Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат
Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Бейне жазба, ермексаз, қағаздан құрастырылған танка, слайд, көгершін бейнеленген сурет.
Шаттық шеңбері: Сиқырлы айнадан
Өзімді көрермін.
Бақыттан жайнаған.
Көзімді көремін.
Дыбыстық жазба: Сүйінші Халқым, сүйінші
Беліңді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете
Жасалған той мереке.
Ішке Туу кіргізіледі.
Балалар біз бүгін қандай мерекені атап өткелі жатырмыз?
Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Слайд: Батырлар туралы.
–Алия асқан мерген болса, Мәншүк әпкеміз пулеметші болған, ал Бауыржан атамыз атақты қолбасшы командир болған, ал асқан ерлікпен Ленинградқа отан үшін деп туу тікен Рақымжан атамыз.
Балалар халқымыздың батыр ұл – қыздары туралы тақпақ білесіңдер ме?
Амира – Назерке: Мәншүк апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз
Ұқсап Мәншүк апайға
Өсіп келе жатырмыз
Салман – Інжу: Жеңіс күні құтты болсын
Құтты болсын, аталар
Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерді балалар
Раушан – Сая: Алияны бұл күнде
Барлық бала біледі
Алия атты көңілде
Әпкеміз деп жүреді.
Мансұр – Бернар: Ол жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн
Бірақ мәңгі өлген жоқ
Батыр қызы қазақтың
Інжу: Үстінде сүр шинелі
Дулығысы болаттан
Мәншүк апке күні-түні
Д/ойын: «Көгершін»
Мақсаты: Дәстүрден тыс әдіс тәсілдерді қолдана отырып шығармашылық қабілетін дамыту.
Сергіту сәті: Бейне таспа
Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»
Тәрбиеші:Балалар тағы да Жеңіс туралы тақпақтарымызды айтайық:
Жұлдыз – Алина: Сонау жылы жер көкті
Соғыс бұлты торлаған
Сонда Мәншүк апкеміз
Жаудан елің қорғаған
Мирас – Алихан: Қайтпаған дауылдан
Кек алған жауынан
Халқымның қастерлі
Жайсаңы Бауыржан
Бағдаулет – Ерасыл: Қазақтың қамы үшін
Жүрегі ауырған
Елімнің намысын
Қорғаған Бауыржан
Нұрайым – Еңлік: Ақниетті алтын күн
Асқақ арман қыраны
Жалауы бұл халқымның
Мәртебесі мақсаты
Қасым – Кәусар: Жеңіс келді ән болып
Келді ауылға сән болып
Жеңіс келді алақай
Тоя жейтін нан болып
Тәрбиеші: Ендігі кезекті көріске береміз: Алия мен Мәншүк соғысқа аттануда. Апасы туған-туыстары шығарып салуда.
Апасы: Қош, қарағым қош!
Мәншүк:Апа, әлі-ақ жауды жеңіп ораламыз
Апасы: Аллам, жар бола гөр!
Тәрбиеші: Міне, соғыс осылайша өз дегенін істеуде. Майданға Әлия мен Мәншүктей өрімдей қыздар жас бозбалалар аттанып жатты.
Алия: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік
Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.
Отан ана, отқа күйіп жатқанда
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.
Мәншүк: Отан ана жылағанда шерленіп
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт
Қара бұлтты қақ жарамыз дедік те
Қолымызға қару алдық ерленіп.
Д/ойын: «Танка»
Мақсаты: Балаларды Ұлы Отан соғысындағы көліктермен таныстыру. Ұлы Отан соғысы туралы түсінік беру.
Тәрбиеші: Балалар біздер соғысқа барып батыр болмайық! Біздер бейбіт елдің батыры болайық! Әрқашан еліміз, жеріміз тыныш болсын. – деп бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.
Қатысушы туралы мәлімет
Қатысушышының аты – жөні | Облысы,ауданы,ауылы | Жұмыс орны | мамандығы |
Ерланқызы
Нурбану |
Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы,Құрық ауылы | МКҚК «Болашақ» балабақшасы
|
Тәрбиеші |