1 сынып Сауат ашу пәнінен сабақ жоспары “Д д дыбысы мен әрпі”
Аты-жөні: | Болатова Самал Жанболатовна | ||
Ғылыми дәрежесі,ғылыми атағы | «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша БАКАЛАВРЫ академиялық дәрежесі | ||
Қызмет орны (лауазымы) | Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы,Көбенсай орта мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі | ||
Байланыс телефондары | сот: 87024691468, үй тел:87154223652 | ||
Электрондық поштасы (e-mail) | samalb88@mail.ru | ||
Күні:14.11.2018ж
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: 12
Қатыспағандар саны:0 |
||
Сабақтың тақырыбы | «Менің отбасым және достарым»
Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі. |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.8.1. берілген сюжетті бойынша шағын әңгіме құрап айту.
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау 1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну |
||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Д дыбысы бар сөздерді айтады. Өзге оқушылардың ой-пікірін тыңдайды және диалогқа қатысады.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Оқушылар дос туралы сюжетті суреттер бойынша сөйлемдер құрайды. Сипаттап айтады. Өз ойын білдіреді. |
||
Бағалау критерийлері | • Д әрпімен танысады және жазады.
• Сөздерді буындап,тұтас түсініп оқиды. • Дыбыстық талдау жасай алады. • Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, математика | ||
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым, | ||
Тілдік құзыреттілік | Дос, достық, сыйластық, көмек беру, тату болу, ренжітпеу, кешірім сұра, кешіре біл. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3 минут
5минут
Жаңа сабақты түсіндіру 4минут |
1 Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг «Ояну» – Қайырлы таң, көздерім! Ояндыңдар ма? – Қайырлы таң, құлақтарым! Ояндыңдар ма? – Қайырлы таң, қолдарым! Ояндыңдар ма? – Қайырлы таң, аяқтарым! Ояндыңдар ма? – Қайырлы таң, Күн! – Мен ояндым! – Көңіл-күйіміз қандай? Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше. Өйткені, біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Қонақтармен амандасып алайық. – Бүгін аптаның қай күні? Оқушыларды үш топқа бөлу. 1-топ- Әріп, 2-топ-Буын, 3-топ-Сөз. –Енді, сабақтың ережелерін еске түсірейік! 1-ереже Сабақта бірі-бірімізді тыңдаймыз 2-ереже Біреудің айтқанын қайталамаймыз 3-ереже Уақытты босқа өткізбейміз 4-ереже Сабаққа белсене қатысамыз Ширату жаттығуы: Әр топқа тапсырма беріледі. 1-«Әріп тобы» Берілген сөздерді тиісті әріптермен толықтырады. 2- «Буын тобы» Екі бағандағы буындарды сызбамен сәйкестендіреді. 3- «Сөз тобы» Берілген суреттердің атауларын жазады. Дескриптор: -сөздерді тиісті әріптермен толықтыра алады. -буындарды сызбамен дұрыс сәйкестендіре алады. – заттардың атауын дұрыс жаза біледі Тапсырманы бағалау. Қазір күз мезгілі болған соң, ағзамызға дәрумендер қажет, сондықтан оқушылар жеміспен бағаланады. №1 Тыңдалым. Достары көп Мараттың, Ойнайды олар аулада. Ағасымен Болаттың Барады олар тауға да. -Бұл өлең бе, әлде әңгіме ме? -Бұны балалардан сұрап көрелік. -Сендердің достарың бар ма? -Сендердің ойларыңша достар қандай болу керек? |
Шаттық шеңбері
Топқа бөлінеді.
Топтар тапсырмаларын жұмыла орындайды.
«Жемістер» арқылы бағалайды.
Аудиожазбаны тыңдап,оны талқылайды.
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс. |
|
Сабақтың ортасы
7минут
|
Айтылым.
Сюжетті суреттермен жұмыс.Оқушылардың пікірін тыңдау.Өздерінің достары жайлы айтады. «Дос» сөзін тақтаға іліп қою Оқушылар шығып сөздерді оқып, іледі.
Жарайсыңдар, балалар, сендер ақылды, адал дос екенсіңдер. Біз бүгін дос туралы айттық, бұл сөз қандай дыбыстан басталып тұр? -Д дыбысынан. -Дұрыс!Демек бүгін қандай әріппен танысамыз? Д дыбысы мен әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру. – Өте жақсы! Д дыбысы бар сөздерді айтыңдаршы? |
Сюжетті суреттермен жұмыс істейді.
«Дос » ассасиация жасайды.
Д дыбысы мен әрпімен танысады. |
|
Сергіту сәті
1 минут |
«Еуропа қалашығына саяхат» жасау.
1 шапалақ – қол алысып 2 шапалақ –иықтарымен 3 шапалақ – арқаларымен 4шапалақ –бір-бірін құшақтасып амандасады |
Сергіту сәті | |
5минут
5 минут
3минут
4минут
4 минут
|
№2 Оқылым. «Буын + буын» ойыны. Буындардан сөз құрайық
Да ла ау ла Да на Ду лат Да ла да ау ла да Д ана да Ду лат та
Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» № 3 Жазылым Ауада жазу. Дәптермен жұмыс. • «Сиқырлы жазулар» әдісі арқылы берілген Д әріп элементтерін каллиграфиялық нормаға сай , таза, ұқыпты жазуға үйрету.
Кері байланыс: Керемет жазу! Жұптық жұмыс • Шарты:Суреттерден Д дыбысынан басталатын сөздерді тауып,дыбыстық талдау жасау. Топтық жұмыс • Әріптер мен сандарды пайдаланып,сөз шығарып онымен сөйлем құрастыру. • Дескрипторлар • Сандарды пайдаланып әріптерден сөз шығарды. • Сөздер арқылы сөйлем құрастырды. Жеке жұмыс • «Алғашқы әріптер» әдісі арқылы заттардың алғашқы әріптерінен сөз құра. • Қандай сөз шықты? Оны жаз. |
Оқулық, дәптерлер.
«Жемістер» арқылы топтар,жұптар , жеке жқмыстарын өзара бағалайды. |
|
Сабақтың соңы
4 минут
|
Кері байланыс
• «Ойды аяқта….» әдісі • Бүгін мен білдім…. • Мен үйрендім…. • Қиындық тудырды…. • Қолымнан келді…. Олай болса, көңіл-күйімізді алдымыздағы смайликпен көрсетеміз |
Смайликтер |
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Күз мезгілі болғандықтан топтардағы барлық жемістерді санайды. Ең көп алма жинаған топ жеңіске жетеді.
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718