Жас ұрпақ тәрбиесі

А.С.Дуйсекенова

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс,  оқшау тұрған құбылыс емес. Ол қоғамның, заманның бағыт-бағдарымен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез келген бүлдіршін үшін балабақша тәрбиесі ата-анасынан берілген тәлім-тәрбиені одан әрі қарай жалғап, жандандыратыны сөзсіз. Атақты чех ғалымы Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактикасында» балаларды басқаның ақылы арқылы ойлауға үйрететін жаттанды оқытуға қарсы «әр баланың бойында білім отын жағатын» танымдық әрекетті дамыту нұсқаулары беріледі. Ұлттық тәрбиенің негізі балаға ананың сүтімен, ана тілімен, бесік жырының әлдиімен беріледі. Тәлімгерліктің бұлақ көзі де, тәрбиенің барып құяр арнасы да мектепке дейінгі мекеме, балабақшалар екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі – ойын әрекеті. Бала мен балалар ұжымының дамуында мектеп жасына дейінгі іс-әрекетінің негізгі түрі ойын – орасан зор роль атқарады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін дамытады. Бала ойыны кезінде де қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, бала еш уақытта өзі ғана емес, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі – баланың дамуы үшін маңызды фактор екендігі түсінікті. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А.С.Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асырылады. Ойын – балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі.

Ойын мен ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ойынның негізгі ерекшелігі – ол балалардың қоршаған өмірді – адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үрдісі қалыптасады. Ұлттық ойындар біздің  көз алдымызға тап осы суреттерді елестетеді. Өйткені, бір кезде ол бар өнердің басы, олардың нәр алатын бастауы болатыны анық. Шынында да, көне мәдениет пен әдеби туындылар алдымен сол халық жиналған думанды сауықта,  ойын той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған. Бүгінгі және болашақ ұрпақ ұлттық ойындардың өзі адам еңбегінің жемісі. Ұлттық ойындар сол халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына байланысты туып, оның тұрмыс жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер етеді. Олай дейтініміз осы ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып, арнайы материалдық әзірліксіз ойнала беретіндігіне ғана емес, сонымен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланыстылығында екендігіне көзіміз жетеді. Сондықтан, жаңа стандарт негізінде баланың танымын қалыптастыру бағытында педагогтардың өз білімі мен кәсіби деңгейін жетілдіру – кезек күттірмес мәселе.

 

 Қол күрес

Арқан тарту

 

Қыз қуу

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *