық неге керек,денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек,халықтың көңілі толмаса” деген нақыл сөз сонау ата-бабаларымыздың шыншыл да шынайы, екі ауыз сөзбен елең қақтырарын дәлелдейді.
Осы бір нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шынында да,біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне и боламыз. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес.Айналасындағы сауатты,таза және сау ортаны шарпып,тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсы әркеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың,ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Әсіресе осы індетпен халық жиі бетпе-бет келеді. “Өзіне-өзі сенімсіздігі” нәтижесінен немесе “қорқақтығынан” осы жайттарды бұғып, көрмеген сыңай танытатындары да бар. Осының салдарынан мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсер тигізіп, беделіне нұқсан келтіріп, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болып отыр.
Осындай қоғамға жа нәрсені болдырмау үшін балабақшадан бастап бүлдіршіндерге түсіндіру қажет. Содан кейін барлық деңгейде, яғни мектепте, жоғарғы оқу орнында, жұмыс атқарар жерлерде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” заындағы өзгерістер мен түсіндірулерді көрнекті материалдармен түсіндіру. құқық бұзушылыққа “төзбеймін” деген иммунитетті жалпы адамдар арасында қалыптастыру. өздерінің білімдеріне және болашағына жауапкершілікпен қарауға ынталандыруды насихаттау – біздің міндет. Сол кезде әр адам заңды жақсы меңгеріп, басқан қадамын”мысықша” аңдып, жасайтын жұмысының, істейтін ісінің заңдылығын қарастырып, қоғам індетіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресуге жалықпас еді. Сол кезде ғана қоғам дамуына кері жағдай тудырмайтын атмосмераны қалыптастыруға болады. Егер олай болмаған жағдайда, ҚР-ның Түңғым Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауындағы “Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың” дейтін ереже бар. Одан болмаған күнде біз кеңестік кездегі “Заң қалай бұрсаң,солай бұралатын тәртенің” керіне айналарымыз анық.