Мәңгілік ел болу- ұлт болашағы
Мухаева Гульнара Ақылбековна
Атамекен. Бұл адамға өте бір жақын, тілмен жеткізе алмайтын түсінік.
Өйткені ежелден ата-бабамыздың қоныстанып, мекендеген жерін, мейлі ол
құнды шөл ,құрғақ дала,биік тау болсын,өзінің кіндік кескен, өсіп өнген жерін адам… Атамекенім деп сүйеді.
Сондықтан адамзаттың асылы да, ардақтысы да туған жері- Отаны. Біздің ата-баба қонысымыз атамекеніміз-Қазақстан.
Біздің ата-бабамыз Алатау, Алтай, Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр өлкені талай ғасырлар бойы басқыншы жаудан қорғап келді.
Бостандық пен Тәуелсіздік жолында шыбын жанын аямаған батырларымыз Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кеңесары мен Наурызбайды, Қасымхан мен Абылайхан тағы басқа көптеген батырларымызды қадір тұтып,қастерлейміз. Олардың халқы үшін қызмет еткенін үлгі-өнеге етіп, осындай ата-бабларымыздың болғанын мақтан етеміз. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, өмір сүрген ата-бабамыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Олар: ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екендігін дәлелдей алмайды.
Қасиетті де қастерлі Тәуелсіздікті сан ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсап өтті. Егемен ел , Тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірлерін сарп еткен
А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтар т.б. құрбандыққа айналды.
Ендеше, қолымыз жеткен сол егемендігімізді ешкімге тәуелді етпей, өркениетті өмірге қадам басуға тиіспіз.
«Егемен болмай ел болмас, Тәуелсіз болмай жер болмас» демекші, қазіргі таңда Егеменді ел, Тәуелсіз мемлекет болдық.
Тәуелсіз еліміздің рәміздері- мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді.Ұлттық ақша – Теңге айналымға түсті.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол Тәуелсіздіктің белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның көк байрағын,Елтаңбасын,Әнұранын тұмарындай тануы қажет. Елдігіміздің саналатын бір тұсы- осы» деген болатын. Рәміздерді қастерлеу, құрметпен қарау бәріміздің абыройлы міндетіміз.
Тәуелсіздік жолы оңай жол емес. Бұл жолда сан мың адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. 1986жылдың желтоқсанында ұлт намысын қорғап, алаңға жалын жүрек жастар шықты. Сол жастарды нашақор, маскүнем, ұлтшыл деп айып тағып соттады. Дүниені дүр сілкіндірген 1986жылғы желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, елімізге нұр септі. Яғни, мәңгілік егемендікті алып келді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев батылдық пен тапқырлық танытып, елімізді ауыртаплықтан алып шығатын жолды көрсете білді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақсан халқына жыл сайынғы Жолдауы еліміздің болашағы жайында нақты да сенімді жоспарларын жасап, қалай еңбек етіп, табыстарға қалай қол жеткізу керектігін жыл сайын көрсетіп отырды. Жолдауларда елімізді толғандыратын мәселелердің барлығы қамтылған.
Шындығы керек, жыл сайынғы Жолдаулар халықтың келер күнге деген сенімін арттырып, жүректеріне жігер құйды.
Тәуелсіз Қазақстанның әр жеткен жетістігі Президент еңбегімен тікелей байланысты. ЕХРО көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыим, мәдени жетістіктерін көрсетті.
«Бірінші, береке-бірлік, алдымен экономика, соңында-саясат» ұстанған Көшбасшы «Қазақстан-2030 стратегиясының даму бағдарламалырын дала заңына негіздеп «құт қайда барасың, береке-бірлікке барамын» деген қағиданы қатал басшылыққа алды.
Экономикамыз Шығыс елдері деңгейіне дейін көтерілдік. Ендігі мақсат- бәсекелестікке қабілетті 30 елдің қатарына қосылу. «Мәңгілік ел» болу.
Қазақстан татулығы жарасқан әр ұлт өкілдері тұратын тату-тәтті ынтымақты өмір сүрген үлгілі елге айналдық.
Қазақстандық болу-бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын боламыз.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!