Азаматтық қорғаныс
Сулеев Жумабай Какимович
Сабақ тақырыбы: Азаматтық қорғаныс. « Адам өмірінің қауіпсіздігі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты— Жеке қорғаныс құралдарын білу, оларды пайдалануды үйрету.
Дамытушылық мақсаты— Оқушылардың өз беттерімен берілген тапсырманы тақырып бойынша ұйымдастыру.
Тәрбиелік мақсаты— Төтенше жағдай кезінде өзін-өзі қорғай білу. Қасындағы зардап шеккен адамдарға көмектесу.
Сабақ уақыты: 40 мин
Өткізетін орны: 42 кабинет.
Сабақ көрнекілігі: АКТ, постер
І.Ұйымдастыру бөлімі:
1.Оқушыларды сапқа тұрғызып, взвод командирінің баяндамасын қабылдау.
2.Сабақтың тақырыбымен өткізу шарттарымен таныстыру.
ІІ. Сабақтың барысы:
І. Ой қозғау
Балалар бүгін біз «Азаматтық қорғаныс» деген қандай ұғым беретіні туралы оқып білеміз. Қауіпсіздік жағдайлары және оның ішінде су тасқыны жер сілкінісі, өрт, дауыл соққан кезіндегі алдын алу шаралары.
1 наурыз күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс» күні атап өтіледі.
Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б.
Қазақстан Республикасындаазаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіпбасшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.
Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану шаралар жүйесінің құрамдас бөлігі. Ол дұшпанның түрлі қаруларының, техногендік және табиғи апаттың негізгі факторларының халыққа әсерін әлсірету үшін құралған.
АҚ-тың негізгі міндеттері:
1). Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының тұтқиылдығы мен қауіпті факторлардың әсерін болдырмау.
2). Бастырмалатқан соққылардың нәтижелігін бәсеңдету мен қауіпті факторлардың әсерін әлсірету.
3). Жою құралдарының әсері мен қауіпті факторлардың зардаптарын анықтау.
4). Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының зардаптары мен қауіпті факторлардың әсерін жою.
Сұрақтар:
- Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?
Жауап: АҚ- елдің қалың, шаруашылық обьектілері мен аумағын ядролы химиялық бактериялық қарудың әсерінен, сондай-ақ төтенше апат жағдайларынан қорғау мақсатында бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралар.
- Қазіргі замандағы жаппай жою құралдарын ата?
Жауап: Жаппай жою құралдарына ядролық, химиялық және бактериялық (биологиялық) құралдар жатады.
- Химиялық қару дегеніміз не?
Жауап: Химиялық қарудың негізін улағыш заттар құрайды.
АҚ жүйесіне – шаруашылық объектілер, зауыттар, мекемелер, оқу орындары кіреді. Шаруашылық объектілерінің АҚ басшысы кәсіпорынның, мекеменің немесе оқу орнының директоры болып табылады, ол өзінің бұйрығымен АҚ штабын тағайындайды. АҚ штабының бастығы болып оқу бөлімінің меңгерушісі тағайындалады, ол штабқа жүктелген міндеттердің орындалуына толық жауапты.
Оқу орындарында келесі қызметтер ұйымдастырылады:
- құтқару командалары;
- өрт сөндіру командалары;
- қоғамдық тәртіп сақтау командалары;
- санитарлар жасақтары.
Құрылымдардың командирлері болып оқытушылар тағайындалады.
Оқу орындарындағы АҚ-тың негізгі құрамалары құтқару командалары болып табылады. Олар зардап шеккендерді іздестіру үшін, оларды үйінділер астынан және зақымдану ошағынан алып шығуға; үйінділерді тазалауға; құлап жатқан қорғаныш құрылыстарын ашуға; зақымданушыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету мен оларды емдеу мекемелеріне тасымалдау үшін тағайындалады.
Қорытындылау: Балалар салған суреттерін түсіндіру.Балалар сендерге бүгінгі сынып сағаты ұнады ма?
Қандай ақпараттар алдық?
-Балалар сендер азаматтық қорғаныстың не екенін өздерің түсіндіре отырып көрсетіп бердіңдер. Абайсызда осындай жағдайларға кезігіп жатсаңдар осы тәжірбиемізді өмірде қолданамыз.