Мен мектепке барамын. Қосамын жəне азайтамын.

 

 

 

ҰОҚ. Тақырыбы: Мен мектепке барамын. Қосамын жəне азайтамын. МЕКТЕП/МҰ:
Күні: 28.02.19 Педагогтің аты-жөні:М.Н Омарова.
Мектепалды сынып/топ Қатысушылардың саны:9 Қатыспағандардың саны:0
Оқыту мақсаттары 0.4.1.1. «+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «–» таңбасын заттар тобынан алу (азайту) таңбасы ретінде түсіну жəне оларды пайдалану.
Күтілетін нəтижелер Барлық тəрбиеленушілер:
– «+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «–» таңбасын заттар тобынан алу (азайту) таңбасы ретінде түсінеді.
Көптеген тəрбиеленушілер:
-«+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «–» таңбасын заттар тобынан алу (азайту) таңбасы ретінде түсінеді жəне оларды пайдаланады.
Кейбір тəрбиеленушілер:

сурет немесе жағдай бойынша қосу мен алуды белгілеу үшін «+» жəне «–» таңбалары бар жазбалар құрастырады.

Тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:

-сурет немесе жағдай бойынша қосу мен алуды белгілеу үшін «+» жəне «–» таңбалары бар жазбаларды түсіндіре алады.

Пəндік лексика жəне терминология: қосу, азайту (алу).

Пікір алмасуға арналған сұрақтар: –Заттарды қосқанда не болатынын айт.

–Бұл топтағы заттарды қандай белгісі бойынша алып тастағанын түсіндіре аласыңдар ма?

–Суретте, бұл жағдайда не болғанын айтуға саған қандай сөздер көмектескенін түсіндір (заттарды біріктірді, қосты, алып тастады, азайтты)?

Жазу:

-боя, «+» жəне «–» таңбаларын қорша жəне т.с.с.

Алдыңғы білім Заттарды қосу, алу, санау.
Жоспар

 

 

 

Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-əрекет Ресурстар
Басталуы 0–5 минут Ынталандыру.

Педагог балалардан олардың мектепке барғысы келетін-келмейтінін сұрайды. Оларға елімізде барлық адам білім ала алатынын айтады. Бірақ мектепке бару үшін көп нəрсе үйрену керек. Сосын педагог 1-сыныпқа сəтті көшу үшін балаларға не керек екенін сұрайды.

Өзектендіру.

– Бүгін біз көптеген нəрсе үйренеміз.

ҰОҚ-нің тақырыбына кіріспе ретінде педагог заттардың топтарын есептеу ойынын ұсынады. Балалардың қозғалу белсенділігін пайдалануға болады. Оқу бөлмесі кеңістігінің бір бөлігін орындықтармен қоршаңыз.

Педагог бабаларға орындықтардың артында «үй» бар деп елестетуді ұсынады. Бірнеше адам «үйге» кіріп, қалған балалар оларды санап, саны бар карточканы көрсетеді. Сосын «үйге» тағы да бірнеше адамды кіргізеді де, қанша адам кіргенін санайды. Сосын қанша болғанын санайды. Осыған ұқсас ойынды азайтуға дайындалғанда да өткізеді. «Үйден» бірнеше бала шығады. Мұның барлығы керекті саны бар карточканы іздеумен жəне оны тақтаға немесе үстелге қоюмен қатар болады.

1-10 сандары бар карточкалар
Ортасы 6–15 Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ) Осы ойыннан кейін педагог балалардың бұл жағдайды математика тілінде қалай жазуға болатынын білетін-білмейтінін сұрайды.

– Бүгін біз адамдарға сандардың бір бөлігін қосқан жəне алған кезде сандар қалай болатынын жазуға көмектесетін жаңа таңбаларды білеміз.

16–25 Жаңалық ашу.

(Ұ) Əліппе-дəптердегі 1-тапсырма бойынша жұмыс істеуге болады, не «үй» ойынымен ұжымдық жұмысты жалғастыруға болады. Педагог «+» жəне «–» таңбаларын алып, балаларға көрсетеді. Оларды суреттегі немесе ойындағы белгілі бір жағдайда сандардың арасына қоюды ұсынады.

Сосын жиынтық полотнода заттар санайтын материалмен (бұл жағдайда екі түстегі шаршылармен) ауыстырылады: Жазбалар шығады. Педагог мұндай жазбаларды дұрыс оқуға үйренуді ұсынады. Хормен оқу тəсілі қолданылады. Бұл жазбаларды түрліше оқуға болатынына балалардың назарын аударыңыз.

(Ж) Жұппен бұл жерге қандай сандарды жəне неге қою керектігін талқылауды ұсыныңыз.

Қолданылатын сөздер: қосу, жиынтықтау, плюс, … арттыру, азайту, шегеру, минус.

Педагог оқу үлгісін ұсынады, балалар оның артынан қайталайды. Одан кейін балалар мысалдарды түрліше оқиды.

Əліппе-дəптер, санайтын материал, сандары мен таңбалары бар карточкалар

 

 

 

(Ө) № 2 тапсырмада белгілерді айналдыра бастырып сызу берілген.

(П) Жұп болып № 3 тапсырмада қандай сандарды жəне неге қою керектігі талқыланады.

(Т) Топтарда ұқсас жағдаят жасаңыз. Балалар пойызбен жүріп бара жатқандарын бейнелейді. Олар бір-бірінен ұстайды. «Аялдамада» бір бала «шығады», ал қалғандары: «бесті бірге азайтқанда төрт қалады» дейді. Одан кейін қозғалыс жалғасады. Аялдамада тағы бір бала шығады. Ойын осылай жалғасады. Сонымен қатар сабақтарда алу мен қосу мысалдары үшін №7-9 полотно қолданылады. Одан кейін балалар орындаған жұмыс түрлерін естеріне түсіреді.

Нені жеңіл жəне сəтті орындағанын, неден қателескендерін немесе қиналғандарын талдайды.

Смайликтердің немесе басқа шартты белгілердің көмегімен өз жұмысының нəтижесін көрсетеді.

Əліппе-дəптер, жиынтық полотно, үлестірмелі материал– сандары бар карточкалар
Рефлексия 26–30 Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Əліппе-дəптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *