БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҚОРЫМДАРДЫ АРАЛАДЫ

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҚОРЫМДАРДЫ АРАЛАДЫ

Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы XIV-XV ғасырға жататын Абат-Байтақ қорымына және Ойыл ауданы, Саралжын округіне қарасты Шиқұдық ауылының қасындағы ғұн дәуіріне жататын Сорлақмола археологиялық қорғандарындағы қазба жұмыстарына пресс-тур ұйымдастырылды.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Тарихи мәдени мұраларды зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының археологиялық тобының «Ақтөбе облысының ғұн-сармат кезеңі ескерткіштерінің архтектоникасы және кеңістікте талдау» жобасын жүзеге асыру барысында SAS PLANET бағдарламасы бойынша жер бетінің космостық фото түсірілімдерін зерттеу жүзеге асырылды. Оның нәтижесінде облыстың Қобда және Ойыл аудандары аумағында 100 аса бұрын белгісіз қорымдар белгіленіп географиялық координаттары анықталды.

Зерттеу жұмыстары барысында құнды әшекей бұйымдар мен олжалар табылды. Атап айтқанда, керамикалық ыдыстар, қола айна, моншақ, және т.б.

Пресс-тур аясында БАҚ өкілдері Қобда ауданы Абат-Байтақ қорымындағы құлпытастарда дерек көзі болып табылатын жазуларды зерттеуге Алматы қаласынан келген Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдарымен кездесті.

Эпиграфикалық ескерткіш мұраларды зерттеу жобасының құрамында ҚР БҒМ Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері т.ғ.к. Медерова Дина Есіркепқызы, Дүйсенов Бағдат Даниярұлы, Құрманбаева Құралай бар.
Сондай-ақ, ғалымдар алдағы уақытта қорымдағы құлпытастардың композициясы мен әшекейлік-сәндік бірегейлігі және тасты өңдеу технологиясының ерекшеліктерін қарайды.

Ұлы Қобда өзені бойында орналасқан республикалық дәрежеде қорғауға алынған Абат-Байтақ мавзолейі ХІV-ХV ғ.ғ. бірегей халықтық сәулет өнері ескерткіші болып табылады, мұнда 200-ден астам құлпытас бар.

Іс-сапар соңында журналистер ХІХ ғасырдың аяғына жататын Шәкен-ишан мешітіне аялдап, мешіттің тарихи сырына үңілді.
____________________________________
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музкейінің баспасөз қызметі

Фото: Қуат ӘБІЛҚАЙЫР

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *