Өз мұратына жету

Джураева Наргиза  Абдагаппаровна

Сабақтың мақсаты:   Ұжымда қарым-қатынасты шынайы  сүйіспеншілікпен бере білунағыз адами көрініс екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік:  – адамдарға риясыз қызмет етуді үйрету;

Дамытушылық:  – кешірімді болуға, шынайылыққа баулу;

Тәрбиелік:  – шынайы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Ресурс

Сәлемдесу түгел деу

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Теңіз астына саяхат»

Үй тапсырмасын тексеру.                      

                «Таңбалы тастағы»   таңбалар мен суреттер туралы

жинаған материалдарын қорғайды.

Музыка қойылады

 

 

3.  Дәйексөз                                                         Ғ.Мүсірепов.

 «Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге өмір сүреді»

–          Түсінігіңді баяндап бер.

 
4.   Әңгімелесу

Есею жолында                     Сапарғали Бегалин

–          Келген қонақ неге Сәтжанмен танысқысы келді?

–          Сәтжан Ғылым Академиясына жазған хатында не туралы айтты?

–          Сәтжан Петрге «Таңбалы тасты»  қалай таныстырды?

–          Петр Сәтжанға қандай уәде берді?

–          Сәтжанның туып-өскен жеріне сүйіспеншілігін оның қандай қасиеттерінен байқадыңдар?

–          Сәтжанның іс-әрекетінен қандай үлгі алар едіңдер?

  Сұрақ –жауап пікірталас

Мәтінді талдау.

 5. Шығармашылық жұмыс

 1-тапсырма:     Төмендегі мәтінді оқып, өз мұратыңа жету үшін қандай қасиеттеріңді дамыту қажет екенін анықтаңдар.

Орыс ғалымы Д.И.Менделеевтің әйгілі элементтердің период тық жүйесі оның түсінде тұжырымдалғанын білесіздер ме?

Соның алдында Менделеев үш күн және үш түн бойы элементтердің аттары мен қасиеттері жазылған 62 карточканы бір жүйеге келтіре алмай әуреге түседі. Әбден қалжыраған ол жата кетеді де, бірден қатты ұйқтап қалады. Кейін ғалым:  «Түсімде барлық элементтер орналастырылған кестені көрдім. Ұйқыдан оянған бойда бір жапырақ қағазға тез жазып қойдым. Ақырында бір жеріне ғана қажетті түзету енгізілді» , – деп есіне алады.

2-тапсырма:     93-беттегі мәтінді оқып, өз мұратына жету жолындағы армандаудың маңызын айтып бер.

 

  Адам алдына қойған мақсатына жету үшін талаптану керек Талаптану дегеніміз адамның қажырлы еңбек етуі арқылы, ізденіс ке түсіп, алға қадам басу, талпынысы. Жазушы Сәуірбек Бақберге нов талап туралы былай деп ой толғайды: «Бұл бір мәнді сөз.  «Талапты ерге нұр жауар» деген мақалдың өзі осы сөздің терең мәнін аңғартады.  Егер мен сондай ерді елестете алсам, әрине, еңалдымен әуестігі мол, көзінде оты, жүрегінде жалыны бар, екінші сөзбен айтсам, сегіз қырлы бір сырлы жігітті кәдімгі өзіміздің  Талапты немесе соған ұқсас жігітті көрген болар едім. Қайткенде талап деген ер жігіттің көкейіндегі жел жетпес тұлпары ғой».  Адам баласының асқаралы болуы мол күш-қуатты талап етеді, ынта мен жігер арқылы оның өмірі жолының нәтижесі анықталады. Игілік, интелектуальдық руханилық – бәрі қажырлы еңбектің жемісі, соның арқасында ғана армандаған ой іске асып, мақсат орындалып, арман шындыққа айналады.

 
6. Топпен ән айту     

                       Асыл арман                          Бәкір Тәжібаев

Арманым, ақ сәулелі күнімбісің,

Әлде бір алаулаған гүлімбісің,

Әлде бір желпіп өткен самал ма едің,

Арманым  айтарым көп саған менің.

Қ-СЫ:     Асыл арман, асыл арман,

Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің?

Асыл арман, аспанымда жарқылдаған құсым ба еді,

Мен сенің құдіретіңе, Мен сенің құдіретіңе түсінбедім

Арманым, құздан құлар бұлақпысың,

Әлдебір күлімдеген шырақпысың.

Әлдебір албыраған ай ма екенсің,

Арманым, айтшы маған қайда екенсің?

Арманым жүрегімнің жыры ма едің,

Жас ару жанарының нұры ма едің.

Әлдебір сазы ма едің домбырамның,

Қиялды асқар шыңға қондыратын.

 

 

7.  Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ:       «Туған жер – тағдырым»  Қалқаман Сарин өлеңін  жаттап  келу.

 
8.  Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *