МАМАНДЫҚТЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАУҒА БОЛАДЫ?
Уалиев Ғалым
Егер сен бала кезіңнен дәрігер немесе ғарышкер болғың келсе және осы уақытқа дейін өз таңдауыңның дұрыстығына күмәнданбасаң – сенде ешқандай проблема жоқ. Анаң және апаң не айтса да, химия және биология бойынша оқулықтарға қызығушылық танытасың немесе «жас физик» үйірмесіне барасың және мектеп бітірген соң не істейтініңді жақсы білесің.
Егер осылай болса, онда сен бақыттысың. Өйткені соңғы қоңырау соғылған кезде көптеген балаларда «кім боламын», қайда оқуға түскім келеді және жалпы оқу орынына барғым келе ме деген мәселелер шешілмеген.
Мамандықты таңдау мәселесінің мазалауы өте жақсы – бұл сенің әлеуметтік және психологиялық кемелденгеніңді білдіреді. Егер саған бәрібір болса, ең жаманы сол: анаң қолыңнан жетелеп заңгерлік институтқа апарады (өйткені саған тарих «ұнайтын сияқты»), содан соң саған қағаздармен жұмыс істеу және адамдармен қарым-қатынас жасау ұнамайтындығы анықталады.
Кәсіби өз тағдырын өзі шешудің қиыншылықтары балалардың екі категориясында пайда болады. Біріншілері осы өмірде әлі қызықты еш нәрсе тапқан жоқ. Мұғалімдері мұндай балаларда қандай да бір пәнге деген қызығушылық тудыра алмаған, ал таланттары жерге көмілген. Мұндай балалар жақсы оқи алады, бірақ ештеңеге әуестіктері жоқ, олардың өмірі зеріккен немесе бір сарынды. Міне, сондықтан немен айналысатындығын анықтай алмайды, өйткені өмірде оларды ешнәрсе өзіне ерекше еліктіре алмайды. Неден таңдау жасайды? Әдетте, олар әкелері қайда жұмыс істейтінін, ихтиолог деген кім екенін білмейді және мамандықтар әлеміндегі бағдары нашар балалар. Балалардың екінші категориясы оқуда да және белсенділіктің басқа формаларында да өте белсенді. Оларға барлығы қызықты, бір уақытта үш үйірмеге, бес факультативке және он спорттық секцияға қатысады. Олардың қолынан бәрі келеді. Егер адам талантты болса, онда барлығында талантты дегендей. Қолына не алса да, барлығында табысқа жетеді. Бірақ…. ол да өзіне не ұнайтынын, өз өмірін немен байланыстыратынын анықтай алмайды.
Өзіңді қалай тануға болады? Психологтардің есептеуінше, мамандықты таңдауда адамның психологиялық ерекшеліктері мен мамандықтың сәйкесінше сипаттамалары сай келуі керек. Мамандық ҚЫЗЫҚТЫ болуы тиіс. Егер саған өсімдіктер, жануарлар ұнаса, онда өз кәсіби іс-әрекетіңде тірі табиғат объектілерімен кездесу сен үшін қызықты болады. Егер сен техниканы ұнатсаң – онда оған деген қызығушылық инженер – конструктор немесе физик-теоретик іс-әрекеттерінде қолдау табады.
Кез келген мамандық адамда «кәсіби маңызды сапалар» деп аталатын сапаларды талап етеді, мысалы, корректорға зейінділік, суретшіге – бейнелік ойлау және т.б. Сондықтан, қандай да бір мамандықты таңдай отырып, сенде кәсіби маңызды сапаларға сәйкес ҚАБІЛЕТТЕР бар ма екендігін ұғыну қажет. Мамандықты таңдауда күмәнділік жағдайында, сенің қабілеттерің толығымен жүзеге асатын болса, бұл іс-әрекетте үлкен жетістіктерге қол жеткізесің.
Жүзеге асыратын мамандық типі сенің тұлғалық, мінездік типіңмен сәйкес келуі керек. Егер сен қарым-қатынасқа жоғары деңгейде түсе алатын болсаң, онда саған көптеген қарым-қатынастар орнатумен байланысты мамандық таңдау қажет. Егер эмоционалды тұрақты емес болсаң, онда сен ұзақ уақыттық зейін шоғырланушылығын талап ететін, бір сарынды іс-әрекеттермен шұғылдана алмайсың.
Сонымен, мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзіңді тануың қажет. Сен өзіңе «Мен қандаймын?», «Осы әлемде мен кіммін?», «Немен өмір сүремін?» деген сұрақтарды жиі қоятын шығарсың. Өзіңді жақсы тануға және бұл сұрақтардың бір бөлігіне жауап беруге (бұл сұрақтарға толығымен ешқашан жауап бере алмайсың) қарапайым жаттығу көмектеседі: өзіңе басқа адамның көзқарасымен қара. Өзің жақсы білетін нақты адамның, мысалы, досыңның, партада бірге отыратын көршіңнің, анаңның немесе сүйікті қызыңның көзқарасымен. Өз қылықтарыңды басқа адам шынайы мотивтерін білмей қалай түсіндіре алса, сондай етіп түсіндіруге тырыс. Сені басқа адамдар қалай көретінін түсінесің, бірақ екінші жағынан, субъективизмнен айырыласың, өйткені өз кемшіліктерін көру адам үшін өте ауыр.
Сенің мінезің әлі қалыптасуда, сондықтан өзіңе ярлык жапсыруға және артист мамандығынан сен өзіңді «ұялшақпын» деп есептеуіңе байланысты бас тартуыңа болмайды. Күрес, өзіңмен жұмыс жаса, өзіңді таны. Адамның психикалық қасиеттері (қабілеттер, қызығушылықтар немесе мінез сипаттары) өте майыспалы, өзгергіш сапалар екенін естен шығарма. Музыкаға деген қабілеттері жоқ, бірақ онымен айналысуға тілектері өте жоғары адамдарда, музыкалық естуді дамыта алғандықтары жайлы жағдайлар өте көп. Ең бастысы-қызығушылық; қабілеттер іс-әрекет барысында қалыптасатындығын есте сақта. Еңбектенуге, жұмыс істеуге дағдылан. Жалғыз қабілеттермен алысқа бармайсың. Екінші жағынан, қызығушылық – тұрақты зат емес. Көптеген балалар қандай да бір оқу пәнін жақсы көреміз деп ойлайды, бірақ шын мәнінде оларға мұғалім өте ұнайды. Сонымен бірге саған психология немесе экономика пәндерінің ұнайтындығын түсіну қиын, өйткені бұл пәндерді мектеп қабырғасында оқытпайды…. Мамандық таңдауда қателік жасамас үшін мамандықтар әлеміне деген қатынас шеңберін кеңейту керек. Ересектерге олардың кәсіби іс-әрекеттері жайлы сұрақтар қойыңдар – әдетте, адамдар өздерінің нақты жұмыстары және студенттік өмірлері жайлы үлкен тілекпен айтып береді. Сол кезде сен бұл аймақ саған қызықты ма, әлде сен өз құжаттарыңды тапсырғалы отырған мамандықтың тек атын ғана білетіндігіңді саналы шеше аласың….
Сонымен, өз қабілеттеріңді, қызығушылықтарыңды және тұлғалық сипаттарыңды біле отырып, енді сен мамандықты емес, жоғары оқу орынын немесе факультетті таңдайсың. Сені қызықтыратын іс-әрекет түріне қандай мамандықтар және маманданулар сәйкес келетінін анықта. Бұл тек бір жақты сәйкес келулер емес (мысалы, жаңа бағдарламалар жасау үшін, «Информатика» мамандығын алу қажет). Шешім қабылдау психологиялық емес көптеген факторларға негізделуі керек: УНИВЕРСИТЕТТІҢ беделі және сайыс, достардың, ата-ананың пікірлері, оқу ақысы. Параққа ерінбей әрбір нұсқаның оң және теріс жақтарын тізіп жазып шық. Алынған мәліметтерді достарыңмен және туыстарыңмен талда. Ең соңғы таңдау тек өзіңде, өйткені мамандықты таңдай отырып, тағдырыңды таңдайтыныңды ешқашан естен шығарма. Мамандық қанағаттанушылық әкелуі (тек оң эмоциялар) және сенің (қоғамға пайдалы) мүмкіндіктеріңнің толықтай жүзеге асуын қамтамасыз етуі тиіс.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718