Х дыбысы және әрпі
Кдырсихова Айман Гизатовна
Сабақтың мақсаты | Мақсаты: 1.Жаңа дыбыспен таныстыру, әріпті анық, дұрыс айтуға дағдыландыру. 2.Балалардың ой – өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін дамыту. 3.Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу |
|||||||||||||
Көрнекіліктер | Үлестірмелі суреттер, плакат т.б | |||||||||||||
Іс-қызметі кезендері | Тәрбиеші әрекеті | Балалардың іс — әрекеті | ||||||||||||
Психологиялық ахуалды қалыптастыру
|
Шаттық шеңбері. Балалар қол ұстасып шеңбер құрап, мынадай өлең жолдарын айтады. Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты. Жарқырайды даламыз, Қайырлы күн, достарым! Қайырлы күн, ұстазым! |
Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды. | ||||||||||||
Ұйымдастыру іздестіру
Жаңа сабақ
|
Жаңа сабаққа байланысты салынған суретпен жұмыс. Оқушылар суретті көре отырып, шағын мәтін құрайды. Оқушылардың құраған мәтінін тыңдау. Марат қалада тұрады. Ал оның атасы ауылда тұрады. Марат ауылда тұратын атасына хат жазады. Атасы Мараттың хатын алып қуанды. Өтілетін жаңа дыбысқа байланысты жұмбақ шешу. Аяғы жоқ, қолы жоқ, Жүрмейтұғын жолы жоқ. (хат) Х дыбыстың баспаша, жазбаша түрімен таныстыру. «Хат» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Х – дауыссыз дыбыс, А – дауысты дыбыс, Т – дауыссыз дыбыс. Бинго әдісі: Тақтайшаға Өткен әріптерді жазу А, Т, П, Ө, Ш, Ғ, У. Дыбыстық талдау хат, халық, хор деген сөзге жасау.
Ойын? «Адасқан әріптер» А,л,а,х,т т,а,х м,а,ш,а,х,т х,н,а б,а,р,а,х қ, ы, х, а,л «Кітапхана» деген сөзді қалай түсінетіндері жайлы сұрау, ойларын ортаға салғызу. |
Балалар барлық қимылдарды тәрбиешіге қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды. | ||||||||||||
Сергіту сәті | Шынығамыз жастай біз, Жаттығуды бастаймыз. Бір, екі, үш, Бір, екі, үш, Бойымызға жинап күш. Шынығамыз жастай біз, Жаттығуды бастаймыз. |
Оқушылар ойын ойнайды | ||||||||||||
Рефлексивті — түзетушілік | Кітап↓ Білгір Кеңесші Білім Ой – қиял Ғалым Ерік Ақылшы Ұстаз |
Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады. | ||||||||||||
Күтілетін нәтиже: | ||||||||||||||
Білу | Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады. | |||||||||||||
Өзіне үйренгені | Жаңа сабақты түсінеді | |||||||||||||
Үйрену | Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену. | |||||||||||||