Менің достарым. Заттар тобын салыстырамын

Оқытылу  мақсаты: 0.4.1.2.Белгілерді тану( =, >, <).
Күтілетін нәтиже Барлық балалар: суреттерге( =, >, <) салыстыру белгілері бар жазбаларды  таңдайды.

Көпшілік балалар: 5 затқа дейін суреттерге( =, >, <) салыстыру белгілері бар жазбаларды құрастырады, оқиды.

Кейбір балалар: заттар топтары мен сандарды қалай салыстыруға болатынын,  суреттер бойынша сандарды 5-еуден көп заты бар топтармен салыстыру жазбаларын қалай құрастыруға болатынын түсіндіреді.

Тілдік мақсат Дағдыларды  дамыту: -екі санды салыстыру жазбаларын оқиды, ( =, >, <) белгілері бар

салыстыру жазбасын түсіндіреді.

Пəндік лексика жəне терминология: -үлкен, кіші, тең, ( =, >, <) белгілері.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

– Заттар тобын қалай салыстыруға болатынын айт.

– Заттардың екі тобын салыстыру жазбасына қандай белгі қоюға болатынын түсіндіре аласыңдар ма?

– Заттар тобын қалай салыстыруға болатынын айтуға саған қандай сөздер көмектескенін жəне мұны математика тілінде жазуға қандай  белгілер көмектескенін түсіндір.

Жазу:  -боя, белгілерді қорша жəне т.с.с

Өткен  білім Есеп, «көп», «аз», «сонша» ұғымдары.
Жоспар
Жоспарлан- ған   уақыт Жоспарланған іс-әрекет ресурстар
I. Шаттық шеңбері: «Ыстық алақан»

 

 

 

 

 

 

II. Мақсатты болжам.

 

 

 

 

 

 

 

III. тақырып

бойынша жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Кір жаятын  жіп» әдісі

 

 

 

 

«Жемістер жинау» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

 

Үш тілде амандасу:Саламатсыздарма, Здраствыйте, gudaftonon teishe

Шаттық шеңбері: «Ыстық алақан» Оқушылар  шеңберге жиналып, бір-бірінің  алақандарының үстеріне қолдарын қойып, бір біріне жақсы тілектер айтып сәттілік тилейді.

Оқушылар асықтарды таңдау арқылы топқа бөлінеді.  Топ ойыншыларының асықтарын санап салыстырады. Қай топта артық екені айтылады. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Заттар тобын салыстырамын».

Өзектендіру. Педагог  балалардан  өткен  сабақта  қандай  белгілермен танысқанын сұрайды.

– Заттар тобын қалай салыстыруға болатынын айт.

Егер санаған кезде қандай да бір сан бірінші айтылса, онда ол аз болады. Бүгін  біз  математика  тілінде  қандай  да  бір  заттардың  үлкен,  кіші  немесе  тең  екенін  қалай  жазуға  болатынын  білеміз. Балаларға əдетте үлкен жəне кіші белгілерін«құстың аузы» деп атайды, оларға бейнелі  ұғымды есте сақтау осылай оңай болады. Жабық ауыз əрқашан кіші санға қарай, ашылған ауыз үлкен санға қаратып жазылады.  Енді егер сол жақта үлкен сан тұрса, ауыз оған қарай ашық тұрады да, бұл«үлкен» белгісі болады, ал егер сол жақта кіші сан тұрса, ауыз солға қарай жабық тұрады, онда бұл «кіші» белгісі болады. Жақсырақ есте сақтау үшін белгілерді шынтағынан бүгілген қолмен көрсетуді ұсынамын. Əдетте адамдардың  көпшілігі оң қолмен жазады, демек оң қолды бүксек, артық  белгісін көреміз.

(Т)  Топтағы отырғыштар мен парталар саналып,салыстырылады.  Қай топта артық екені айтылады. Оқушыларды ортаға шақырып қыздар мен ұлдар араласып тұрады, кай топта қанша қыз, қанша ұл бар екені анықталып салыстырылады.

(Ж) Сосын əрқайсысы суреттегі  доптарды жеке санап салыстырады.Суретке сәйкес дұрыс жазуды тап. Қоршап сыз. Балалардың барлығына доп жете ме?

(Т) «Кір жаятын  жіп» әдісі шашылған сандарды бірінші топ ретімен ілсе, екінші топ кері санау бағытымен іледі. Екі топ бір бірін саусақ әдісімен бағалайды.

(Ж) жеке оқушыға  Жұлдызшалар мен үшбұрышты санатып, салыстыруды ұсынамын. Смайликпен бағалаймын.

 

 (Т) «Жемістер жинау» әдісі балаларға «сиқырлы қораптан» бірдей жемістерді ( алма мен құлпынай) жинап тақтадағы карзинаға салады. Заттар тобы санмен белгіленеді. Бұдан  əрі балалар өздеріне ыңғайлы тəсілмен салыстырады. Содан кейін сандардың арасына қандай белгі қоюға болатынын көрсетуді ұсынамын. Бір-бірін шапалақ әдісімен бағалайды. Егерде дұрыс жинаған топқа үш рет шапаолақтайды, қателіктер кездескен кезде екірет шапалақтайды.

(Ж) жеке оқушыға  сәбіздер мен саңырауқұлақты санатып, салыстыруды ұсынамын. Смайликпен бағалаймын.

 

2-тапсырманы орындау ұсынылады. Сиқырлы қораптан бір оқушы белгілерді алып сол белгілерді балалар бастырып жазамыз.Сонымен қатар белгілерді ермексаздан сіріңке талымен, қорабымен жасауға болады.

Сергіту сәті: (электрондық тақтадан көрсетіледі)

 

Үш тілде амандасады.

 

Ортаға жиналады, бір біріне сәттілік тілейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Əліппе-дəптер,

 

 

Сандарды жіпке іледі. Екі топ бір-бірін саусақ әдісімен бағалайды.

Берілген тапсырманы санап,салыстырады.

 

Затарды топтастырып, карзинаға жинайды санайды салыстырады. Бір-бірін шапалақ әдісімен бағалайды .

 

 

 

Берілген тапсырманы санап,салыстырады.

 

Əліппе-дəптер, ермексаз, сіріңке талы,сіріңке қорабы.

 

Электрондық тақтадан көріп бірге орындайды.

IV. Кері байланыс Күн, бұлт Сабақтағы өз жұмысын«Күн мен бұлт» арқылы  бағалауды ұсынады.  Педагог түсіндіреді: егер бүгінгі сабақ сіздерге қызықты болса күннің қасына жиналамыз, егер әліде қызықты болмасын  мәліметтер қажет десеңіз бұлттың қасына жиналамыз..

 

 

 

Сағынова Жанаргүл

Батыс Қазақсатан облысы

Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылы

Б. Қаратаев  атындағы Саралжын ЖОББМ

Мектепалды даярлық тәрбиешісі

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *