Дене шынықтыру
Бұқарбаева Нұргүл Қазенқызы
Мақсаты:Балалардың дене шынықтыруға деген ынтасын қалыптастыру. Жүгіру, секіру түрлерін түсіндіру.
Көрнекіліктері: Доптар,кегли,скакалька
Сергіту сәті:
Кел балалар, күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік .
Балалар енді бүгінгі сабағымызды бастаймыз.Бүгінгі сабағымызды эстафета түрінде өткіземіз. Ол үшін сапқа тұрып 1-ші, 2-шіге саналамыз. Енді 1-ші деп саналғандар 2 қадам алға шығамыз. Енді бөлінсек балалар денемізді қыздырып алайық.Қане маған кім көмектеседі жаттығу жасауға.
-Ортаға оқушы шығып балаларға жаттығу жасатады.
-Жарайсың орныңа тұра ғой.
Енді осы 2 саппен тұрып екі командаға бөлініп тұрамыз.
1-ші команда «Тұлпар»
2-ші команда «Қыран»
Енді 1-ші турымыз балалар қолымызды жоғары көтеремізде 1-ші адамнан соңғы адамға жеткізу.
2-ші турымыз кедергілердің арасымен жылдам жүгіру.
3-ші турымыз доптың үстіне отырып секіріп кедергіден айналып өту.
4-ші турымыз доппен кеглейді құлату.
5-ші турымыз шелекке допты салу.
-Жарайсыңдар балалар ойынымызды жақсы аяқтадық. Жеңіске жеткен команда «Қыран» тобы.
-Балалар ойынымыз ұнадыма?
-Ия
-Ендеше балалар аяғымыз шаршаса мына жатқан кірпі, аю массаждың үстінен өтейік, және терең демалып орнымызға тұрайық.