Азық-түліктердегі  органикалық заттар: нәруыздар, майлар және  көмірсулар

 

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 

  Жасушалық  биология, су және биологиялық заттар.

 

Тексерілді:

Мектеп: : «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні: 18.10.18ж Мұғалімнің аты-жөні: Мүдетбек А.Б.
Сынып: 7 А,Б,В Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Азық-түліктердегі  органикалық заттар: нәруыздар, майлар және  көмірсулар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.4.1.3-  азық – түліктерде  нәруыздар, майлар және  көмірсулардың

бар екендігін дәлелдеу

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: Азық-түліктердің құрамында органикалық заттар                                    бар екендігін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:  Көмірсу, нәруыз, майлардың   ерекшеліктерін  салыстырады.

Кейбір оқушылар:  Азық-түліктердің құрамында органикалық  заттардың  бар екендігін дәлелдейді.

Бағалау критерийі Азық – түліктердің құрамында органикалық заттар бар екендігін біледі.  Көмірсулар, майлар, нәруыздар ерекшеліктерін салыстырады.

Тәжірибе арқылы тағам құрамындағы органикалық заттарды анықтайды.

Тағам құрамындағы органикалық заттардың пайыздық мөлшерін есептейді.

Тілдік

мақсаттар

 

Оқушылар:

Тағамның құрамын анықтау үшін  топпен жұмыс істейді (айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары) дамытады.

Пән бойынша сөздер мен терминдер:

·         Көмірсулар.Нәруыздар.Крахмал.Антиденелер.Гормондар

·         Сөз тіркестері: алмастырылатын нәруыздар, алмастырылмайтын нәруыздар, көмірсулар – энергия көзі, май – май қышқылы және глицерин

Құндылықтарға

баулу

 

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылығы негізінде ғылымды ықпалдастырып, ғылыми ойлау қабілетін дамыту.
Пәнаралық байланыс Химия пәнімен байланыстылығы – органикалық заттар.

Анатомия – ағзадағы зат алмасу.

Алдыңғы білім

 

Тірі ағзалардағы макро және микроэлементтер
Сабақбарысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

 

 

1.Психологиялық ахуал тудыру:

Амандасу арқылы бір-біріне сәттілік тілеу

 

2.Топқа бөлу:

Оқушыларды топқа бөлу үшін оқушы санына қарай бірнеше үш түрлі суреттерді дайындаймын.

Күнбағыс         Бидай                       Картоп

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

      І. Білу

 

 

Үй тапсырмасы.Топтық жұмыс

«Мен саған, сен маған» әдісі. Үйге берілген тапсырма бойынша  топ оқушылары қарсы топтағы оқушыларға сұрақ дайындайды.

Тақырып: Тірі ағзалардағы макро және микроэлементтер

Бағалау критерийлері Дескриптор
Микро және макро элементтердің тіршілік үшін маңызын білу.

 

Тірі ағза құрамының 90 пайызы   микро және макро элементтерден тұратындығын фактілер арқылы дәлелдеді.

Кері байланыс. «Бағдаршам»

Оқушылар өз-өздерін бағалайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы 

 

ІІ.Түсіну

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

Топтық жұмыстар

Бейнероликті көрсету «Азықтық тағамдар»

– Сіз бейнеролик арқылы не байқадыңыз?

– Қандай ой түйдіңіздер?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың  тақырыбын анықтайды. Жұппенен  өз ойларын бөліседі.

Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы, оқу мақсаттарын анықтауға жетелеймін.

Мәтін.Мәтінмен таныса отырып, талдау

Топ оқушылары төмендегі сұрақтарға жауаптар табуға талпынады.

І топ ІІ топ ІІІ топ
Нәруыздар қалай жіктеледі,  адам ағзасындағы маңызы қандай ?

 

Адам ағзасы үшін көмірсулардың маңызы қандай? Адам өзіне қажетті энергияны қайдан алады?

 

Бағалау критерийлері Дескриптор
Ағза құрамындағы қоректік заттың көзі органикалық заттарды біледі.

 

-Бейне ролик арқылы сабақ тақырыбын ашады;

-Мәтінді бір-біріне әңгімеледі;

Органикалық заттарды тағамның негізі екенін білді.

Кері байланыс.«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды топтар бір-бірін

 

 

 

электронды оқулық

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қолдану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV.Жинақтау

«Бірлескен жұмыс» әдісі

Зертханалық жұмы

Тұқымның құрамындағы органикалық заттарды анықтау.

Жұмыстың орындалу алгоритімі

1.Өсімдік дәндерін келіде ұнақтаңдар. Картоп , ет, қолда бар басқа өнімдерді майдалаңдар.Оларды және сұйық өнімдерді жеке-жеке сынауықтарға салыңдар.

2.Сынауыққа йодтың ертіндісі крахмал көмірсуымен әрекеттескенде көкшіл түс пайда болады. Йод ертіндісін әртүрлі өнімдері бар сынауыққа құйыңдар.Қандай өнімде крахмал бар екенін түрлі қорытынды жасаңдар.

3.Сутек асқын тотығы белгілі бір нәруызбен әрекеттескенде 1-2 минут көпіршік түзіледі. Сутек асқын тотығы әртүрлі өнімдері бар сынауыққа құйыңдар. Қандай сынауыққа сутек асқын тотығымен әрекеттескенде нәруыздар бар екені туралы қорытынды жасаңдар.

4.Нәруыз болса, сынауыққа шайқағанда, су ертіндісінде көбік түзіледі.Әртүрлі өнімдері бар сынауыққа құйып шайқаңдар.Қандай өнімде май бар екені туралы қорытынды жасаңдар.

5.Сүзгі қағазын ортасынан бүктеңдер.Оның ішінде зерттелетін өнімін салып, келсаппен езіңдер.Сүзгі қағазда май дақтары байқала ма?

6Қандай өнімде май бар екені туралы қорытынды жасаңдар.

7.Қандай тамақ өнімдерінде органикалық заттар бар екені туралы қорытынды жасаңдар.

 

Жұмыс қорытындысын таблицаға толтырыңыз.

 

Не алдыңыз? Не жасадыңыз? Не байқалды? Қорытынды

 

Бағалау критерийлері Дескриптор
Тағам құрамындағы органикалық заттарды анықтау

 

1.Нұсқаулықпен жұмыс жасайды.

2.Қауіпсіздік ережесін сақтайды.

3.Зерттеу арқылы  тағам құрамы көмірсулар, майлар, нәруыздардан тұратындығын дәлелдейді.

4.Органикалық заттарды анықтауға жүргізілетін сапалық реакция нәтижесін сипаттайды.

Кері байланыс. «Бір медаль,бір миссия». Жұптар бірін-бірі бағалайды.

 

 

Ресурстар: су, йод ертіндісі, сутек асқын тотығы, сүзгі қағаз, колба, тамақ өнімдері(картоп, сүзбе, нан, күнбағыс дәні)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ой қорыту» сатысыЖеке  жұмыс

Есептер шығару «Сүттің құрамы»

Сүт қорапшасының сыртында сүттің құрамында 2,5% нәруыз, 3,2% май және 4,7% көмірсу бар деп көрсетілген. 200 грамм сүтте әрбір заттардың өлшемі қанша?

200 г – 100%

Майлар – ? – 3,2%

Нәруыздар – ? – 2,5%

Көмірсулар – ? – 4,7%

Бағалау критерийлері Дескриптор
Тағам құрамындағы органикалық заттар- дың  пайыздық мөлшерін есептейді.

 

1.Есептің шартын құрады.

2.Есептің  шешімін табады.

3.Органикалық заттардың пайыздық мөлшерін табады

 

 

Кері байланыс. «Үш шапалақ» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

V.Бағалау.

 

 

«Ой қорыту

 

Топ таңдауларының суреттері бойынша  қорытынды жасау

Кері байланыс «Бас бармақ»

 

   Рефлексия

 

Миыңның суретін сал

Оқушылар мидың суретін дәптерге салады да, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.

«БББ» кестесі:

-нені білдім, нені үйрендім

-нені толық түсінбедім

-немен жұмысты жалғастыру қажет.

   «БББ» кестесі
Саралап оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін

не істейсіз?

 

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

 

Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

ережелері.

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтардағы байланыс

 

Тапсырмаларды оқушылардың қажеттілігін өтеу үшін, оқу мақсатына қарай  сараладым.Тапсырма берген кезде оқу мен танымдық деңгейлерін ескеремін.Терминдерді дұрыс қолдана білулеріне, академиялық тілде сөйлеулеріне жағдай жасаймын. Академия -лық тіл пән мазмұнын меңгеру, ойлау және осы пәнде қолданылатын ұғымдар мен жұмыс істеу қабілетін жақсаруға арналған басты құрал болып табылады. Тілдік мақсаттар оқушылардың оқуға деген уәжін арттырып, оларды бағымдауға және қолдауға көмектеседі.

«Мен саған, сен маған» әдісі оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап беріп, жылдам- дыққа, пікірін жинақтауға үйренеді.

Бейнефильм көрсете отырып тапсырма сауалдары қарапайымнан күрделіге қарай бағытталады. Дереккөздер бойынша кейбір оқушылар берілген сауалдарға толық және нақты жауап беруде өздерінің күрделі дереккөздерді пайдалануда жаңа технологиялық ресурстар оқушылардың сын тұрғысы -нан ойлау, проблемаларды шешу дағдылар -ын дамытуға, мәтінмен жұмыс кезінде тыңдалым дағдыларын жетілдірдім.  Оқушылардың қарқындылынғын анықтау кезінде кейбір оқушыларға топ лидерлерінің көмегі қажет екендігін байқадым. Барлық оқушылардың қатысып отырғандығына көз жеткізу үшін сұрақ қою тәсісі сабақтың бағытына және қарқынына сәйкес келетін жолдармен жүзеге асырылуы тиіс. Мақсатқа бағдарланған ашық және жабық сұрақтарды қолдана отырып, қабілеті жағынан әртүрлі оқушылардың пікірталасқа қатысып отырғанына көз жеткізуге болады. Заманауи компьютерлік бағдарламалар зертханалық жұмыстарды модельдеуге мүмкіндік береді. «Бірлескен жұмыс» әдісі арқылы зертханалықжұмысы орындату оқушылардың танымдық қызметін жандандырып, биологиялық білімді тәжірибеде қолдану түсінігін қалыптастырамын.

Қалыптастырушы бағалау мұғалімге де, оқушыға да маңызды. Мұғалімге сынып оқушыларының білімін қадағалауға, оқушыларға өз оқу жетістіктерін өздері бақылап, одан әрі өздерінің даму бағыттарын анықтау -ға мүмкіндік береді. Осылайша бағалау ынта- ландырушы, қалыптас -тырушы және уәждемелік қызмет атқарады.

Жұмыстың нәтижесін талдай келе, тапсырмалар -дың нақты, тез, дұрыс орындалуына үлес қосқан оқушылар толық орындай алмаған оқушыларға келесі сабақта білім деңгейін көтеруге осы оқушылардың көмегін пайдаланамын. Оқушылардың жұмысында кеткен кемшіліктерді жоюға арналған тапсырма -лардан бастаймын.

 

Оқуды жақсарту үшін ақпаратты коммуникациялық технологияларды сабақтың бастапқы бөлігінде,яғни тақырыпты ашуда пайдаландым.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *