Сілтемелер

Ұзaқ мерзімді жоспaр бөлімі: Мәтіндік құжаттардағы сілтемелерді ұйымдастыру
Мектеп: «Қадыр Кәрімов» атындағы орта мектебі
Күні: 19.04.2019 ж
Мұғaлім: Молдагулова Марал Абаевна
Сынып: 6 Қaтысқaндaр сaны: 0 Қaтыспaғaндaр сaны: 0
Сaбaқ тaқырыбы Сілтемелер
Осы сaбaқтa қол
жеткізілетін оқу мaқсaттaры
(оқу бaғдaрлaмaсынa
сілтеме) 6.2.2.1- сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме)

Сaбaқ мaқсaттaры – мазмұн, атаулар, түсіндірмеге анықтама бере алады
-сілтеме мен оның топтарын сипаттап, атқаратын қызметтерін ажырата алады.
– гиперсілтемелер ұйымдастыра алады

Бaғaлaу критерийлері – мазмұн, атаулар, түсіндірмеге анықтама бере алады
-сілтеме мен оның топтарын сипаттап, атқаратын қызметтерін ажырата біледі.
– мәтінге гиперсілтемелер ұйымдастыра алады

Тілдік мaқсaттaр Пәнге қатысты лексика мен терминалогия: Сілтеме-Ссылка- Link7Түсіндірмелер-Сноски- Footnote
Құндылықтaрғa бaулу Қоғамдағы бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Пәнaрaлық бaйлaныстaр қазақ әдебиеті
Aлдыңғы білім Ақпарат және өңдеу
Сaбaқ бaрысы
Сaбaқтың жоспaрлaнғaн кезеңдері Сaбaқтaғы жоспaрлaнғaн жaттығу түрлері
Ресурстaр
Сaбaқтың бaсы

8 мин
Амандасу: Барлығымен амандасып, оқушылардың бар-жоқтығын тексеріу.
Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды ортаға шақырып, оларға тоқыма жіп беріп «Жұлдызша» тренингін қолданып жылылық сөздерін айту арқылы (мысалы: зейінің ашылсын!т.б) психологиялық жағымды орта қалыптастыру. Балаларға ой тастау, жаңа тақырып туралы міңез білдіру.
Үй тапсырмасын сұрау: жасалған жобаны яғни құралған «Жұлдызша»-ны жинақтау үшін өткен
тақырыпты қайталап, оқушыларға сұрақтар қою арқылы өрмекті(тоқыма жіпті) жинап алу.
1 сұрақ- Ақпарат дегеніміз не?
2 сұрақ- Ақпаратты қалай өңдейміз?
3 сұрақ- Ақпараттың көлемі деген не?
4 сұрақ- Жылдамдық дегеніміз не?
Бағалау: Берілген жауаптарға байланысты оқушыларға мақтау сөздерін айту арқылы бағалау.Мысалы: өте керемет жауап бердің!
Жаңа сабақ:
Жаңа сабақты презентацияларға сүйене отырып, оқушыларға сілтемелерді түсіндіру.

Топқа біріктіру: сөздер арқылы топқа бөлу.Оқушылар 1.2.3 ке саналып топқа бөлінеді
1- Топ «Сілтемелер»
2- Топ «Атаулар»
3- Топ «гиперсілтемелер»

Тоқыма жіп

Эл.тақта, видеороектор, презентация
Сaбaқтың ортaсы

22 мин

Сергіту сәті
3 мин

Жеке ж. Тапсырма 1
«Мәнді құрама» әдісі бойынша оқушылар өз орындарында жеке-жеке жұмыс жасайды.
Мазмұндар, атаулар, түсіндірмелерге MS Word мәтіндік редакторында шығарма жаз.
Бағалау:
Смайликтермен бағаланады.
Дескриптор:
Мазмұн, атаулар, түсіндірмеге MS Word мәтіндік редакторында шығарма жазады.

Оқушылар орындарында тұрып көзге, иыққа,қолдарына арналған жаттығулар жасап серігіп алады.

Тапсырма 2;
«Түрлі-түсті гулдер» әдісі арқылы оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Оқушыларға бір түстегі гүлдердің бірнеше данасы беріледі.Осылардың ішінен бір түрлі гүлдер бірігіп жұп болып жұмыс жасайды.

Жұппен ж.
Суреттен атауларын анықтап, олардың қызметтерін ауызша атандар.

Әр жұпқа түрлі-түсті (сары-әлі де дайындал, жасыл-ойын түсінікті, қызыл-керемет)гүл шоктарын беру арқылы бағалау.
Дескриптор:
Суретке қарап атауларын ажыратады, қызметтерін атайды.

Тапсырма 3;
Топпен жұмыс
« Кім жылдам» әдісі Оқушылар берілген тапсырмаларды дұрыс және тез орындауға талпыну.
Тапсырма оқушыларға: Мәтіндік редактордға тексті теріп,гиперсілтеме жаса
Текст
Еліміздің халық әртісі, әнші, жеке тұлға Мақпал Жүнісова апаларын туралы ақпарат жаз
Толығырақ
Дескриптор:
Интернет желісінен берілген тұлға, әнші туралы өмірбаяның табады.
Мәтінің қасына гиперсілтемесін жасайды.
Қалыптастырушы бағалау:
Оқушылар тапсырманың орындалуына байланысты жылдам аяқтаған оқушыларды топ басшылары бағалайды.

Компьютер, ноутбук, кітап

Кітап, интернет желісі.

Сaбaқтың соңы

4 мин

3 мин Үйге тапсырма: Кез келген тақырыпта сілтеме құрастыр
Сабақты қортындылау:
Оқушыларға қағазға басып шығарылғын сұрақтардан құрылған тапсырмалар беру арқылы сабақты қортындылаймын.
Кері байланыс:
«Көңіл күй» әдісі арқылы оқушылардың ойларын білу. Әр оқушының алдында үш түсте берілген стикерлер тұрады. Солардан өзінің түсінігін сол түс арқылы жеткізіп, өткен сабақтан алған әсері туралы жазады.Тақтада турган екі түрлі смайликке оларды жабыстырады.

Үлестірмелі қағаздар

Сaрaлaу – оқушылaрғa қaлaй көбірек қолдaу көрсетуді жоспaрлaйсыз? Қaбілеті жоғaры оқушылaрғa қaндaй міндет қоюды жоспaрлaп отырсыз? Бaғaлaу – оқушылaрдың мaтериaлды меңгеру деңгейін қaлaй тексеруді жоспaрлaйсыз?
Денсaулық және қaуіпсіздік техникaсының сaқтaлуы

Саралау :Алдынғы сабақта өткен тақырыптарды еске түсіруге оқушыларға бағыт беремін.Тапсырмалар топтық ,жұптық болғандықтан қабілеті жоғары оқушыларға бар топтың тапсырмасын күрделі етіп беруге тырысамын.Қарқыны төмен оқушылардың жұмыстарын тексеріп, мадақтау не ұсыныстар айтылады.Барлық кемшіліктерімді келесі жолы қарастыруға тырысамын

«Жұлдызша» әдісі
«Мәнді құрама» әдісі
«Түрлі-түсті гүлдер» әдісі
«Кім жылдам» әдісі
«Көңіл-күй» әдісі Информатика сыныбы қауіпті заттарға толы болғандықтан оқушылар сыныпта техника қауіпсіздігін қатан қадағалайды.
Сыныптын тазалығын сақтайды.
Кезекші оқушы мұғалімге қол ұшын созып отырады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *