К к дыбысы мен әрпі
Білім беру саласы: коммуникация Бөлімі: Сауат ашу Сабақтың тақырыбы: К к дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Білімділік: К дыбысы және әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстар бойынша білімдерін анықтау. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. К дыбысының артикуляциясын нақтылау. Дамытушылық: Дыбыстарды талдауға, сөздерді буынға бөле алу білігіне дағдыландыру. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырып, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, әдептілікке, достыққа, адамгершілікке, балалардың бір-бірімен жылы қарым-қатынастыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелесу, ойын, талдау. Сабақтың көрнекілігі: әліппе-дәптер, суреттер, әріптер, конверттер, тапсырмалар. Сабақтың барысы:
Жылы лебіз білдіру. Ата-анамыз аман болсын! Бейбітшілік заман болсын! Деніміз сау болсын! Аспанымыз ашық болсын! Еліміз тыныш болсын! Достығымыз мықты болсын! Әрқашан күніміз сөнбесін! -Тілектер қабыл болсын! Бүгінгі күндеріңе және бүгінгі сабақтарыңа сәттілік тілеймін.
2.Өткен сабақты еске түсіру.
Балалар бізге сауат ашу сабағында әріптер әлемі әрбір сабақ сайын жаңа әріпті сыйға тартады. Ал, бүгін мынадай хат жіберіпті. Хатта жаңа әріпті сыйға тартпастан бұрын мынадай тапсырмаларды орындаңдар депті. Балалар тапсырманы орындай аласыңдар ма?
Олай болса, Сұрақтар тізбегі
- Сөйлем неден турады? 2. Сөз неден турады? 3.Дыбыс дегеніміз не?
4.Әріп дегеніміз не? 5. Дыбыстар нешеге бөлінеді? 6. Дауысты дыбыстардан дауыссыз дыбыстарды қалай ажыратамыз?
Жаңа сабақ.
Балалар біз бүгін сабақта әріптермен танысуды жалғастыра отырып, өз қабілетімізді ортаға салайық.
Кенжебек пен Кендебайда күшік бар. Олар күшікпен ойнағысы келді. Олар оны кә-кә деп шақырады. Күшік қаша жөнеледі. Кенжебек пен Кендебай күшікті ұстап алмақшы болып , оны қуады.Олар күшікті ұстағанша біз мына сөздерге назар аударайық. Кенжебек, күшік, кә сөздерін айтып көрелік. Бірінші қандай дыбыс естіледі?
Жарайсыңдар балалар! Мен әріптер әлемінен сыйлыққа келген әріпті ашамын..Бұл К ӘРПІ ЕКЕН.
К дыбысынан басталатын сөздерді ойлап көрелік. Көбелек, кірпі, күн, кесе, күшік, көйлек. К дыбысынан басталатын адамның аттарын ойлау Кенжебек, Күлпаш, Кенжегүл, Күміс
К дыбысы дауыссыз дыбыс.Ол дауысты дыбыс сияқты созылып айтылуға келмейді.Ауыздан кедергіге ұшырап шығады. К дыбысы сөздің басында ,ортасында, аяғында келе береді. Жарайсыңдар балалар. Олай болса мен К к әрпін тақтаға жазамын.
Тақтаға жазып, үлгісін көрсету. К әрпі
К -бас әрпі, к-кіші әрпі. __________________________________________
____________________________________________
____________________________________________
______________________________________________
К әрпін алдымен ауада жазайық.
Дыбыстық талдау жасау сурет бойынша (күшік, бүркіт)
Дәптердегі буындарды сөздерді оқимыз. хормен қайталайды.
1-2 бала оқиды.
Дәптермен жұмыс. К әрпін жазу. Үш бөліктен тұрады. Тақтамен жұмыс. Әр қатардан бір-бір оқушы шығып, тақтамен жұмыс жүргізіледі.
Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Көңілдерді көтеріп Күн секілді ашылып Көбелек болып ұшайық Керуен болып біз жүріп Кеме болып жүзейік Көйлек киіп әдемі Керемет би билейік
ойын: “кесе”
Балалар кесе деген не? Күләш әдемі етіп кесенің суретін салыпты.Ол суретті Күләштің кішкентай інісі жыртып тастапты.Сол кесенің суретін біз құрап жапсырып берейік.КЕЛІСЕСІҢДЕР МЕ? -ал кесені құрау үшін әр кесенің жыртылған бөліктерінде тапсырмалар бар екен.
Тақтага бөліктерін құрастыруға шыгады.артында тапсырмалары бар.балалар орындайды.
1—кесе сөзін буынға бөл,неше дыбыс,неше әріп бар. К әрпі қай жерде келіп тұр? 2-кесе—кесе сөзіне сөйлем құра.Сызбасын тақтаға жаз. 3-кесе–кесе сөзін тақтаға жаз. 4-кесе–кесе сөзін кеспе әріптерден жаз.
дауысты ма, дауыссыз ба? ойыны.Шарты: тақтаға әріптердің үлгісі ілінеді.көрсетілген әріптің дауысты дауыссыз екенін ажыратып айту.
а о б т н п е е ғ р а л ш о д қ е
Сөзжұмбақ шешу.
к | к | ||||
к | |||||
к | к | ||||
к | к |
Тіл ұстарту жаттығуы
кекілік-ау, кекілік, кетіп қалма секіріп.
Қорытынды.
Ойын: «Сиқырлы сандықша»
Балалар алдарыңда тұрған «Сандықша». Бұл сандықшаны әріптер әлемінен жіберді.Егер осы сандықшаның ішіндегі тапсырманы орындасаңдар сандықшаның түбіндегі сыйлыққа ие боласыңдар. Сандықшаның ішіндегі көбелектің, күннің, кемпірқосақтың суреттері бар. Егер дұрыс жауап берсеңдер, сыйлықты аласыңдар.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718