Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ұлт болашағы
Айтказина Айгерим Серикпаевна
Педагогикалық жұмыста мақсатқа бағытталған тәрбие ісі әр адамның тәрбиелік қызметі арқылы іске асады.Бала бақша ұжымымен қоштасып,өз мамандығыма сәйкес қызметке орналасу – менің өмірімдегі өзекті оқиға. Осы күнге дейін осы мектепке алғаш келген сәтім көз алдымда.
Білім ордасы 47 орта мектебі ұжымы. Ұжымдағы әр ұстаздың өз ерекшелігімен бір төбе. Мектеп ішінде әр класқа көз салсаң томпиып – томпиып отырған балалардың әрқайсысының бойында көрінбей жатқан таланттар жатуы сөзсіз. Әр бала өзінше жұмбақ,өзінше байлық. Өзімді таныстыра отырып,оқушыларды сөзге тартсам олардың пысық, ақылды екендіктеріне тіпті бойларындағы тентектіктерінде жарасымды екеніне көзім жетті.
Күндер өтіп жатыр,ал мен оқушылардың жұмбақ қырларын көре бастадым.Оларда мені жақын тартып өздерінің қуаныштары мен өкініштерін,ойларымен асығатын болды.Құр жұмыс папкасын толтырып қойғаннан оқушының жағдайы жақсармайтыны аян. Ол мен үшін тек тексерушінің алдындағы қарабайыр қорғаныс құралы. Әр оқушының өз мінезіне,жағдайына қарай бабын таба алмасақ жұмысымызда еш нәтиже болмасы белгілі.
Біздің мектебімізде 1500 дей бала бар. Олардың бойынан бүгінде бір-біріне деген құрмет,сенім,сыйластық қасиеттерін байқаймын. Менің мектебіміздегі ер балалар тек қана білім алып қоймай,спорттың сан алуан түрімен әуестенеді. Соның ішінде қазақша күрес,қол күрес,шахмат,футбол секцияларына қатысып,түрлі жарыстарда жеңіске жетіп жүлдегер атанып жүргендері аз емес.
Өнерлі өңірдің өрендері өнерден де қалыс қалмаған. Бір күмбірлетіп күй тартса ,әуелетіп ән салып,енді бірі пьесаларда түрлі кейіпкерлерді сомдап,»Өнер адамы»атағымен марапатталған.
Алғашқы жылдарымен ой бөліскенді ұнататынмын, өйткені менің басты мақсатым олардың жан дүниесін тереңірек ұғыну болды. Қазірде оқушылардың есейгендері байқалады. Бірі ашушаң,бірі тұйық,бірі ерке.Сан қырлы қиындықтарға қарамастан оқушылармен жұмыс атқаруды тереңдете бастадым. Міне осы жылдары мен ерекше қиналды.Мен олардың әрқайсысымен жеке сөйлесуге тырысып,мұң-мұқтаждарымен бөлісіп,сәті түскенде сырласу сәттерін жүргіздім.»Алтын балық»,»Егерде мен…»,»Шынымды айтсам…»аяқталмаған сөйлем әдістерін қолдандым. Маған ерекше тиімді көрінген әдіс бұл олар мен сырласуда өзімді,өз балалық шағымды мысалға ала отырып әңгімелесу болды.Содан кейін ғана менің жұмбақ жандарым өздеріне «жаңа сырлас» тапты, ал мен өзіме «сенімді шәкірт» таптым.
Бала тәрбиесі мәңгілік мәселе,қиын әрі күрделі үрдіс,тіпті ол тоқтаусыз соғып тұрған жүрегің сияқты. Жас ұрпақты тәрбиелеуде әр педагогтың алдындағы басты міндет – ұлы жауапкершілікті сезіну.Ал оны жүйелі жоспарлау оқушыларды жан-жақты зерттеп тәрбиелеуде жемісті нәтиже береді. Педагогикалық-психологиялық тәрбиенің әр түрлі әдістерімен түрлерін қолданып, рухани адамгершілік қасиеттерді бала бойына дарыта білсек – еңбегіміздің зая кетпегені. Әр педагог мойнындағы жауапкершілікті сезінеді. Әр шәкіртпен жеке әңгімелескенде ,пікірталас кезінде де сөздерін салмақтап сөйлеуге,әр нәрсені парасатпен талдауға үйренеді.
«Баланы бақырып үйретпе,ақырын үйрет»деген қапысыз тәлімгерге халқымыз осылай талап қойыпты.Байбалам салмай, бабын тауып сөйлескенде ғана еңбегіміз жемісін табар.